Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Президент • 26 Желтоқсан, 2018

Ж.Қасымбек Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне тағайындалды

Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Әдебиет • 26 Желтоқсан, 2018

Маржан Ершудің «Қожанасыр жырлайды» кітабы жарық көрді

Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, драматург, аудармашы, прозаик, сатирик Маржан Ершудің «Қожанасыр жырлайды» кітабының тұсаукесері өтті.

Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2018

Ардагер журналиске құрмет көрсетілді

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясында көптеген қазақ басылымында абыройлы қызмет атқарған журналист-қаламгер Жұмагүл Солтиевамен жылы жүздесу өтті.

Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2018

Түркістан облысында 58 қызмет түрі бойынша тариф бағалары төмендетілді

Түркістан облысында төмендетілген тарифтер есебінен халық 1,15 млрд теңге үнемдейді. Бұл туралы аталған облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2018

Алматы облысының тұрғыны 360 теңгеге автокөлік ұтып алды

Бүгін Мемлекеттік кірістер комитетінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясының қорытынды ұтысы өтті.

Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2018

Түркістанға 1 136,5 мың зияратшы мен туристер келген

Түркістан облысында туризмді дамытуға ерекше үлес қосқан азаматтар мен мекемелер он аталым бойынша марапатталды. Олардың арасында «Тарихи-мәдени туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін» марапатын «Әзірет Сұлтан», «Отырар», «Ордабасы» қорық-мұражайларының ұжымы еншіледі.

26 Желтоқсан, 2018

ШҚО-ның Алтай қаласында айрықша Аяз ата мен Ақшақар орнатылды

Биыл бір күндік қызық үшін жүз жылдық шыршаларды құртпау һәм табиғатты аялау мақсатында Өскемендегі орталық алаңға жасанды шырша орнатылған-ды. Ал енді Алтай қаласындағы орталық алаңға бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында ерекше Аяз ата мен Ақшақар мүсіндері орнатылды.

Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2018

Шымкенттік балалар үйінің тәрбиеленушілері Назарбаевтың мейріміне бөленді

Шымкент қаласына қарасты №4 Сайрам көмекші мектеп-интернатының балалары үшін бұл күн ерекше есте қалды. Себебі айтулы датада олар жүректеріне жылулық алып, қам көңілдеріне мейірім ұялатты. Дәл осы күні жасөскіндер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолдаған Құттықтау хат пен сыйға тартқан отандық су жаңа автокөлікке ие болды.