Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2017

Ассамблея мүшелері латын әліпбиін қолдайды

Қазақстан үкіметі Елбасының тапсырмасымен латын әліпбиіне өту мәселесін кезең-кезеңімен жүзеге асыру мәселесін күн тәртібіне қойды. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, ла­тын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешетін қағидатты мә­се­ле. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз, деп қадап айт­қан болатын.  

Парламент • 19 Қыркүйек, 2017

«Қорғастағы» көшпелі отырыс

Парламент Сенатының биылғы жылға арналған Негізгі шаралар жоспарына сәйкес, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіз­дік комитетінің мүшелері Алматы қа­ласы мен Алматы облысында мем­лекеттік шекараны қорғау мәсе­ле­лері бойынша көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.  

Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2017

ruh.kz жаңа портал ашылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдар­ла­ма­лық мақаласының аясында бірыңғай ақ­параттық портал өз жұмысын бас­та­ды. Осыған орай Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов, Дін істері және азаматтық қоғам ви­це-министрі Абзал Нүкенов және «Қаз­контент» АҚ басқармасының тө­­рағасы Евгений Кочетовтің қа­ты­суымен баспасөз мәслихаты өтті.   

Парламент • 19 Қыркүйек, 2017

Мәжіліс Төрағасы Кейзо Такемиді қабылдады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі парламентшілері Азия форумының (ХДПАФ) төрағасы Кейзо Такемиді қабылдады. Бұл жөнінде Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.  

Үкімет • 19 Қыркүйек, 2017

Сағынтаев Азия парламентшілері форумының төрағасы Кейзо Такемимен кездесу өткізді

Кеше Премьер-Министр Б­ақыт­жан Сағынтаев халықтың қоныс­тануы жә­не дамуы жөнін­дегі Азия парламентшілері фору­мының төрағасы Кейзо Та­ке­ми­мен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қыз­меті.

Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2017

Мешіттерге арналған ортақ ереже

Кеше Парламент Мәжілісінде «Діни қызмет, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл және жастар саясаты саласындағы жағдай мен өзекті міндеттер туралы» деген тақырыпта Үкімет сағаты өтті. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко жетекшілік еткен отырыста Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев баяндама жасап, қоғамдағы діни ахуал мен жастар саясатының бағыт-бағдарлары жан-жақты талқыланды.  

Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2017

Анық ақпарат. Оны «Е-Халық» жүйесінен табуға болады

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Біз цифрлы технология­ны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды орындауға тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек» деген еді. 

Президент • 19 Қыркүйек, 2017

Президент Жамбыл облысының жай-күйімен танысты

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болды. Елбасы әуелі Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешені жанынан бой көтерген Достық үйі ғимаратын аралап, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.   

Бокс • 18 Қыркүйек, 2017

Бокс саңлақтары Головкин-Альварес жекпе-жегіне қатысты пікір айтты

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Мәжіліс депутаты, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев, Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев және Қазақстан Республикасы ММА Ұлттық федерациясының құрметті президенті Айдар Махметов жексенбі күні өткен Головкин-Альварес жекпе-жегіне қатысты пікірлерін білдірді.

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2017

Керуленнен Кеңгірге жеткен жол

Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) ұйымдастырған –  «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» атты ІІІ халықаралық экспедиция жұмысының қортынды нәтижелері жайлы кеше елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада көлемді таныстандырылым өтіп, сонымен бірге көк түркіден қалған көне ғұрыптық кешен «Шивээт улаанда» соңғы екі жыл бойы жүргізілген архелогиялық қазба жұмыстарының барысы жайлы көпшілік хабар алды.  

Яндекс.Метрика