Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2017

Елорданың ахуал орталығы тұрақты түрде жұмыс істеуі мүмкін

Қазіргі уақытта Астана қаласының басшылығы ахуал орталығының тұрақты жұмыс істеу мәселесін қарастыруда.

Парламент • 19 Қыркүйек, 2017

Сенаторлар Жаяу әскерлер институтында және Шекара қызметінің академиясында болды

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары еліміздің Қорғаныс министрлігі Жаяу әскерлер әскери институтында, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің академиясында болып, курсанттармен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті. Сенаторлар курсанттардың жауынгерлік және жедел даярлығының жоғары деңгейін атап өтті. 

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2017

Атырау облысының жұртшылығы латын қарпіне көшуді қолдайды

Бүгін, 19 қыркүйекте Атырауда облыс əкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен  "Латынға көшу:болашақ таңдауы" атты облыс активінің жиналысы өтті. Жиында латын əліпбиіне көшу мəселесі айтылды,-деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Президент • 19 Қыркүйек, 2017

Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенттігіне кандидат Өмірбек Бабановпен кездесті

Қазақстан Президенті Қырғыз Республикасының Президенттігіне кандидат Өмірбек Бабановпен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Медицина • 19 Қыркүйек, 2017

Минералды судың маңызы

Бүгінгі таңда Қазақстандағы өмір сүру ұзақтығы 70,5 жасты құрап, әлем бойынша 152-орында тұр. Сонымен қатар «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында 2019 жылға қарай бұл көрсеткішті 73 жасқа жеткізу көзделген.  Медицина мамандарының айтуынша, сапалы ауыз су өмірді 5-6 жылға ұзарта алады. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күніне әр адамға кемінде 450-700 мл табиғи минералды су ішуді ұсынады. «Ағзаға қажетті микро-макроэлементтер тамақтан гөрі сумен денеге толық тарап, жақсы сіңеді», дейді олар.

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2017

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Павлодарда насихаттау жұмыстарын жүргізді

Өткен аптада, яғни 14-15 қыркүйек күндері Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанынан құрылған Дін істері жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобы Павлодар облысында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізді. 

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2017

Сенаторлар Атырау облысында болды

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Асқар Бейсенбаев бастаған комитет депутаттары 2017 жылғы 18-19 қыркүйекте Атырау облысында көшпелі отырыс өткізді.

Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2017

Биыл Қазақстанда ІЖӨ өсімі 3% жуық болады

Данияр Ақышев сыртқы нарықтардағы жағдай, ІЖӨ және инфляция деңгейі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметі.

Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2017

Апта соңына дейін елорданың барлық мектептері оқулықтармен қамтамасыз етіледі

Қазіргі уақытта 84 мектеп оқулықтармен 80%-ға қамтамасыз етілді, деп Білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова Астана әкімшілігінің медиа-орталық тілшісіне мәлімдеді.

Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2017

Алматыда Арбадағы би спорты конгресі өтеді

Алматыда 19-21 қыркүйек  аралығында «Алматы» əйелдер клубы» қоғамдық бірлестігі, ҚР арбадағы спорттық би комитеті, Кенен Әзірбаев атындағы қор және Қазақстан мүгедектері ұжымдары одағының ұйымдастыруымен «Арбадағы би – өмірді өзгертетін спорт!» атты ашық би конгресі өтеді. 

Яндекс.Метрика