Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2018
Жансейіт Түймебаев: Түркістан – Түркі әлемі, Ұлы дала рухы
Ұлы дала елі – Қазақстан өркениеті өрге, тірлігі төрге озған әлем елдері арасында айрықша құрмет пен жоғары беделге ие. Халықаралық қоғамдастық алдында көшбасшылық рөлі мен саяси салмағын нығайта отырып, ең озық 30 мемлекеттің қатарына кіру стратегиялық даму жоспарларымен жаңарудың жаңа кезеңіне жарқын қадам басып келеді. Қоғам мүддесіне қарай түбегейлі бетбұрыс, оңтайлы өзгеріс жасап, қайта түлеу мен модернизациялық дамудың лайықты үлгісін көрсетті. Бәсекеге қабілетті, жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін бұқаралық сананы ояту мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жариялады. Енді, міне осы құнды құжаттың заңды жалғасы ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жарық көріп, әрқайсымыздың тарих көшіндегі қасиетті борышымыз бен азаматтық міндетімізді айқындап беріп отыр.
Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2018
Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2018
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Байланыс туралы» заңға ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін еліміздің аумағындағы ұялы байланыс абоненттік құрылғылары тіркелуі тиіс. Олай болмаған жағдайда заң талабы бойынша, ұялы байланыс операторлары тіркеуден өтпеген абоненттік құрылғыларға қызмет көрсетуді тоқтатуға мәжбүр болады.
Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2018
Осыдан жиырма жыл бұрын құт-мекен – Арқа төсіне көшін түсірген Астана бүгінде әлем таныған асқақ шаһарға, меймандос мегаполиске айналып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы іс жүзінде қуатты экономикалық ірі жобаның бастауы болатын.
• 10 Желтоқсан, 2018
Қарағандылықтар «ҚазРобоСпорт» чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алды
Петропавл қаласында «ҚазРоботикс-2018» халықаралық фестивалі аясында «ҚазРобоСпорт» чемпионаты өтті. Жас техниктердің бұл сайысында Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан жалпы саны 250 оқушы бақ сынасты.
Тарих • 10 Желтоқсан, 2018
Ежелгі металлургия іздерін Тарбағатай даласынан көруге болады
Атам қазақтың мекеніндегі алып таулар қанша болса, олардың арасында соларды бір бірімен жалғастырып қосып жатқан асқар белдер мен шалқар көлдер қаншама.
Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2018
Қытай 2000-нан астам қазаққа өз территориясынан шығуға рұқсат берді
Астанада Сыртқы істер министрлігінің кезекті брифингінде ведомство баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров Қытай территориясынан шыға алмай отырған Қазақстанның 14 азаматы туралы айтып берді.
Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2018
Д.Назарбаева Дүниежүзілік банкінің Орталық Азия жөніндегі Аймақтық директорын қабылдады
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Дүниежүзілік банкінің Орталық Азия жөніндегі Аймақтық директоры Лилия Бурунчукты қабылдады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2018
Солтүстікқазақстандық екі кәсіпкер «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпазы болды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған республикалық «Жомарт жүрек» байқауында Қызылжар өңірінің қос кәсіпкері лауреат атанды.
Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2018
«Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау» республикалық ғылыми-теориялық online конференция өтті
Мемлекет басшысы Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бірлесіп «Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау» атты Республикалық ғылыми-теориялық online конференция өткізді.