Шыңғыс Айтматовтың есімін біз бала күнімізден естіп өстік. Қазақ тіліне аударылған «Тау мен дала хикаяларын» сүйсіне оқығанбыз. Ол кісінің Мұхтар Әуезовтен бата алғанын және небәрі 35 жасында Кеңес Одағының ең жоғары сыйлығы болып саналатын Лениндік сыйлықты алғанын естігенбіз. Ең жоғары сыйлықты жас кезінде алу ол кездері мүмкін емес болатын. Сол сыйлықтың берілуіне Мұхтар Әуезов ағамыз себепкер болған деп ел аңыз қылатын.

Жазушының «Жәмила» атты алғашқы повесін сыншы Қалжан Нұрмаханов қазақ тіліне аударып, «Лениншіл жас» газетіне шығарды. Бұл шығарманы да оқыдық. Жалпы алғанда, Шыңғыс ағамыздың шығармалары бөлекше. Онда мәңгілік тақырыптар және қырғыз халқының өмірі мен тағдыры баяндалады. Сонымен қатар қазақ даласының және қазақ азаматтарының тағдырын да қоса жырлаған. Мәселен, «Ғасырдан да ұзақ күн» шығармасын алсаңыз, қазақтың Сарыөзек деген жері туралы айтылады. Романның бас кейіпкері – Едіге қазақ болып келеді. Сөйтіп қазақ халқын осылайша жырлап, өмір бойы Мұхтар Әуезовке ризашылығын айтып өткен Шыңғыс ағамыздың өзі бірде былай деген екен: «Мен өзім шетелдік іссапарларға шыққанда екі адамның есімін жиі ауызға аламын. Оның бірі – Манас болса, екіншісі – Мұхтар Әуезов».
Жалпы, Манасқа қатысты ол кісінің жасаған еңбектерінің жөні бір бөлек. Бір кездесуде мен ол кісінің өз аузынан естіген мына сөзі есіме түсіп отыр. 1952 жылы орталық тарапынан «Манас жыры – ескіліктің сарқыншағы, феодалистік, пантюркистік сарындағы шығарма, советтік идеологияға жат дүние» деген айып тағылып, қырғыз халқының басына қара түнек төнеді. Сол уақытта Бішкекте үлкен жиын болады. Сол жиында М.Әуезов сөйлеп, «Манастың» халықтық тарихи жыр екенін дәлелдеп, оның біріккен тұтас нұсқасын жасайық деген ұсыныс айтқан екен. Сондағы ойы қырғыз әдебиетінің асыл қазынасын кеңестік идеологиялық қысымнан аман алып қалу екен. Бүкіл қырғыз халқы сол кезде Мұхтар Әуезовке аса зор ризашылығын білдіріпті.
Осы оқиғаның ізімен мен «Манас пен Мұхтар Әуезов» деген поэма жаздым.
Шыңғыс ағамыз – тіл мен мәдениеттің үлкен тұлғасы. Қырғыз халқының жазушысы деп саналғанымен, қазақтың да мақтанышы екенін айта кеткеніміз жөн. Шыңғыс ағамыздың әкесі Төреқұлдың шешесі – қазақтың қызы. Қай жағынан келсек те, Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматов бауырлас қос халықтың ірі тұлғалары болып саналады.
Мен Шыңғыс ағамыздың көзін көрдім. 1980і жылдары Қазақстан Жазушылар одағындағы бір үлкен жиынға қатысып, сөз сөйледі. Бір жазушылар «Көркем шығарма қалай жазылады?» – деп біртүрлілеу сұрақ қойды. Ол кісі байсалды, сабырлы қалпынан жазбай: «Оны мен де білмеймін» деді. Арғы жағында терең сыр жатыр емес пе?!
1995 жылы Алматыда, Қазақстан Ғылым академиясында қазақ-қырғыз зиялы қауымы мен ғалымдары бас қосып, теңдессіз, телегей теңіз «Манас» эпосының мың жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өтті. Ғылыми баяндамалардың арасында сөз маған беріліп, мен «Манас батырдың Көкетайдың асына келуін» айттым. Шыңғыс ағамыз жыр аяқталған соң менің қолымды алып: «Саған шоң рахмет!» – деді. Кейіннен естідім, жырдың қызған кезінде, жанында отырған Зейнолла Қабдолов ағамыздан: «Бұл кісі қазақ па, қырғыз ба?» – деп сұрапты.
Соңғы рет мен Шыңғыс ағаны 2006 жылы Бішкекте өткен Әлем халықтары эпостарының Бірінші дүниежүзілік фестивалінде көрдім. Ол кісі жиынның модераторы болды. «Слово и небо» деп аталған толғаулы сөзін сөйледі. Бішкектің орталық алаңында, қалың қырғыздың алдында мен «Манас» жырын айттым. Сонда Шыңғыс Айтматов Сейіт Қасқабасовтан: «Бұл кісі шынымен қазақ па?» деп сұрапты. Ағамыз сол кезде де маған ризашылығын білдірді. Бірге суретке де түсіп едік, түбі бір табылып қалар. Мен ол кісіні байсалды, мол жаратылған, даладай дарқан, таудай заңғар қалпында есімде сақтап қалдым.
Баянғали ӘЛІМЖАНОВ,
ақын, жазушы, драматург, жыршы, манасшы,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Алматыда академик Валентина Жұмағұлова атындағы дәрісхана ашылды
Руханият • Бүгін, 13:34
Алматыда 128 мыңнан астам оқушы қазақ тілінде білім алады
Руханият • Бүгін, 13:25
Алматы әкімі зияткерлік және шығармашылық олимпиадалардың жүлдегерлерін құттықтады
Руханият • Бүгін, 13:19
«Ел бірлігі – 2019» марапаттау салтанаты өтті
Руханият • Бүгін, 13:14
Алматыда «Қара майордың» құрметіне ескерткіш тақта ашылды
Руханият • Бүгін, 11:58
Аударыспақ спорты жастарды күштілік пен төзімділікке тәрбиелейді
Спорт • Бүгін, 11:51
Алматы хайуанаттар бағында Алькор есімді ақ аю 30-ға толды
Аймақтар • Бүгін, 11:17
Асық ойыны балаларды өмірлік тәжірибеге баулиды
Руханият • Бүгін, 10:26
Қ.Тоқаев Фраунхофер институтының бөлім директорымен кездесті
Президент • Бүгін, 09:45
Дарынды оқушыларды қолдаудың Жол картасы: мүмкіндіктер қандай?
Қоғам • Бүгін, 09:40
Президент Германия бизнесінің өкілдерімен кездесті
Президент • Бүгін, 09:38
Елордада каратеден Әлем чемпионаты басталады
Спорт • Бүгін, 09:15
Елорда әкімі прокурорларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысты
Президент • Кеше
Қазақтың музыкалық археологиясының даму жолдары талқыланды
Руханият • Кеше
Жамбыл өңірінде қант қызылшасын жинау науқаны аяқталды
Аймақтар • Кеше
Қазақстандық он спортшы ХОК стипендиясын иеленді
Спорт • Кеше
Көктайғақ салдарынан бірқатар республикалық тас жолда жол жабылды
Қазақстан • Кеше
Алматыдағы тәуелсіздік жарияланған ғимаратта жастармен кездесу өтті
Қазақстан • Кеше
«Ел тағдырын айқындаған тәуелсіздік» тақырыбында форум өтті
Қазақстан • Кеше
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бригадасы дабылмен көтерілді
Қазақстан • Кеше
Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі
Руханият • Кеше
Елорда әкімдігі бірқатар инвестициялық жобаны қолдады
Экономика • Кеше
Маңғыстауда жалға берушілермен кездесу өтті
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 630 орындық көпсалалы аурухананың қазығы қағылды
Аймақтар • Кеше
Дариға Назарбаева Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығымен құттықтады
Парламент • Кеше
Маңғыстауда Төтенше жағдайлар департаментінде брифинг өтті
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Маңғыстауда Ассамблея «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізді
Руханият • Кеше
Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді
Парламент • Кеше
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Қазақстан • Кеше
Маңғыстауда полицейлер арасында чемпионат өтті
Аймақтар • Кеше
Оралда жастар бастамаларын қолдау жақсы
Аймақтар • Кеше
МӘМС: Тіркелген тұрғындар үлесі 90 процентке жетті
Қоғам • Кеше
Елордада Әбіш Кекілбайұлының атына көше берілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда бие сүті қосылған майонез шығарыла бастады
Экономика • Кеше
Мәслихаттар депутаттарымен кездесу өтті
Қазақстан • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің жаңа кеңесшісі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Linde AG өзара меморандумға қол қойды
Экономика • Кеше
Қоныс аударушыларды қолдау қандай?
Қоғам • Кеше
Алматы облысында 9 айда 1700 көлік апаты тіркелді
Қоғам • Кеше
Қазақстан Түркиямен әскери ынтымақтастықты кеңейтеді
Парламент • Кеше
Тәулігіне 15-16 тонна сүт алынады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Берілген тапсырмалар іске асырылғанда ұтымды
Үкімет • Кеше
Бизнесті жандандыратын бастамалар
Парламент • Кеше
Екіжақты іскерлік байланыс нығаяды
Президент • Кеше
Хоккей • Кеше
Футбол • Кеше
Руханият • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар