Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2018

Алматыда Ұлы даланың жеті қыры мақаласы туралы дөңгелек үстел өтті

Алматыдағы Достық үйінде Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бастамасымен «Ұлы даланың жеті қыры: прототүркіден қазақ тіліне дейін» атты ғалымдар мен тарихшыларды бір арнадан тоғыстырған халықаралық дөңгелек үстел өтті.  Басқосуда Елбасы мақаласындағы Ұлы даланың тарихына, салт-дәстүріне, өнері мен фольклорына, музыкасына, ұлы есімдеріне, киносы мен телевизиясына, сондай-ақ тарихи сананы жаңғыртуға арналған ұстаным-тұжырымдар сараланды. 

Бокс • 25 Желтоқсан, 2018

Жәнібек Әлімханұлы 2 ақпанда айқасады

Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы өзінің келесі жекпе-жегін 2019 жылдың 2 ақпанында АҚШ-тың Техас штатындағы Фриско қаласында өткізеді. Ал оның нақты кіммен жұдырықтасатыны келесі аптада белгілі болады.  

Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2018

Түркістанда «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламасы аясында салынатын тұрғын үйлердің іргетасы қаланды

Түркістан қаласында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан «Түркістан-жаңа қала» тұрғын үй алабының іргетасын қалау рәсімі өтті.

Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2018

Қостанайда өз ауылдасының жылқысын ұрлаған барымташылар ұсталды

Науырзым аудандық полициясының қызметкерлері 6 жылқы ұрлаған ұрыларды жедел ұстады. Малдың иесі өрістен жоғалған жылқысын енді көрем деп ойламап еді. Аудандық полиция бөліміне арыз берген 68 жастағы қария малының ауылдан 25 шақырым жердегі жайылымнан жоғалғандығын айтады. Ол алғашқы үш күн үмітін үзбей, малын өзі іздепті. Сосын нәтиже болмаған соң, полицияға жүгінген. Жоғалған малдың құны бір миллион теңгеге жуық.

Спорт • 25 Желтоқсан, 2018

Шахматтан ел кубогының иегерлері анықталды

Астанада классикалық шахматтан ерлер мен әйелдер және 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан кубогы жолындағы жарыс аяқталды. 

Хоккей • 25 Желтоқсан, 2018

«Барыс» «Адмиралды» ұтты

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын өз мұз айдынында өткізген «Барыс» Владивостоктың «Адмирал» клубынан айласын асырды.

25 Желтоқсан, 2018

Ақтөбе облысының экономикасы бес пайызға өсті

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе облысының осы жылғы 11 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы қаралды.

Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2018

Алматыда тұрмысы төмен отбасылардың балаларына жаңа жылдық сыйлық жасалды

Алматыдағы Жетісу ауданының кішкентай тұрғындары жаңа жыл қарсаңында түрлі сыйлықтарға кенелді.

Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2018

«Астана Опера» балет труппасы итальяндықтарға жаңа жылдық ертегі сыйлады

20 желтоқсан күні «Астана Опера» театры гастрольдік сапарын Карло Феличе Театры сахнасында (Италия) П.И.Чайковскийдің «Щелкунчик» балетімен ашты. Жиналған жұрт қазақстандық әртістердің би өнеріне, оның кербездігі мен әсемдігіне тәнті болды, спектакльден соң көрермен қауым ғажайыпқа деген сенімді білдіретін жаңа жылдық керемет балет үшін өнерпаздарға алғыстарын білдірді.