Қазақстан • 11 Қазан, 2018
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде құжаттарды қабылдау басталды
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар тіркеуіндегі кезектілер үшін құжаттарды қабылдауды жариялайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әлем • 11 Қазан, 2018
«Алтын Адам» Польшаның Гданьск қаласында
Қазан айының 10 күні Польшаның Балтық теңізіндегі қақпасы, елдің ірі ғылыми – мәдени орталықтарының бірі – Гданьск қаласы, Гданьск музейінде ҚР Ұлттық Музейінің «Ұлы Дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты көрмесі өз жұмысын бастады.
Қазақстан • 11 Қазан, 2018
Еуразия сөздігінде 2800-ден астам сөздер мен тіркестер бар
Қазіргі заманғы жан-жақты дамудың айқындаушы факторларының бірі – өңірлік экономикалық интеграция екендігі мәлім. Бұл ретте 2014 жылғы 29 мамырда қол қойылған шартқа сай 2015 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) өткен кезең ішінде өзінің өміршеңдігін көрсетіп, Елбасымыздың Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық идеясының нақты жүзеге асқанын дәлелдеген халықаралық интеграциялық бірлестік болып қалыптасты.
Әдебиет • 11 Қазан, 2018
Қыз Жібек келін болып түскен жер
Сұрасаң руымды –Жағалбайлы, жылқысын көптігінен баға алмайды. («Қыз Жібек» жырынан)
Жеңіл атлетика • 11 Қазан, 2018
Мақтануға әлі ерте - Аян Бейсенбаев
Индонезияда мәресіне жеткен Азия ойындарында қазақ баласы тұңғыш рет триатлонда жүлдеге ілікті. Оның есімі – Аян Бейсенбаев. Қуанышты сәтімен құттықтап хабарласқанымызда, 22 жастағы жігіттің жігеріне ғана емес, қарапайымдылығына да қуандық.
Қазақстан • 11 Қазан, 2018
Елбасы қойған міндеттерді орындауға әлеуетіміз жетеді - Жеңіс Қасымбек
Таяуда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй мәселесіне тоқталды. Онда Елбасы тұрғын үй құрылысына зор серпін беріп отырған «Нұрлы жер» бағдарламасының табысты іске асып келе жатқанын және тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағдарламасы қолға алынғанын атап өтті. Сондай-ақ Президент әкімдерге жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырды. Мұндай тұрғын үй сертификаттарын беру біліктілігі жоғары педагогтар, медицина қызметкерлері, полицейлер мен өңірге қажетті басқа да мамандар үшін ипотеканың қолжетімділігін арттыратынын алға тартты. Жолдауда жүктелген міндеттер туралы және тұрғын үй құрылысы саласындағы негізгі көрсеткіштер мен алдағы жоспарлар жайында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕКПЕН сұхбаттасқан едік.
Қазақстан • 11 Қазан, 2018
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі. Қатысушылар лебізі
Қазақстан • 11 Қазан, 2018
Рухани келісім – адамзатқа ортақ құндылық
Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен дінаралық үнқатысудың халықаралық деңгейдегі бірегей алаңына айналған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі өтті. «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін» тақырыбымен ұйымдастырылған Съезге 42 елден 82 делегация қатысты. Олардың арасында діни көшбасшылар, саяси қайраткерлер мен халықаралық ұйымдар өкілдері болды.
Үкімет • 11 Қазан, 2018
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Семей қаласында қала активімен және жұртшылығымен Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында алға қойылған негізгі міндеттерін түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.
Үкімет • 11 Қазан, 2018
Президент Жолдауы: ШҚО кәсіпорындары еңбекақыны көтеру шешімін қолдайды
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев бірқатар өнеркәсіптік нысандарды аралады. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының басты бағыттарын талқылау барысында бірқатар кәсіпорынның басшысы Жолдауға қолдау білдіріп, қызметкерлердің ең төменгі жалақыларын арттыру жөніндегі жоспарлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Премьер - Министрдің баспасөз қызметі.