Қаржы • 08 Тамыз, 2018
ҚМГ біртұтас операциялық компания болуға бет бұрды
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Сауат МЫҢБАЕВ сұхбатта «толағай табысқа алып келетін жадағай жеңістер» туралы әңгімелейді.
Президент • 08 Тамыз, 2018
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді
Кеңес барысында Нұрсұлтан Назарбаев 25 жыл ішінде Қазақстан Қарулы Күштері мемлекет пен жеке құрамның күш-жігерінің арқасында мықты әскери әлеуеті бар ел тәуелсіздігінің сенімді тірегіне айналғанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 08 Тамыз, 2018
Бүгінгі күндері Еуразия аумағындағы жеті мемлекетте төртінші халықаралық армия ойындары өтуде. Аты айтып тұрғандай, тек заманауи армияның үздіктері қатыстырылатын сайыстың мәні жыл өткен сайын артып келеді. Оның үстіне биыл ойындарды өткізу географиясы кеңейіп, жарыстың көрігі қыза түсті.
Қазақстан • 08 Тамыз, 2018
Сарбаздар кез келген қиындықты еңсеруге дайын
Биылғы халықаралық армия ойындарындағы өзгерістерді, сайыстардың алғашқы нәтижелерін білу мақсатында Қорғаныс министрлігі Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Әділбек АЛДАБЕРГЕНОВКЕ хабарласып, бірер сауалымызға жауап алған едік.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2018
Түркістан облысында суармалы жер көлемі ұлғаяды
Түркістан облысының 9 миллион гектар жайылым алқабы бар, оның 2 миллион гектары ірі фермерлердің меншігінде болса, тағы 2 миллион гектары игерусіз бос жатыр. Жалпы, еліміздегі барлық ауыл шаруашылығы жерлерінің бар-жоғы 7 проценті суармалы егіс алқаптары. Сол аз ғана жер еліміздің барлық ауыл шаруашылығы өнімінің 40 процентін беріп отыр. Бұл көрсеткіш суармалы егістіктің қаншалықты тиімді екенін байқатады. Әсіресе Түркістан облысы үшін бұл мәселе маңызды. Сондықтан облыстағы пайдаланылмай жатқан алқаптарды тездетіп қайта айналымға қосу қажет.
Үкімет • 08 Тамыз, 2018
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының биылғы 6 айдағы қорытындысы талқыланды. Сонымен қатар жиында Ұлттық бірыңғай тестілеу мен оқу орындарына түсу бойынша емтихандардың қорытындысы баяндалды. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде көрсетілген жобаларды жүзеге асыру барысы да кеңінен сөз болды.
Қазақстан • 08 Тамыз, 2018
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі басталды
Елімізде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі басталды. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығымен бірлесе отырып, жобаға өтініш қабылдауды бастап кетті. Бұл жолы жаңа кандидаттарды іріктеу Қазақстандағы қызмет түрлерінің көрнекілігін кеңінен таныстыру және азаматтық бастамаларға қолдау көрсету мақсатында институционалды әдіс принципімен жүргізілетін болады.
Жекпе-жек • 07 Тамыз, 2018
Азия ойындарына қатысатын жекпе-жек шеберлері анықталды
Жакартада алауы тұтанатын жазғы Азия ойындарына жекпе-жек түрлері бойынша қатысатын спортшылар толықтай анықталды. Біздің өрендер бұл жарыста самбо, джиу-джитсу, ушу және кураштан өнер көрсетеді.
Қазақстан • 07 Тамыз, 2018
Асхат Рыспаев Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Өкімімен Асхат Наурызбайұлы Рыспаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 07 Тамыз, 2018
Сәкен Жасұзақов Қорғаныс министрі қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Сәкен Әділханұлы Жасұзақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі қызметінен босатылды,деп xабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.