Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
61076 материал табылды

Қоғам • 16 Тамыз, 2019

Тамыз конференциясынан фоторепортаж

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жаңа оқу жылының қарсаңындағы дәстүрлі Тамыз конференциясы өтіп жатыр.

Саясат • 16 Тамыз, 2019

Әлеуметтік студенттік кредит

Таяуда Білім және ғы­лым министрлігі мен Ақпа­рат және қоғамдық даму министрлігі арасында «Әлеуметтік сту­дент­тік кредит» жоба­сын іске асыру аясында ынтымақтастық тура­лы меморандумға қол қойылды. Аталған шара­ға Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова мен Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин қатысты.

Руханият • 16 Тамыз, 2019

Ұстаз һәм өскелең ұрпақ

Бүгінгі таңды рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғыртуда болашақ мұғалімдердің педагогикалық ойларын қалыптастыру күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналды. Оқушылардың бойында ұлттық сананы оятып жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіруде мектеп мұғалімдерінің көп жылдық педагогикалық жұмыстарының нәтижелі даму көрсеткіштерін жаңғырту қажет.

Президент • 16 Тамыз, 2019

Ұлттық кеңестен күтеріміз көп

Еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде дамудың жаңа кезеңі басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде әділетті қоғам орнату, халықпен санаса жұмыс істеп, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағ­дай­ларын жақсартуды басты нысана етіп алуы жұртшылықтың ойынан шығып, адамдардың болашаққа деген сенімдерін нығайта түсті. Мем­лекет басшысы ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде ел ішіндегі өзек­ті деген мәселелердің оң шешімдерін табу мақсатымен Ұлттық кеңес құру қажеттігін айтқан болатын. Ел жұртшылығы бұл жаңа құ­ры­лымнан жыл келгендей жақсы жаңалықтар күтіп, елеңдесіп қалған еді.

Аймақтар • 16 Тамыз, 2019

Темірден түйін түйген шеберлер

Қазаталық Молжігітовтер отбасындағы ағайынды Нұржігіт, Нұрғиса, Нұрқанат бүгінде «Ауылда жұмыс жоқ қой» деп Алматы, астанаға барып, тіпті шетел асып кететін жастарға үлгі болатын азаматтар. Қазір ағайынды жігіттердің ауылда отырып жасаған бұйымдары Алматы, Нұр-Сұлтан, тіпті көрші ел өзбек ағайындардың да сұранысына ие.

Руханият • 16 Тамыз, 2019

Қумола атауы қайдан шыққан?

Бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ең өзекті міндеттерді, шоқтығы биік жалпы ұлттық құндылықтардың насихатталуын алдыңғы қатарға шығарды. Ол – ел мен жердің тарихы, солармен тағдырлас ғұмыр, елдік келбет, азамат ажары, бабалар қағидаттарындағы берік ұстанымдар.

Аймақтар • 16 Тамыз, 2019

Төр Алтайды суретке тартты

«...Түһ, шіркін! Тоқымдай жерде тоқсан түрлі гүл, ну орман, төбесі көк тіреген шыңдар. Жер бетіндегі жұмақ жер осы шығар», деп таңданған Нұрманбет ақсақал Солдатқұлаған асуынан Бұқтырманы жағалай жатқан елге көз тас­тады. Арғысы Маңғыстаудан, Оралдан, Ақтөбеден, Түркістаннан, бергісі Алматы, Астанадан келген фотосуретшілер жанталаса жан-жақтарын шырт-шырт еткізіп суретке түсіріп жүр.

Руханият • 16 Тамыз, 2019

Архари (эссе)

«Азуын айға білеген саяси-сатиралық «Ара-Шмель» журналының жауапты хатшысымын. Байлаулы төбеттей қара телефоным шыр ете қалды. Көтердім. Таныс дауыс. Шерағаң, «Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторы Шерхан Мұртаза.  

Руханият • 16 Тамыз, 2019

Зиялылар жүгі ауыр

Бүгінде ара-тұра газет-журнал бетінде зиялы адам деп кімді айтамыз деген тұрғыда мәселе көтеріліп жатады. Бұл, сөз жоқ, көпшілікті ойландырып, толғандыратын көкейкесті мәселе. Ондай сауалға біржақты жауап беруге болмайды. Зиялы деген ұғымда терең мағына жатыр дер едім. Жалпы, халық ұғымында, ел ішінде ғалымдарды, көрнекті ақын-жазушыларды, жоғары лауазымды танымал тұлғаларды, шенеуніктерді де зиялы қауым өкілі деп жатады. Оқығаны, тоқығаны мол, өмірлік тәжірибесі бай ел ағасы ретінде танылғандарды да зиялы азамат санатына жатқызып жүрміз. Мен соңғы пайымдаумен келісе алмаймын. Үлкен басқосуда, салтанатты мәжілісте «Бүгін осы шаңырақ басында жақсылар мен жайсаңдар, яғни зиялы қауым өкілдері бас қосып отыр» дей келіп, бірнешеуінің аты-жөнін, лауазымын атап жатады.

Руханият • 16 Тамыз, 2019

«Әкең келе жатыр» немесе бүгінгі әкелердің отбасындағы орны қандай?

Бала­­ларының алды мектепке барып қалған, ең кішкентайы 2-3 жас шамасындағы үш балалы жас отбасымен бірге ауданнан қалаға дейін сапарлас болдық. Көлік қозғалған сәттен балалар әкесінің алдына отыруға таласып, ең кішкентайы «жеңіске жетіп», әкесінің тізесіне қон­жиды.