Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2017
Мақтарал ауданында 1439 отбасы «Өрлеу» жобасының тиімділігін көріп отыр
Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» бағдарламасын іске асыру жұмыстары қарқын алды. Бір ғана Мақтарал ауданында биыл аталған жоба аясында республикалық бюджеттен 963 миллион теңге, жергілікті бюджеттен 600 миллион теңге қаржы бөлінген. Нәтижесінде 1439 отбасы, яғни 15493 адам өз кәсіптерін ашып, тірлігін дөңгелетіп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникация орталығы ұйымдастырған пресс тур барысында Мақтарал ауданының әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков мәлім етті.
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
Әбдіқалықова әлеуметтік сала еңбеккерлерінің форумына қатысты
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның әлеуметтік сала еңбеккерлерінің форумына қатысты. Форумның мақсаты – халықты әлеуметтік қорғау саласында жинақталған тәжірибені талдап қорыту, негізгі бағдарларды анықтау, әлеуметтік сала еңбеккерлерінің рөлі мен олардың еңбегін қайта сараптау.
Кәсіпқой бокс • 22 Қыркүйек, 2017
Головкин тағы бір басылымның рейтингінде бірінші орынға көтерілді
World Boxing News басылымы салмақ дәрежелеріне қарамастан (P4P) үздік боксшылардың тізімін жариялады. Бұл рейтингіде WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) бірінші орынға жайғасты.
Кәсіпқой бокс • 22 Қыркүйек, 2017
Головкин Р4Р рейтингінде көш бастады
ESPN телеарнасының сайты салмақ дәрежелеріне қарамастан әлемнің үздік боксшыларының тізімін жариялады. Бұл тізімде орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO белбеулерінің иесі Геннадий Головкин көш бастады.
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
Әліпбиді өзгерту – жан-жақты дамуға түрткі болмақ
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтында аталмыш институт басшылығы Қазақстан халқы Ассамблеясымен және Алматы қаласы бойынша ғылыми-сараптама тобымен бірлесе отырып, латын әліпбиіне көшу мәселесін талқылаудың кеңейтілген мәжілісін өткізді.
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2017
БҚО-да Сырым Датұлының 275 жылдығы аталып өтуде
Орал қаласында ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен әрі батыр Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға еліміздің әр шетінен белгілі ғалымдар, жазушылар арнайы келді.
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2017
Павлодарда 51 тұрғын үй ыстық сусыз отыр
Бұған себеп: «Жылу желілері» ЖШС-ның хабарлауынша облыс орталығын жылумен қамтамасыз ететін жүйелердің жөндеу жұмыстарына байланысты.
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
Елордалықтарға жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 45 млн теңгеге айыппұл салынған
Жыл басынан бері Астана қаласының ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясының инспекторлары тарапынан ҚРӘҚтК 505 бабын бұзғаны үшін 3877 заңды және жеке тұлғалар жауапқа тартылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2017
Бесқарағайда белгілі айтыскер ақын Нұрлыбек Баймұратовтың 130 жылдығына орай ақындар айтысы басталды.
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
Алматы туристер қаласына айналады
Алматының әсем табиғаты мен көрікті жерлері кез-келген елден келген туристерді өзіне баурап алуға қауқарлы. Ол үшін Алматы туризмінің тынысын ашып, арнасын кеңейту қажет.