Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90786 материал табылды

Президент • 13 Тамыз, 2018

Құрық мультимодальды хабы іске қосылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында 11 тамызда Құрық портындағы паром кешені мультимодальдық көлік хабының таныстырылымына қатысты. Елбасы аталған шара аясында телекөпір режімінде «Құрық порты – «Тажен» шекаралық кеден бекеті», «Құрық порты – «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы құрғақ порты» мультимодальды бағыттар бойынша қатынайтын автомобиль және темір жолдарын іске қосты.

Президент • 13 Тамыз, 2018

«Каспий конституциясы» қабылданды

Ақтауда Каспий теңізі жағалауындағы бес мемлекет қана емес, теңіздің геосаяси және өзге де қолай­лылығына қызы­­ғу­шылықпен қарап, оған қатысты жағдайды қада­ғалауды ұмыт қалдыр­май­тын алыс-жақын елдер­дің назарын аудар­ған Бесінші Каспий сам­миті аяқталды. Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан Респуб­ликасының Прези­денті Ильхам Әлиев, Иран Ислам Рес­публикасы­ның Президенті Хасан Рухани, Ресей Федерациясының Прези­денті Владимир Путин, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатыс­қан айтулы шара өзара татулық, жоғары түсіністік деңгейінде өтті. Ең бас­тысы, Ақтау саммиті бес мемлекет арасын­дағы көп жылдан бергі келіссөздердің нәти­жесі сынды тарихи құжат – Каспий теңізінің құқық­тық мәртебесі туралы кон­венцияға қол қойы­луымен ерекшеленді.

Қазақстан • 12 Тамыз, 2018

Каспий тұрақтылық пен қауіпсіздіктің теңізі - Әзербайжан президенті

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Каспий саммитінде қол қойылған Конвенцияның мүмкіндігіне баға берді.

Президент • 12 Тамыз, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қазақстанға келген Түрікменстан Президентіне ілтипат білдіріп, халықтарымызды тарихи әрі бауырластық қатынастар байланыстыратынын айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қазақстан • 12 Тамыз, 2018

Каспий саммитінің қорытындысы

Елбасы Бесінші Каспий саммитінің Каспий теңізінің халықаралық күні қарсаңында өтуінің символдық мәні бар екенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан • 12 Тамыз, 2018

Келесі Каспий саммиті Түрікменстанда өтеді

Алтыншы Каспий саммиті Түрікменстанда өтеді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Саясат • 12 Тамыз, 2018

Каспий саммитінде бес елдің ведомстволары бірқатар құжаттарды бекітті

Бүгін Каспий саммитінде бес елдің арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды. 

12 Тамыз, 2018

Мажарстанда «Тұран» халықтар құрылтайы өтіп жатыр

Мажарстанның Бугац қаласында 10-шы халықаралық «Тұран» халықтар құрылтайы басталды.

Аймақтар • 12 Тамыз, 2018

ШҚО оқушылары үшін 1,5 миллион оқулық жеткізіледі

ШҚО-дағы жаңа оқу бағдарламасымен оқитын сыныптар үшін 1,5 миллионға жуық оқулыққа тапсырыс берілген, деп хабарлайды altaynews.kz

Әлем • 12 Тамыз, 2018

Мажарстанда Астананың 20 жылдығына орай фотокөрме ашылды

Республикалық «Егемен Қазақстан» газеті мен «ҚазАқпарат» ХАА, Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен Қазақстанның Венгриядағы Елшілігі ұйымдастырған «Ұлы дала рухы»  фотокөрмесі ашылды.

Яндекс.Метрика