Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018

Алматы жаңа жылға жасанып келеді

Тәуелсіздік мерекесінен кейін жұртшылық жаңа жылсанаудың басы ретінде жаңа жылды  асыға күтетіні белгілі. Алматылықтар елімізге құт болған ит жылын алғыспен шығарып салып, іргемізден еніп келе жатқан тағы бір жылды қуанышпен қарсы алуға дайын.

Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018

Туған күні – торғайға сый

Орал қаласында тұратын колледж студенті Нұрай Темірғали өзінің 17 жасқа толған туған күнін ерекше өткізді: дос-құрбыларын жинап, туған күнін атап өтуге жинап жүрген қаржысына құстарға арналған 17 ұяшық жасатып, Орал қаласының орталық саябағына орнатты. 

Тарих • 27 Желтоқсан, 2018

Тарихқа тағзым: ұрпаққа аманат

Елбасы 2008 жылы 21 тамызда Қызылжар өңіріне келген жұмыс сапары кезінде «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешенінің ашылу салтанатында тебірене сөйлеп, рухына бас июі, «қазақтың ұлы ханы Абылайды еске алу – тарихымызға тағзым ету болып табылады. 

Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018

Кәсіби ұшқыштармен кездесті

Әскери қалашықта орналасқан №32 мектепте білім алатын балалардың дені әскерилердің отбасынан. Осыған орай болашақта еліміздің қорғаныс күштері саласында қызмет етуді армандайтын балалардың да саны аз емес. Отансүйгіштікті, жауынгерлік рухты тәрбиелеу мақсатында мектепте арнайы жауынгерлік еңбек даңқы музейі де жасақталған. 

Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018

Шаршы алаңға 2 ақпанда шығады

Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы өзінің келесі жекпе-жегін 2019 жылдың 2 ақпанында АҚШ-тың Техас штатындағы Фриско қаласында өткізеді. Ал оның нақты кім­мен жұдырықтасатыны әзірше белгісіз. 

Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018

Оралда бизнес-қауымдастық арасындағы дауларды сотқа дейін реттеу мәселелерін талқыланды

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты облыстың Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Соттар жұмысының замануи форматтарын енгізу, артық сот рәсімдері мен шығындарын азайту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасының Тұжырымдамасы» тақырыбында дөңгелік үстел өткізілді, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Спорт • 27 Желтоқсан, 2018

Олимпиадаға – бір ту астында

Оңтүстік және Солтүстік Корея рес­публикасы 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпия ойындарында спорттың үш түрі бойынша бір ту астында шығуға уағдаласты.

Руханият • 27 Желтоқсан, 2018

Кеңес Аухадиев - Тәуелсіздік үшін күрескен асыл азамат

Желтоқсан көтерілісі қалғулы дүниені дүр сілкіндірді, КСРО-ның саяси негізін шайқады. Кеңес Мұстаханұлы Аухадиев Желтоқсан көтерілісінің қарсаңында және одан кейін болған тәуелсіздік үшін күресте әділет жолынан таймады. Жау жарағынан түскен жара жанына батса да, сыр бермеді. Отарлаушы күштің ығымен жүрмеді, оның дегеніне көнбеді, оған тәуелді болмады. Сол үшін қиянат көрді, мехнат шекті. Саяси аласапыран аясындағы мұндай сұрапылдың қара бұлты Г.Колбин қызметтен алынып, Республика басшылығына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келген соң ғана сейілді. Кеңес Мұстаханұлы жанына да, арына да дақ түсірмеген қалпы тәуелсіздікке жетті. Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы күнінен бастап елдің ынтымағы мен бірлігін нығайтуға қызмет етті, бүгін де сол қызметін абыроймен жалғастырып келеді.

Спорт • 27 Желтоқсан, 2018

Бес балуанымыз үздіктер қатарында

Халықаралық дзюдо федерациясы 2018 жылды қорытындылап, балуандардың рейтингін жаңартты. Жаңарған тізімде дзюдошыларымыздың нәтижелері жаман емес. Екі балуанымыз үздік 10 дзюдошының қатарына енген.

Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018

Дара дарынға деген құрмет

Көкшетау қаласы Жаңа жылды қарсы алуға қызу дайын­далуда. Мұз қалашықта түрлі бейнелермен бірге әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің мұздан жасалған мүсіні көпшілік көзайымына айналды.