Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 31 Шілде, 2018

«Сібір Мис­сиясы – 2018» экспедициясының қатысушылары мен ҚХА өкілдері кездесті

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Сібір Мис­сиясы – 2018» экспедициясының қатысушылары мен Қазақстан хал­қы Ассамблеясы өкілдері кездесті. Аталған экспедицияны Лит­ваның «Яунемс» қайырымдылық қоры ұйым­дастырды.

Тарих • 31 Шілде, 2018

Бір әулеттен майданға аттанған бес боздақ

Екінші дүниежүзілік соғыс қасіретінің ауырлығы соншалық, қан майдан аяқталғалы 73 жыл болса да көңіл мен жүректегі нала әлі де елес беріп жатады. Соның бірі, Аягөз ауданына қарасты Бозай ауылынан аттанған боздақтар жайын көпшілікке жеткізуді азаматтық борышым деп білдім. Мән-жайды рет-ретімен баяндасам, ойы сергек оқырман менің не үшін шырылдап жүргенімді пайымдай жатар. Бір әулеттен бес бірдей боздақтың майдан даласына аттанып, хабар-ошарсыз қалуы, олардың әлі күнге дейін еленбей келгені көңіліме байыз таптырмағандықтан осы бір шаруаны қолға алған едім.

Руханият • 31 Шілде, 2018

Ш. ЖЫЛҚЫБАЕВА. Мақал-мәтелдердегі ұлттық тәрбие

Әлемдегі әр халықтың рухани мұрасында фольклорлық шығармаларында, қолөнерінде, би өнерінде ұлттық дүниетанымы айқын көрінеді. Ел тағдыры да даналық сөз өрнектерінде сайрап жатыр. Тәрбие ұғымының түп-тамырына үңілсек, ұлттың рухани құндылықтарында теориялық негізі, яғни тәрбиенің «шарттары» берік орныққандығын аңғаруға болады. Мәселен, бесік жырын айтқанда, сөздің күші ананың жүрек мейірімі арқылы сәби санасына нұрлы қасиет дарытады. Немесе күнделікті балалар ойынында пайдаланылатын тақпақ-өлеңдер келешек тұлғаның рухани болмысының қалыптасуына, ақыл-ойының толысуына әсер ететін тәрбие құралы санатында. 

Қоғам • 31 Шілде, 2018

Туристік маусым табысты өтіп жатыр ма?

Жерұйығы Жетісу өлкесінің қай бұры­шы да туризмнің туын көтеруге да­йын әрі лайық. Ал демалушылар легі­нің толастамауына қарап биыл Алакөл жағалауының аты озып тұр деуге әбден болады.

Аймақтар • 31 Шілде, 2018

Шыңғожалық балаларға құны 2 миллион теңгеден асатын әдемі ойын алаңы тарту етілді

Аягөз ауданының Шыңғожа батыр ауылы­ның осыдан 15 жыл бұрын мектеп бітірген түлектері ауылдастарына ерекше сый жасады. Олар шыңғожалық балаларға құны 2 миллион теңгеден асатын әдемі ойын алаңын тарту етті.

Аймақтар • 31 Шілде, 2018

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Қостанайға келді

Қазақтың кең байтақ жерінің асты Менделеев кестесі түгел табылатын кенімен ғана емес, ежелгі бабаларымыздың өркениетіне куә қазыналарымен де бай ғой, шіркін! «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің Қостанайға төрт күнге келген көрмесі осының дәлеліндей.

Өнер • 31 Шілде, 2018

Шыны бұйымдардың шебері – Анна Герман

Қызылжар өңірінде шыны шикізатынан түрлі бұйымдар жасап, оны пайдалы кәсіпке айналдырып отырғандардың бірі – Анна Герман. Ол алғашқылардың бірі ретінде осы саланың да­муына өз үлесін қосып, бүгінде тапсырыс бойын­ша да жұмыс істейді. Айтуына қа­ра­ғанда кіш­кентай кезінен балшықтан, қыштан әр­түрлі зат­тар жасауға бейім болыпты. Есейе келе ше­берлігін жетілдіру мақсатымен Ресей­дің Екатеринбург қаласындағы шыны өн­дірісі акаде­миясына оқуға түсіп, көпшілікке беймәлім қолөнердің қыр-сырын терең игеруге ден қояды.

Руханият • 31 Шілде, 2018

Жүз жыл жұптасқан ғұмыр (ғибрат)

Мына фотода тұрған қария мен кейуана бір шаңырақ астында 100 жыл бірге ғұмыр кешіпті. Ақсақалдың аты – Ақбай да, анамыздың есімі – Камила екен. 1970 жылдардың аяғында қос қария шаңырақ көтергеніне бір ғасыр толуына орай кіндігінен тараған ұрпақ-жекжаттары Бай-өлке аймағының (Моңғолия) Делун дейтін ауылында үлкен той өткізіпті.

Аймақтар • 31 Шілде, 2018

Құланда «Люб­с­кая» тұқымды 166 мың түп шие отырғызылды

Жамбыл өңірінде ауылды аймақтарды көгалдандыру жұмысы айтарлықтай деңгейде қолға алынған. Бұл тарапта мемлекеттің қолдауы да аз емес. Кезінде Жамбыл ауданында атақты «Шайқорық бауы» қолға алынып, 50 гектар жерге алма егу жұмыстары қарқын алған болатын. Қазір аталған жоба өз жемісін беруде. Бұл бастама бүгінде Т.Рысқұлов ауданында жалғасын тауып отыр.

Медицина • 31 Шілде, 2018

Қайта оралған туристе қайыр бар

Алматы қаласының маңындағы Шымбұлақ тау шаңғысы курортында III халықаралық тау және спорт фестивалі аяқталды. Үш күнге созылған шарада таулы жарыстар ұйымдастырылып, Денсаулық күні де өтті. Бірақ мұндағы басты оқиға – фестиваль аясында өткен дәстүрлі Халықаралық тау форумы болды.

Яндекс.Метрика