Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018

Өңірдегі тұрақтылық – тәуелсіздікті нығайтудағы маңызды алғышарт

28 қыркүйек күні Тәжікстан астанасы Душанбеде Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) мүше мемлекеттер басшыларының кезекті саммиті өтеді. Оған Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Өзбекстан президенттері, Түрікменстанның вице-премьері қатысады деп жоспарланып отыр. Арадағы қалыптасқан байланыстарды одан әрі жетілдіруге бағытталған бірегей алаңда өзара саяси ықпалдастық, мәдени-гуманитарлық салаға қатысты ынтымақтастық, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланбақ.

Өнер • 27 Қыркүйек, 2018

Аққанатпен досымдай сырласамын - Айшолпан

Қазақ – қыраннан қырағылық пен еркіндікті, тұлпардан тектілікті бойына сіңірген халық. Сол асыл қасиеттің барлығын біз байөлкелік 17 жастағы қазақ қызы Айшолпан Нұрғайыпқызының бойынан тапқандай болдық. Жаһанданудың жаңалығы шартарапты шарлап, әлем жаппай жаңашылдыққа ұмтылғанда, өзінің дәстүрі мен салтына, ұлттық құндылықтарына деген риясыз құрметіне қылау түсірмей, керісінше қазаққа тән қасиетімен Алаш атын жер дүниеге мәшһүр етті. Бүгінде қолына қыранын қондырып, тұлпарын тақымдаған қазақ қызының бейнесі шартарапты шарлап кетті. Айшолпанды қазақтың ғана емес, күллі көшпенділердің абыройын көкке көтерген «қанатты қыз» десек бек жарасымды. Бүркітін баптап, қыз баласына таңсықтау осы бір қызық та қиын кәсіпті серік еткен арумен әңгімеміз саятшылық өнердің қыр-сыры аясынан өрбіді.

Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018

«Kazakh Tourism»: маңызды миссия арқалаған компания

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанда туризмді дамытуға ерекше маңыз беріп, осы бағытта Үкіметке нақты міндеттер жүктегені белгілі. Бұл орайда, Қазақстанның туристік орталық ретіндегі халықаралық аренадағы танымалдығын арттыру, ұлттық туристік брендті қалыптастыру және басқару, осы салаға инвес­тиция тарту арқылы отандық туризмді дамыту сынды маңызды миссияны табысты жүзеге асырып келе жатқан ұйым – «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ. 

Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018

Елордада БАҚ өкілдерінің басын қосқан айтулы шара басталды

Кеше Астанадағы «Қаз­медиа» орталығында дәс­түрлі «Astana Media Week» медиа-апталығы басталды. Басты тақырып – «DIGITAL MEDIA». Үш күн­ге созылатын шараға Қазақ­стан ғана емес, алыс-жа­қыннан шетелдік медиа­индустрияның топ-менеджерлері, елуден ас­там продакшн-компания өкілдері, аймақтық-шетелдік бұқаралық ақпа­рат өкілдері қатысуда.

Президент • 26 Қыркүйек, 2018

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысын қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Білім • 26 Қыркүйек, 2018

Нағашыбек Қапалбекұлының жаңа кітаптары оқырманға жол тартты

Ұлттық кітапханада «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының орыс тіліндегі «Таудан түскен тұман», «Кәшке батыр», қазақ тіліндегі «Суықтөбенің ұлары», сонымен қатар түрік тілінде жарық көрген  «Құс қанаты» атты әңгімелер жинағының таныстырылымы өтті.

Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2018

СДУ әлемге танылған бүркітші Айшолпанға білім грантын ұсынды

Дүние жүзінде ең жас құсбегі атанған қандасымыз Айшолпан Нұрғайыпқа СДУ университеті 100% білім грантын ұсынды.