Үкімет • 21 Қыркүйек, 2018
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партия Астана қалалық филиалының кезектен тыс ХXVI конференциясына қатысты. Іс-шара барысында партия қызметін жаңғырту аясында қолға алынған жобалар және Президенттің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын қоғамдық бақылау жұмыстары пысықталды. Жиында қаралған басты мәселелердің бірі филиалдың жаңа төрағасын сайлау болғанын атап өткен жөн.
Білім • 21 Қыркүйек, 2018
Елімізде екі жылдан бері мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін арттырудың ілкі қадамы пайда болды. Ол – жалпыхалықтық диктант. Осы аралықта іс-шараның ауқымы кеңейгендігін оған қатысушылардың арта түскенінен көреміз.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2018
2017 жылы машина жасау өнімінің көлемі 1 трлн теңгеге жуық болды - Елбасы
Астанадағы EXPO Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушыларының VI Форумы өтіп жатыр. Шара барысында ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мамин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың форум қатысушыларына арналған құттықтау сөзін оқып берді.
Білім • 21 Қыркүйек, 2018
Әліпби ауыстыру – үлкен өзгеріс
Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық санамызға мықтап қозғау салған рухани жаңғыру идеясымен ұштасып жатқан тарихи шешім. Тоқталған әліпбиіміздің соңғы нұсқасы да мәдени жұртшылықтың назарында тұр. Қазақ тілі емле ережесін жасаудағы басты және қосалқы ұстанымдар қандай деген сауалға жауап алып, кейбір түйінді мәселелерді оқырманға нақты мысалдармен, ғылыми негіздерге сүйене отырып тарқатып беру үшін А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұргелді Уәли мырзамен әңгімелескен едік.
Президент • 21 Қыркүйек, 2018
Еліміздің тәуелсіздіктен бергі айтулы жетістіктерінің дені биыл жиырмасыншы белестен асып отырған елордамыздың тарихымен тығыз байланысты екені белгілі. Иә, Елбасы идеясы бойынша Есілдің жағасында жаңа елорданың бой көтеруімен еліміздің жаңа дәуірі басталды десек, артық айтқандық емес. Бүгінгі күні Астана көптеген маңызды геосаяси әрі халықаралық маңызды шешімдер қабылданатын орталықтардың біріне айналды. Астананы көшіру Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде орнықтыру тұрғысынан қажет едi. Жаңа байтағынан бастау алған экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобалардың, ауқымды саяси бастамалардың арқасында еліміз қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды. Елорда осы уақыт ішінде әлемдік деңгейдегі талай іс-шараның өтуіне ұйытқы болды. Солардың бірі де бірегейі – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі.
Үкімет • 21 Қыркүйек, 2018
Биылғы 28 қыркүйекте Мәжілісте «Жұмыспен қамту саласының проблемалары мен даму перспективалары» тақырыбында парламенттік тыңдау өтеді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Экономика • 21 Қыркүйек, 2018
Инвесторларды тарту мәселелеріне арналды
Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі Үкіметтік кеңестің отырысы өтті, онда Ұлттық инвестициялық стратегияны іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Саясат • 21 Қыркүйек, 2018
Еуразиялық әйелдер форумына қатысты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Әйелдер жаһандық қауіпсіздік пен орнықты дамуды қолдайды» атты Екінші еуразиялық әйелдер форумына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2018
Алматы облысына қарасты Сарқан ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай сол өңірдің Жоңғар Алатауы етігінде орналасқан табиғаты тамаша, ауасы саф, көркі көз сүйісіндертін Аманбөктер мен Екіаша ауылдарында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Парламент • 21 Қыркүйек, 2018
Кеңес Хатшылығының өкілімен кездесті
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) Хатшылығының атқарушы директоры, елші Гун Цзяньвэйді қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.