Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 16 Қараша, 2018

Тозған жерді тыңайтудың тиімді тәсілі

«Екпесең – жер қысырайды, күтпесең – көл қысырайды» дейді қазақ. Бабын таба алмасаң, топырағы торқадай жердің өзі тозады. Ал топырақтың құнарын сақтау, жерді ауылшаруашылығында тиімді пайдалану бүгінгі таңда отандық аграрлық ғылымның басты міндеттерінің бірі болып отыр. 

Қазақстан • 16 Қараша, 2018

Қазақтың қара есептері

Экономика • 16 Қараша, 2018

Диқандар неге басқа дақылды таңдауда?

Елімізде бидайдан кейінгі стратегиялық маңызы бар экспорттық ауылшаруашылық өнімі мақтаға деген көзқарас кейiнгi жылдары едәуiр төмендеді. Бұл мақта өсірумен айналысатын диқандардың бір бөлігінің пікірі. Әйтпесе егемендiктiң алғашқы жылдарындағы қиыншылық болмаса, мақта саласы ғасыр басынан берi қарай Елбасының қолдауын сезiнiп келедi. Мақта-тоқыма кластерiнің дүниеге келуі, «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағы құрылып, көлiк-логистика орталығының ашылуы, фабрика, цехтар салынып, ғылыми-зерттеу институтының жұмыс істеуі осы мемлекеттік қолдаулардың тікелей көрінісі. «Мақта саласын дамыту туралы» заң да қабылданды. Яғни диқандардың алаңдауына негіз жоқ сияқты.

Қазақстан • 16 Қараша, 2018

Ветеринария мұраты – адам саулығы

Астанада Халықаралық эпизоотиялық бюро (жануарлар денсаулығының дүниежүзілік ұйымы) мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросы Орталық Азия, Орталық Кавказ елдері және Ресейдің қатысуымен суб-өңірлік кеңес өткізді. Оның жұмысына аталған елдердің ветеринария және денсаулық сақтау саласының мемлекеттік органдарының өкілдері мен осы салалар бойынша халықаралық сарапшылар қатысты.

Әдебиет • 16 Қараша, 2018

Қостанайда оқушылардың «Мәриям оқулары» байқауы өтті

Қостанай қаласындағы М.Хакімжанова атындағы №20 қазақ орта мектебі ақынның туғанына 112 жыл толуына орай «Мәриям оқулары» онкүндігін ұйымдастырды. 

Өнер • 16 Қараша, 2018

Қарағандыда қара фонға салынған картиналар көрмесі ашылды

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында суретші Пётр Кишкистің «Қара фондағы жұмыстар-1» деп аталған жеке көрмесі ашылды. Көрермен назарына қылқалам шеберінің картиналары кескінделген  қара түсті 42 қағаз парағы ұсынылған. «Фонның қара түсі тереңдік пен кербездік сыйлайды», дейді автордың өзі. Суретшінің ерекшелігі де сол, ол өзінің туындыларын тек қана қара түсті фонға салады.

16 Қараша, 2018

Асыл болуға асыққандар

Аңсап жеткен атажұрттың топырағына табаны тиген сәтте-ақ тілмен айтып жеткізгісіз сезімнің құшағына бөленген. Сол әсерден көпке дейін арыла алмады. Тіршіліктің қым-қуыт шаруасы да естен шыққан. Өң мен түстің арасында жүргендей болған ағайын кейін өмір ағысына ілесіп, ата қонысқа қазығын қағып, жерсініп кетті.   

Қазақстан • 16 Қараша, 2018

Денсаулық сақтау саласында қол жеткізілген келелі келісім

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі және GE Healthcare Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамыту мен жаңғырту саласындағы ынтымақтастық мақсатында стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Қазақстан • 16 Қараша, 2018

Павлодарда архив құжаттары цифрлық  жүйеге көшетін болды

Облыстық мемлекеттік архив басқармасының  мәліметінше, басқарма қорда сақталған құжаттарды сандық форматқа көшіру жұмысы зерттеушілер мен архив қызметкерлері үшін  тиімді. Басқармада  «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2022 жылға дейін жаласатын арнайы жоспар жасалды. Бұл мақсат үшін облыстық бюджеттен 72 миллион теңге қаражат бөлінген. 

Қазақстан • 16 Қараша, 2018

Шығын азайып, табыс арта түсті

«Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысына арналды. Кеңес отырысына депутаттармен қатар, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.