Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2018

Қостанайда 450 отбасы баспаналы болды

Қостанайда мемлекеттік бағдарламалар арқылы құрылыс индустриясы жылдам дамып келеді.Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламалары бойынша Қостанай қаласының жаңа «Аэропорт» және «Юбилейный» шағын тұрғын аудандарында салынып біткен үйлерден баспаналы болған қостанайлықтарға пәтер кілтін табыс етті.

Қоғам • 02 Желтоқсан, 2018

Қостанайда «Қазпоштаның» цифрландырылған кеңсесі ашылды

Қостанай қаласындағы«"KOSTANAY PLAZA» сауда-ойын сауық орталығында «Қазпоштаның» цифрландырылған әмбебап кеңсесі ашылды. Онда тұрғындар өздеріне келген сәлемдемелер мен хаттарды алады, жібереді. Сонымен қатар офисте коммуналдық төлемдерді, тіпті салықтарды да төлеуге мүмкіндік бар. Әмбебап кеңсенің ашылуына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов және «Қазпошта» АҚ төрағасы Сәкен Сәрсенов қатысты.

Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2018

Жамбыл облысында жаңа нысандар ашылды

Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар мәселелерді атап көрсетті.

Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2018

Көрме мен музыканы тоғыстырған шара өтті

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Елбасы және Түркістан» тақырыбында көрме өтті.

Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2018

Өскеменде 21 жас дәрігерге 150 мың теңге көтермеақы берілді

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Өскемендегі Ана мен бала орталығының 21 жас дәрігеріне «Қазцинк» компаниясы 150 мың теңге көлеміндегі көтермеақының сертификаттарын табыс етті.

Қазақстан • 01 Желтоқсан, 2018

Павлодар облысында 32 ауылдық аумақ әкімдері менеджментті үйренуде

Елімізде тұрғындар саны 2 мыңнан асатын ауылдық аумақтарда биыл жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджеті бекітілді.

Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2018

Оралда жаңа тұрғын үй мен спорттық нысан пайдалануға берілді

Бүгін Орал қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 120 пәтерлік жаңа тұрғын үй және «Нарын» атты спорттық кешен пайдалануға берілді.

01 Желтоқсан, 2018

Рудный қаласында қуатты цемент зауыты ашылды

Зауыттың пайдалануға берілуін рудныйлықтар Тұңғыш Президент күні мерекесіне тарту деп қабылдады. Зауыт құрылысы 2008 жылы басталған болатын. Бірақ осы кезге дейін қаржының жетімсіздігінен құрылыс мерзімі созылып келген еді. Жылына 500 мың тонна сапалы цемент өндіретін зауыттың құны 17 миллиард теңге тұрады. Оның ашылуына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысып, үлкен істің бітуіне куә болды, жаңа өндіріс ұжымын құттықтады.

01 Желтоқсан, 2018

Павлодарда 215 тұрғын пәтерлі болды

Облыс орталығындағы «Сарыарқа» деп аталатын жаңа шағын ауданда екі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Президент • 01 Желтоқсан, 2018

Ақордада ҚР Президентінің штандарты көтерілді

Бүгін «Ақорда» резиденциясы алдындағы алаңда Қазақстан Республикасы Президентінің штандартын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті,  деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.