Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Білім • 20 Қыркүйек, 2018

Қостанайда математикалық білім беруге арналған «дөңгелек үстел» өтті

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Мектептер мен жоғары оқу орындарында математикалық білім берудің проблемалары» атты «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті. Оған облыстағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері, әдіскерлер мен білім ордаларының оқытушылары қатысты.  

Бокс • 20 Қыркүйек, 2018

Головкинге келесі кездесуде кім қарсылас болуы мүмкін?

BoxingInsider.com сайты қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль Альварестен кейінгі қарсыласы туралы болжам жасады.

Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2018

Қалам ұшындағы аманат

Әдебиет бойынша 2015 жылғы Нобель сыйлығы орыс тілінде жазатын белорус қаламгері Светлана Алексиевичке бұйырды. Дәл осы сыйлықтың Алексиевичке берілуі бір-біріне қарама-қайшы көзқарастағы пікірлердің жарыса жазылуына себеп болды. Америкалық, еуропалық сыншылар, публицис­тер, әлеуметтанушылар, этика мамандары, философтар мен психологтар оның еңбектерін роман деңгейіндегі публицистикалық шығармалар санатына қосып, автордың өзін философиялық, психологиялық, этикалық, әлеуметтік аса күрделі мәселелерді алға шығарған озық ойлы жазушы ретінде асқақтата бағалады. Осы тұста айта кетелік, Алексиевичтің өзі болса, айналысып жүрген жанрына «сезімдер тарихы» деп анықтама берген еді.    

Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2018

Мағжан поэзиясындағы Ұлы Дала рухы

Мағжан «Пайғамбар» дейтін өлеңінде:  Күншығыста ақ алтын бір сызық бар,  Мен келемін, Мен Пайғамбар – Күн ұлы – деп, көңілі көсем, от рухты «сиқырлы даланың баласы» ғайыптың елшісіндей, ұлы тілектің, асқақ мұраттың, пәк, парасатты ұстанымның, пайымшыл көзқарастың жарығымен, қуатымен нұрланған жанды суреттеулерге жүгініп, жер-дүниені дауылпаз дауысымен дүбірлетеді. «Күншығыста ақ алтын бір сызық бар» дейтін сөйлемінің бір мағынасын былайша түсіндіруге болады. 

Театр • 20 Қыркүйек, 2018

Каспий жағалауындағы достық думаны

Ақтау қаласында өткен жылдан бері қолға алынып, жөні мен жүйесін тапқан тамаша бір мәдени дәстүр бар. Ол – Каспий жағалауы елдері театрларына ортақ өнер думаны. Қарт теңізді жағалай жайлаған жұртшылықтың сахналық қарымын сарапқа салатын айтулы шара былтыр Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтойына арналса, биылғы өнер мерекесі Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, театр және кино өнерінің саңлағы, актер Нұрмұхан Жантөриннің 90 жылдығына орайластырылыпты.  

Президент • 20 Қыркүйек, 2018

Ынтымақтастық нығая түседі

Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Гои бейбітшілік қоры (Жапония) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Өнер • 20 Қыркүйек, 2018

«Үйеңкінің түбінен үйіріп алған, қобызым»

Тілеп Аспантайұлы атындағы ішекті-қыл аспаптарында орындаушылардың ІІ ха­лық­аралық байқауына 15 елден өнерпаз қатысты. Бас жүлде «Тұран» этно-фольклорлық ан­самблінің қобызшысы, ал­ма­тылық Мақсат Медеу­бектің еншісіне тиді.

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2018

Текті төріміз Түркістанды түлетейік!

Елбасының Түркістан облысы туралы Жарлығы шыққалы бері редакциямызға ел өңірлерінен ризашылыққа толы хаттар легі толастаған емес. Алыс-жақын бауырлас елдердің мемлекет және қоғам қайраткерлері де бұл шешімді зор қуанышпен қарсы алып, түгел түркінің түпқазығы, киелі ордасы саналатын Түркістанның қайта түлейтіндігіне ризашылықтары мен қолдау пікірлерін жолдағаны мәлім. Олардың көпшілігін газетіміздің бетінде жариялаған болатынбыз. Осындай тағы бір ерекше хат редакциямызға кеше келіп түсті. Тілегі бір туысқан мемлекеттер – Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстанның қаламгер-қайраткерлері қол қойған бұл хат барша түркі жұртын Түркістанды түлетуге үндейді. Біз осы үндеу-хатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Әлем • 20 Қыркүйек, 2018

Ортақ мүддеге ұмтылыс

Кеше Пхеньян қаласында Сеул уақытымен таңертеңгі сағат 11-ден 20 минут кеткенде қос Корея арасында тарихи маңызды құжаттарға қол қойылды. Алғашқы болып екі елдің басшылары Мун Чже Ин мен Ким Чен Ын Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы әскери сала бойынша келісімге қол қою рәсімін бастады. Одан кейін олардың қатысуымен екі елдің қорғаныс министрлері мемлекет арасындағы маңызды әскери құжатқа қол қойды.  

Өнер • 19 Қыркүйек, 2018

Елбасы көрмесі – Атырауда

Атыраудағы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейіне «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесінің жәдігерлері қойылды.