Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
61075 материал табылды

02 Ақпан, 2019

Қостанайда «Алтынсарин оқулары-2019» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде дәстүрлі «Алтынсарин оқулары-2019» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 

01 Ақпан, 2019

Алматыда үкімет басшыларының кездесуі өтті

Алматыдағы «Royal Tulip Almaty» қонақ үйінде жалғасқан үкімет басшыларының кездесуі ЕАЭО аясындағы интеграциялық өзара ықпалдастық бойынша бірқатар мәселелерді қарастыруда.

01 Ақпан, 2019

Шекарадан заңсыз тауар тасымалдаушылар қатары көбейіп жатыр

«Қорғас» шекаралық бақылау отрядының аумағында кеше кешкілік 22 жастағы қазақстандықтан шекарашылар декларацияланбаған, жалпы салмағы 30 кг-дан асатын жүк (ұялы телефонның керек-жарақтары, «смарт-сағаттар», сымсыз құлаққаптар т.б.) анықтап, актімен «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

01 Ақпан, 2019

Әлем елшісі кәмелетке толды

Осыдан 13 жыл бұрын кіп-кішкентай Нари екі елдің достығына дәнекер болып, БАҚ өкілдерінің назарын өзіне аударған еді. Осылайша бар болғаны 3 жасар Нари Ермұханова дүниежүзі бойынша Әлем елшісі атағын иеленген үшінші қыз атанды. Олардың алғашқысы Мәскеуге келген америкалық оқушы Саманта Смит болса, екіншісі АҚШ-тың бұрынғы президенті Рональд Рейганға хат жолдаған мәскеулік Катя Лычева болатын.

01 Ақпан, 2019

Сүйегі асыл Сұлухан әже

Жетісудың қарт тұрғынының бірі Сұлухан әже Райымбек ауданының Қарасаз ауылын­да тұрады. Жалпы, әйгілі Мұқағали жырлаған өлкеде ұзақ жасаған адамдардың қарасы бір шоғыр. Солардың арасындағы егделеуі осы – Сұлухан әже.

01 Ақпан, 2019

2018 жыл бойынша Қарулы Күштерінің қорытынды конференциясы өтті

Орталық коммуникациялар қызметінде 2018 жыл бойынша ҚР Қарулы Күштерінің қызмет қорытындысына арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров қатысты.

01 Ақпан, 2019

Агросекторда нәтижелі істің негізі қалануда

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің баян­дамасын тыңдай келе айтқан мына бір сөзі еліміздегі ауыл шаруа­шылығы саласының даму бағыты мен болашағын дөп басқандай болды.

01 Ақпан, 2019

Қарекең (әңгіме)

«Қазақ даласына бір зоба­лаңнан соң бір зобалаң тап болып, айрықша қысастықтан көз аша алмаған қытымыр заманда дү­ниеге келіп, көз ашқан осы бір ұрпақ қандай қайсар еді?! Аштықтың орнын арманмен, жоқтықтың орнын таудай талаппен, жетімдіктің орнын жасымас жігермен толтырып, ошақтың орнындағы сояудай айбынын жықпай, айылын жимай андыздап өсе берген. Өрт жіберсең де, желегін жалынға күйдіргенмен, өзегіне от дарытпай, қайтадан өніп, қайтадан өрбіген, алшындай азуға іліксе де, ажалға бой алдырмаған. Соның арқасында оталған орман қайта көгеріп, қуар­ған тақыр қайта құлпырған. Өздері туғанда өртеңге шалдық­қан айтулы ұрпақтың орнын ба­сып, ізін жалғастырып, тұяқ­­тың орнына тұяқ болып қосы­лып, толымды өтеу бола ал­ған. Абыройлы ұрпақ. Өз бақы­тын өзі сомдаған жасампаз ұр­пақ. Ұлттық намысымыздың жы­ғылмас туындай тәкаппар ұр­пақ».