Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 23 Қазан, 2018

Қызылорда ауруханасы тегін қызметке ақы алып келген

Қызылорда облысы Шиелі аудандық прокуратурасы аудандық амбулаториялық ауруханасында бірқатар заңсыздықтар орын алғанын анықтады, деп хабарлайды аудандық прокуратураның баспасөз қызметі. 

Қазақстан • 23 Қазан, 2018

Астанада жолаушылар автобусы оқушыны қағып кетті

Жолаушылар автобусы мектеп оқушысын қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Аймақтар • 23 Қазан, 2018

Рудныйда Орал Мұхамеджановқа ескерткіш тақта ілінді

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Праламент Мәжілісінің төрағасы болған Орал Мұхамеджановтың өмірден озғанына биыл 5 жыл болды. Жерлестері ұйымдастырған еске алу шаралары аясында  Рудный қаласындағы ол оқыған бұрынғы мектеп, қазіргі музыка колледжі ғимаратының қабырғасына ескерткіш тақта ілінді. Оның ашылуына облыс және Рудный қаласы басшылығының өкілдері, замандас достары қатысты.

Өнер • 23 Қазан, 2018

Атырауда халықаралық күй фестивалі өтіп жатыр

Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлына арналған ұлт-аспаптар оркестрлерінің халықаралық фестивалі басталды. Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен және еліміздің барлық аймақтарынан келген домбырашылар алдымен облыс орталығындағы Құрманғазы ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойды.

Аймақтар • 23 Қазан, 2018

Қостанайда «Татуласу: сотқа дейін, сотта» атты конференция өтті

Оған сот жүйесінің ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, облыстағы қалалық, аудандық соттардың судьялары қатысты. Жоғарғы сотттың төрағасы Жақып Асановтың бастамасымен осы жылдың басынан бері жобалық менеджмент әдісімен 7 топ жұмыс істейді. Соның бірі «татуласу: Сотқа дейін, сотта» жобасы шеңберінде жұмыс істеп жатқан топ Қостанай облысына келіп, түсіндіру жұмысын жүргізді.

Күрес • 23 Қазан, 2018

Қайрат Қожамжаров Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болып сайланды

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының Кезектен тыс конференциясы өтті. Конференция барысында Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болып Қожамжаров Қайрат Пернешұлы сайланды.

Үкімет • 23 Қазан, 2018

Бақытжан Сағынтаев облыстардың әкімдеріне жеке инвестицияларды тарту жұмысын күшейтуді тапсырды

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында инвестицияларды тарту мәселесін қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту және ел экономикасына тартылатын шетелдік инвестициялардың көлемін ұлғайту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Үкімет • 23 Қазан, 2018

Асқар Мамин Ереванда өткен «Еуразия апталығы» халықаралық форумына қатысты

2018 жылдың 22 қазанында ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Ереванда өткен «Еуразия апталығы»: Еуразиялық экономикалық одақтың нақты секторы: интеграция жағдайында әлеуетті арттыру» атты халықаралық форумның пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлайды  Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. 

Қазақстан • 23 Қазан, 2018

Лондонда Елбасының ағылшын тіліндегі "Тәуелсіздік дәуірі" кітабының тұсауы кесілді

Лондонда «Азия үйі» штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ағылшын тіліндегі «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Елбасы Қорының баспасөз қызметі.

Аймақтар • 23 Қазан, 2018

Алматыда деректі фильмдер фестивалі өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де III Халықаралық Түркі дүниесі деректі фильмдер фестивалінің қазақстандық бағдарламасы салтанатты түрде ашылды. Бұл шара Түркі әлемі журналистер федерациясы мен Қазақ Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өтті.