Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Парламент • 27 Маусым, 2017

Ертең – Сенат депутаттарын сайлау күні

28 маусым – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау күні. Осыған байланысты кеше депутаттықтан үміткерлердің сайлау алдындағы үгіт жұмыстары аяқталды. Ал бүгін – сайлауалды тыныштық күні. Бұл туралы кеше сайлау науқанының барысы және дауыс беру күніне дайындық мәселелері жөнінде әңгіме қозғалған Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды.

Парламент • 27 Маусым, 2017

Ықпалдастық артады

Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Мажарстанның Сыртқы экономика және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Парламент • 27 Маусым, 2017

Келелі кездесулер өткізді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Питер Сийяртомен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қазақстан • 27 Маусым, 2017

Ұлы Дала рухы

Жаңа ғасырда жан-жақты жаңғырулар көшін түзеген Қазақ еліндегі іргелі өзгерістерді әлем жұртшылығы мойындауда. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыздың және бұқаралық сананы қалай өзгертудің» айқын жолын көрсетіп берді. Сонымен бірге, халқымыздың тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ету міндеттелді.

Президент • 27 Маусым, 2017

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы

Қазақстан • 27 Маусым, 2017

Астана – озық идеялар ордасы

Бүгінде әлеуметтік даму биігіне ұмтылған өркениетті елдерде «ақылды» қалалар қалыптастыру дәстүрі әлемдік үрдіске айналған. Бұл үрдісті ұстанған елдердің басты мақсаты қалалардың тұрмыстық қызмет көрсету сапасын барынша дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүру дәрежесін биік деңгейге көтеру болып табылады. «Ақылды» қалалар қатарына экономикалық, экологиялық және әлеуметтік ахуалы тұрақты, қызмет көрсету инфрақұрылымы дамыған қалалар жатады. Өз кезегінде «ақылды» қала жобасына қосылған қалаларға дарынды мамандар және озық технологиялар мен инновациялар көптеп тартылады. Қазіргі таңда әлем жұртшылығы көз тіккен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін жоғары деңгейде өткізіп жатқан елордамыз Астана осы талаптар биігінен көрінуде.

Аймақтар • 26 Маусым, 2017

Қызылордада журналистердің "Қанатты қалам" форумы өтті

26 маусым күні Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Қанатты қалам» журналистер форумы өтті. Аймақ басшысы республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға шығармашылық табыстар тіледі.

Аймақтар • 26 Маусым, 2017

Астанада Иманбаев көшесінде көлік қозғалысы толықтай шектелді

Астанада Иманбаев көшесі бойында жол қозғалысы толықтай шектелді, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Қазақстан • 26 Маусым, 2017

Алматыда «Ұлы дала рухы-2017» этнофестивалі өтті

Алматыдағы «Боралдай» археологиялық паркінде «Ұлы дала рухы-2017» Халықаралық этнофестивалі өтті. Көшпенді халықтардың мәдениеті мен терең тарихынан сыр шертетін танымдық шараға әлемнің 10 елінен келген өкілдер қатысты.

Аймақтар • 26 Маусым, 2017

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Облыс әкімінің өкімімен Ергешбаев Мұрат Нәлхожаұлы Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Яндекс.Метрика