Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018

Қазақстан ТРК мен Өзбек Ұлттық телерадиокомпаниясы меморандумға қол қойды

Астана қаласында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бастамасымен жыл сайын өтетін халықаралық Astana Media Week форумының аясында «Қазақстан» РТРК АҚ мен құрамына 20-дан астам Өзбекстанның үздік арналары кіретін Өзбек Ұлттық телерадиокомпаниясы арасында серіктестік жайлы меморандум бекітілді.

Өнер • 27 Қыркүйек, 2018

Иманжүсіп тұлғасы – қаһармандық үлгісі

Халық батыры, керемет композитор, ел ішіне кең тараған «Сарыарқа», «Сарымойын», «Ерей­ментау», «Бұғылы-Тағылы» сияқты көптеген әндердің авторы, көзі көрген адамдардың айтуы бойынша ән шырқағанда аспандағы құстардың өзі ғажап дауысын сілтідей тынып тыңдаған Иман­жүсіп туралы аз жазылмады да, айтылмады да. Тұңғыш рет 1913 жылы «Қазақ» газетінде фольклорист, ғалым Әуелбек Қоңыратбаев Қоқан хандығы тұсындағы Түркістан билеушісі Тұрғанбай Сіргебаевтың ата-тегін, оның баласы, Кенесары Қасымовтың серігі Құтпан Дайрабаевтың немересі, қазақ өнері мен ұлт-азаттық көтерілісте жарқын із қалдырған Иманжүсіптің тарихын баян етеді.

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018

Сеніммен өткен өмір

Биылғы тамыз айының соңғы күндері Сейілбек Шаухаманұлы дүниеден өтті деген суық хабарды мен іссапарда жүріп естідім.

Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018

Дәурен Абаев өңірлік БАҚ форумын ашты

Бүгін Astana Media Weeк аясында өңірлік БАҚ форумын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ашты.

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018

Ержүрек ұлын ұлықтаған ел

1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында ерен ерлік көрсетіп, ең жоғары марапатқа ие болған Михаил (Бимағамбет) Абдоловтың 100 жылдық мерейтойы батырдың туған жері Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жамбыл ауылында кең көлемде аталып өтті. 

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018

«Altai Invest-2018» форумында 110 жоба ұсынылды

Өскеменде «Altai Invest-2018» халықаралық форумы өтті. Маңызды жиынға Инвестициялар және даму министрінің, Ұлттық экономика министрінің орынбасарлары, Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) директоры, Франция, Оңтүстік Корея және Венгрия елдерінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшілерімен қатар 20 мемлекеттен 500-ден астам делегаттар қатысты.

Әдебиет • 27 Қыркүйек, 2018

Ақиқаты аңызға айналған Мүсілім Дайырбеков

Мүсілім Дайырбеков... Бұл есімді зиялы қауымның білмейтіні аз. Алдын көргендер жомарттығын жыр қылады. Атағын естігендер аңызын ауыздан-ауызға таратады. Ол туралы айтушылардың дені – ана ғасырдың сексенінші, тоқсаныншы жылдарындағы бір дәуір бір дәуірді ығыстырып, әлемнің алты құрлығын қалтыратқан алып империяның тарих аренасынан кету қарсаңын көзімен көріп, ойы, санасы арқылы өткізгендер.

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018

Жаңа орталық жұмысты жеңілдетеді

Бұрындары шетелдік азамат­тың Қазақстан аумағында еңбек етуі үшін берілетін рұқсат бес күн ішінде рәсімделетін еді. Енді бір сағаттың ішінде қажет құжаттарды заңдастыруға болады.

Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018

Сыртқы сауда көлемі – 77 млрд доллар

Кеше Астана қаласында Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қосылу жөніндегі Жетінші дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Оған әлемнің 40-тан астам елінің өкілдері қатысты.

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018

Қайта жаңғырған Түркістан

«Облыс орталығының Түркістанға көшірілуі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да аса маңызды» (Президент Н.Назарбаевтың Парламент депутаттары алдында сөйлеген сөзінен)