Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2018

Қытай 2000-нан астам қазаққа өз территориясынан шығуға рұқсат берді

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Сыртқы істер министрлігінің кезекті брифингінде ведомство баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров Қытай территориясынан шыға алмай отырған Қазақстанның 14 азаматы туралы айтып берді.

Қытай 2000-нан астам қазаққа өз территориясынан шығуға рұқсат берді

«Қазақстанның 14 азаматы әлі күнге дейін әртүрлі себептермен Қытайдан шыға алмай отыр. Біздің консулдар ол азаматтарға көмек көрсетіп жатыр. Қытай тарапымен дипломатиялық арналар арқылы жұмыс жүргізіп жатыр. Қытай тарапы 2000-нан астам қазаққа өз территориясынан шығуға рұқсат берді»,  деді Айбек Смадияров.

Брифинг барысында Айбек Смадияров  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 6 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысуының негізгі қорытындыларына тоқталды. Сонымен қатар, алда өтетін маңызды іс-шараларды атап өтті.

Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»