Өнер • 17 Қазан, 2018
Жайық жағасына жеті мемлекеттің суретшілері жиналды. «Сұлулық әлемді құтқарады» тақырыбымен өткен халықаралық суретшілер симпозиумына қатысушылар өздерінің ең керемет суреттерін сыйға ала келді. Ал Атыраудың көрікті жерлерін аралағаннан кейін салған туындыларын естелікке қалдырды. Қалалық әкімдіктің қолдауымен «BatikKami» мәдени қоры ұйымдастырған шара осындай ерекшеліктерімен есте қалды.
Тарих • 17 Қазан, 2018
Амангелді батырдың туы қандай болған?
Өлкетанушы Шөптібай Бәйділдин 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің негізгі басшылары Амангелді, Кейкі батырлар, Әбдіғапар туралы біраз еңбектеніп, зерттеу жүргізген. Өзі Торғай өңірінің тумасы болғандықтан ол осы аймақтағы ұлт-азаттық көтерілісі және оған қатысушылар, негізгі кейіпкерлер туралы көзкөргендермен кездесіп, олардың мәліметтерін, көрген оқиғаларын қағазға түсіріп, жазып алып отырған. Шөкең көптен бері 1916 жылы Амангелдінің сарбаздары көтеріп шыққан туы туралы айтып келеді.
Тарих • 17 Қазан, 2018
Өз әкең жайлы, оның үстіне еліне елеулі, халқына қалаулы азамат жайында ой толғау оңай емес екен. Тыныс-тіршілігі түгелдей көптің көз алдында өтті дегенмен, Мәкең де ет пен сүйектен жаралған пенде. Еңсесін емендей тік ұстағанымен морт кетер сәттері де, іштей егілген, езілген тұстары да аз емес-тін. Шынтуайтында, «менің әкем қандай еді?» деп сұрақ қоямын өзіме-өзім, сөйтемін де өткенді ой таразысымен безбендеп, електеймін кеп.
Үкімет • 17 Қазан, 2018
Машина жасау саласында өзара әрекеттесу және ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Финляндияға іс-сапары барысында машина жасау саласында өзара әрекеттесу және ынтымақтасу туралы меморандумға қол қойылды.
Тарих • 17 Қазан, 2018
Шыңғыс Айтматовтың есімін біз бала күнімізден естіп өстік. Қазақ тіліне аударылған «Тау мен дала хикаяларын» сүйсіне оқығанбыз. Ол кісінің Мұхтар Әуезовтен бата алғанын және небәрі 35 жасында Кеңес Одағының ең жоғары сыйлығы болып саналатын Лениндік сыйлықты алғанын естігенбіз. Ең жоғары сыйлықты жас кезінде алу ол кездері мүмкін емес болатын. Сол сыйлықтың берілуіне Мұхтар Әуезов ағамыз себепкер болған деп ел аңыз қылатын.
Аймақтар • 17 Қазан, 2018
«Алтын тамыр» – аймақ тарихының айнасы
Облыс орталығындағы Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде Жеңіс Марданов атындағы өлкетанушылар қоғамы құрылды. Өңірдегі өлкетанушыларды біріктіріп, қоғам құру үшін музей ұжымы облыстағы «Қазақ тілі» қоғамының негізін салушы, «Дауа» қоғамдық-саяси газетін жарыққа шығарған, өлкетанушы Жеңіс Мардановтың құрметіне арналған жиын өткізді.
Ауыл • 17 Қазан, 2018
Алтай сынды ұлы тауды ұлықтауға тиіспіз!
Біздің халық «Жер тарихы – ел тарихы» деп елді мекендер атауларына ежелден ерекше мән берген. Шын мәнінде елдің тарихынан хабар беретін басты белгі жердің атауы болса керек. Тәуелсіздігін алғаннан бері Қазақ елінің жер-су атаулары кеңестік кезеңде қойылған аттарынан тазаланып, тарихи атауларын қайтарып алуда. Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысында бұл жұмыс белсенді қолға алынды. Сол істің бірі және бірегейі – Зырян қаласы мен аталған ауданның «Алтай» болып өзгертілуі. Профессор Арап ЕСПЕНБЕТОВПЕН әңгіме осы тақырып төңірегінде өрбімек.
Әлем • 17 Қазан, 2018
Қазақ әдебиетінің антологиясы Мәскеуде жарық көреді
16 қазанда Мәскеуде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық комиссия мен «Жаһандану жағдайындағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының ресейлік серіктесі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Нақтырақ айтсақ, «Қазіргі қазақ прозасының антологиясы» мен «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы» орыс тіліне аударылып, басып шығарылатын болды.
Бағдарламалар • 17 Қазан, 2018
Парламент • 17 Қазан, 2018
«Парасат» цифрлы хабында болды
Сенат депутаттары Жеңіс Нұрғалиев пен Серік Бектұрғанов А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде биыл құрылған «Парасат» цифрлы хабында болып, студенттермен кездесті.