Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2018

Шымкентте Елбасының «Туған жер» бағдарламасы аясында 84 жоба жүзеге асырылды

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында тілге тиек еткен «Туған жер» жобасында әрбір азаматты кіндік қаны тамған жеріне, өскен ауылына, қала мен өңіріне қызмет етуге шақырған болатын. Осынау елдік деңгейдегі бастамаға Шымкент қаласындағы кәсіпкерлер де өз үлестерін қосуда.  Нәтижесінде үшінші қалада 84 жоба жүзеге асырылып, ел игілігіне берілді.

Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2018

Ақсуда 5 энергетик LADA XRAY автокөліктерінің кілтін алды

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ Ақсу электр стансасы 50 жылдық мерейтойын атап өтті.

Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2018

Шымкентте жедел жәрдем қызметкерлері шақыртуларды смартфон арқылы қабылдайды

Жұртшылық көбіне жедел жәрдем қызметінің жұмысына көңілі толмай, шақыртуларға сала қызметкерлерінің кешігіп жететіндігі туралы сын айтатын. Соңғы уақытта осы орны толмас олқылықтарды болдырмас үшін денсаулық сақтау мекемелері түрлі жақсы жобаларды қолға ала бастады.

Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2018

Солтүстік Қазақстан жолаушылары қатерден құтқарылды

  Полицейлер мен төтенше жағдай қызметінің құтқарушылары ен далада сынып қалған «Нива-Шевроле» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушыларына дер кезінде көмек көрсетті.

26 Желтоқсан, 2018

Аспаннан түскен вакцина

Тынық мұхитының оңтүстігіндегі Вануату халқы мекендеген Эроманго аралының Кук айлағында орналасқан ауылдағы 1 айлық Джой Новайға гепатит және туберкулез ауруларына қарсы салынатын екпе дрон арқылы жеткізілді.

Аударма • 26 Желтоқсан, 2018

Британия шағын газеттерге көмектеседі

Люси Эштон 2009 жылы The Sheffield Star-дағы жұмысынан кетіп, жұртшылықпен байланыс ауысқан кезде әріптестерінің де басылымнан кете бастағанын байқады. Себебі газет таралымы түсіп, жарнамасы азайған. Оның үстіне, жаңа жұмыс орнының ашылуы да неғайбыл болатын.

Аударма • 26 Желтоқсан, 2018

Сегізаяқтардың неліктен ақылды екені белгісіз

Сегізаяқтың қаншалықты ақылды екенін көрсету үшін Пьеро Амодио YouTube-тағы видеоны нұсқады. Онда сегізаяқ кокос ішіне тығылып, қабығын тартып, жауып алғаны бейнеленген. Кейіннен теңіз жәндігі қабықты бір-біріне салып, сүйретіп әкетті.

Әлем • 26 Желтоқсан, 2018

Қазақ тілінің Варшавадағы жанашыры

Варшавада  қазақ жерін мекен етпеген, арнайы оқымаса да  ана тілімізде  еркін, тіпті мақал-мәтелдерді қоса дәмін келтіре  сөйлейтін бір ерекше азамат тұрып жатыр. Тағдыры балғын шағынан өзіне зағиптықты серік еткенімен, жасы әлі жиырма беске толмаған кейіпкеріміздің бойындағы ерік-жігері жоғары,  өмірлік мақсаты айқын. Ол Варшава университеті, шығыстану факультетінің докторанты, он шақты тілді еркін меңгерген полиг­лот, туысқан башқұрт тілін оқытудың өзіндік әдістемесін жасап шыққан, бүгінде башқұрт уикипедиясының әкімгері  – Вячеслав Чернев. Осы орайда талантты да талапты жас жігітті  арнайы іздеп барып, әңгімеге тартқан едік.

Руханият • 26 Желтоқсан, 2018

Шамшырақ шуағы

Еліміздегі ең елеулі жоғары оқу орындарының бірі – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. Аталған оқу орнының Қазақ химия технологиялық институты кезінен бері саналы ғұмырын оқытушылыққа, ғылымға және ғылыми жетекшілікке, жастар тәрбиесіне қалтқысыз жұмсап келе жатқан құрметті ұстаздың бірі әрі бірегейі – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясының академигі Шаяхмет Молдабекұлы Молдабеков. Биік парасатымен, шынайы іскерлігімен, өнегелі өмірімен өзгелерге үлгі болып жүрген белгілі тұлға бүгінде сексеннің сеңгіріне аяқ басты.

26 Желтоқсан, 2018

Жанарыс Жақсылықұлы ағзадағы кеселден арылтады

Қазақта жақсы жандарға ерекше бір сүйсінгенде, «тегі мықты ғой» деп айтады. Сол сияқты бүгінде халқының ықыласына бөленіп жүрген Жанарыс Жақсылықұлы Еңсеповтің де тегі мықты. Қалың оқырманға түсінікті болу үшін Жанарыс атаның әйгілі «Жау жүрек мың бала» атты фильмдегі Сартай батырдың жетінші ұрпағы екенін айтсақ та жеткілікті.