Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2018
Мағжан поэзиясындағы Ұлы Дала рухы
Мағжан «Пайғамбар» дейтін өлеңінде: Күншығыста ақ алтын бір сызық бар, Мен келемін, Мен Пайғамбар – Күн ұлы – деп, көңілі көсем, от рухты «сиқырлы даланың баласы» ғайыптың елшісіндей, ұлы тілектің, асқақ мұраттың, пәк, парасатты ұстанымның, пайымшыл көзқарастың жарығымен, қуатымен нұрланған жанды суреттеулерге жүгініп, жер-дүниені дауылпаз дауысымен дүбірлетеді. «Күншығыста ақ алтын бір сызық бар» дейтін сөйлемінің бір мағынасын былайша түсіндіруге болады.
Театр • 20 Қыркүйек, 2018
Каспий жағалауындағы достық думаны
Ақтау қаласында өткен жылдан бері қолға алынып, жөні мен жүйесін тапқан тамаша бір мәдени дәстүр бар. Ол – Каспий жағалауы елдері театрларына ортақ өнер думаны. Қарт теңізді жағалай жайлаған жұртшылықтың сахналық қарымын сарапқа салатын айтулы шара былтыр Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтойына арналса, биылғы өнер мерекесі Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, театр және кино өнерінің саңлағы, актер Нұрмұхан Жантөриннің 90 жылдығына орайластырылыпты.
Президент • 20 Қыркүйек, 2018
Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Гои бейбітшілік қоры (Жапония) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Өнер • 20 Қыркүйек, 2018
«Үйеңкінің түбінен үйіріп алған, қобызым»
Тілеп Аспантайұлы атындағы ішекті-қыл аспаптарында орындаушылардың ІІ халықаралық байқауына 15 елден өнерпаз қатысты. Бас жүлде «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің қобызшысы, алматылық Мақсат Медеубектің еншісіне тиді.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2018
Текті төріміз Түркістанды түлетейік!
Елбасының Түркістан облысы туралы Жарлығы шыққалы бері редакциямызға ел өңірлерінен ризашылыққа толы хаттар легі толастаған емес. Алыс-жақын бауырлас елдердің мемлекет және қоғам қайраткерлері де бұл шешімді зор қуанышпен қарсы алып, түгел түркінің түпқазығы, киелі ордасы саналатын Түркістанның қайта түлейтіндігіне ризашылықтары мен қолдау пікірлерін жолдағаны мәлім. Олардың көпшілігін газетіміздің бетінде жариялаған болатынбыз. Осындай тағы бір ерекше хат редакциямызға кеше келіп түсті. Тілегі бір туысқан мемлекеттер – Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстанның қаламгер-қайраткерлері қол қойған бұл хат барша түркі жұртын Түркістанды түлетуге үндейді. Біз осы үндеу-хатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Әлем • 20 Қыркүйек, 2018
Кеше Пхеньян қаласында Сеул уақытымен таңертеңгі сағат 11-ден 20 минут кеткенде қос Корея арасында тарихи маңызды құжаттарға қол қойылды. Алғашқы болып екі елдің басшылары Мун Чже Ин мен Ким Чен Ын Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы әскери сала бойынша келісімге қол қою рәсімін бастады. Одан кейін олардың қатысуымен екі елдің қорғаныс министрлері мемлекет арасындағы маңызды әскери құжатқа қол қойды.
Өнер • 19 Қыркүйек, 2018
Атыраудағы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейіне «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесінің жәдігерлері қойылды.
Әдебиет • 19 Қыркүйек, 2018
Ұлттық академиялық кітапханада Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, драматург, киносценарист, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Əкім Таразидың 85 жылдық мерейтойына арналған «ТАРАЗИ ТАҒЫЛЫМЫ» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның аясында «Әкім Тарази – кинодраматург. «Тұлпардың ізі»: сценарийден фильмге дейін» (авторы: кинотанушы, өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Кинематографистер Одағының мүшесі Нәзира Рахманқызы Мұқышева) және «Жазушы жаны. Әкім Тарази прозасындағы ұлт болмысы»» (авторы: ақын, журналист, өнертану ғылымдарының магистрі Ұларбек Нұрғалым) аты кітаптарының тұсаукесері өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақ ұлттық өнер университетінің қолдауымен жарық көріп отырған кітаптар таразитанудың алғашқы қарлығаштары болып есептеледі.
Үкімет • 19 Қыркүйек, 2018
Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастығы дамуға бағытталуда
Қазақстан мен Гамбия Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) сияқты халықаралық және аймақтық құрылымдар арасында тығыз ынтымақтастықты одан әрі дамытуда. Бұл туралы бүгін Астанада Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келген Гамбия Республикасының Сыртқы істер министрі Мамаду Тангарамен өткен кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Өнер • 19 Қыркүйек, 2018
Жұмақын Қайрамбаев – шығармашылығының өзіндік мәнері қалыптасқан шебер суретші. Ол бүгінгі Қазақстан кескіндемесіндегі жаңа реализмнің белді әрі беделді өкілдерінің бірі, қазақ қауымына белгілі тұлға. Санк-Петрбургтегі тамыры терең өнер ордасын тәмамдаған суретші қылқаламнан қолын үзбей бүгінгі күнге дейін шығармашылықпен айналысып келеді. Ж.Қайрамбаев дәстүрлі өнер мұраларын бүгінгі кескіндеменің мүмкіндіктерімен қатар меңгерген шебер.