Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 24 Тамыз, 2018

Депутаттар Алматыда «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығын аралады

Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева бастаған депутаттар тобы атап айтсақ, С. Сейдуманов, С. Бычкова, Г. Иксанова Алматы қаласына жұмыс сапары барысында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» қоғамдық қорына барды.

Аймақтар • 24 Тамыз, 2018

Алматыда «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» шарасы өтті

Алматы қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында басталған «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық шарасы аясында көп балалы отбасыларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетуге барша мектеп ұжымдары жұмыла кіріскен.

Қазақстан • 24 Тамыз, 2018

Сенат депутаты Динар Нөкетаева Алматыға жұмыс сапарымен барды

Астананың 20 жылдығына арналған «Туған ел» телебағдарламасына қатысқан сенатор онда  Елорда  мен тұтастай республиканың дамуы туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, Д.Нөкетаева «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберіндегі Парламентінің заң шығарушылық қызметіне де тоқталып, қабылданған заңдардың мән-маңызына жан-жақты  түсініктеме берді. 

Спорт • 24 Тамыз, 2018

Азиада-2018: Джиу-джитсудан Қазақстан спортшылары екі қолаға иелік етті

Джиу-джитсудан Қазақстан командасының мүшелері бүгін екі қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан • 24 Тамыз, 2018

Сапасыз темір жол өнімдерін қолданыстан алып тастау ұсынылды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Азовэлектросталь» және «Кременчуг болат құю зауытының» сапасыз темір жол өнімдерін қолданыстан алып тастауды ұсынды

Президент • 24 Тамыз, 2018

Президент Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының отырысына қатысты

Қарсы алу рәсімі аяқталған соң, мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстары өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Технология • 24 Тамыз, 2018

Microsoft «Самұрық-Қазынадан» тағылымдамадан өтуші жастарға дәріс оқыды

Екі күн «Microsoft» компаниясы «Самұрық-Қазына» АҚ және Қордың қоржындық компанияларында «Цифрлық жаз 2018» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуші жастарға дәріс оқыды. Бұл туралы бүгін «Power BI арқылы ілгері талдау жасау» курсы барысында «Microsoft» компаниясының деректері талдау құралдары бойынша маманы Санжар Мырзағалым мәлімдеді. Ол ақпараттық технологиялардың маңыздылығын атап өтіп, тағалымдамадан өтуші жастар бәсекеге қабілетті болу үшін озық технологияларды қалай пайдалануға болатынан көрсетті.

Аймақтар • 24 Тамыз, 2018

Шаруаға су тапшылығы мен жанармайдың қымбаттауы кедергі болмауға тиіс

Сенат депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов арнайы іс-сапармен  Қызылорда облысында болып,  Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш және Қазалы ауданының тұрғындарымен, шаруа қожалығымен, аудандық маслихат депутаттарымен, ЖШС ұжымдарымен, сондай-ақ аудан белсенділерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Сенаттың Баспасөз қызметі.

Теннис • 24 Тамыз, 2018

АҚШ-қа Қазақстанның үш теннисшісі аттанады

27 тамызда Нью-Йоркте АҚШ-тың ашық біріншілігі басталады. Әлемнің ең үздік теннисшілерінің басын қосатын «Үлкен дуылға» санатындағы турнирде Қазақстанның үш ойыншысы өнер көрсетеді. Олар – Юлия Путинцева, Зарина Диас және Михаил Кукушкин.

Яндекс.Метрика