Серік НЕГИМОВ
Серік НЕГИМОВҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
31 материал табылды

07 Қыркүйек, 2017

«Артық ғылым кітапта»

Академик-жазушы Сәбит Мұқанов бір әңгімесінде Ақтөбе облысынан бір қария әрі жалынды, әрі жалынышты мазмұнды хат жазғанын, онда ер­ке, тентек, кенже ұлы­ның Ақтөбе қа­ла­сында тракторшылар курсында оқып жүргенде бір инабатты, әдепті қыз­бен уағдаласып, сонан соң, ол бойжет­кен үйінің ұлы да, қызы да өзі еке­нін түсіндіріп, әкесінің рұқсатын алу керек­тігін айтып, шарт қойғанын, сөйтіп, баласына қыз айттыру үшін 5-6 машинамен үйіліп-төгіліп барғанын, 3-4 күн салтанатты той болғанын, соңында қыз әке­сі: «Ежелден киітті күйеу баланың әкесі кигізуші еді.

27 Шілде, 2017

Шыңғыс хан құбылысы

Ұлы Дала империясын құдіретпен негіздеген Шыңғыс ханның керемет қабілет-әрекеттермен мұздай қа­рула­нуы, өзі тапқан-таныған өнерін, өнегесін, тәжірибесін мемлекет басқару ісінде даналықпен қолдана білуі, 1206 жылы мамыр айында Онон өзенінің бас-тауында Керуен-Сарайда баһадүрлер, көсемдер, ағыл-тегіл шұбырған тайпалар, палуандар, құсбегілер, атбегілер, жыршылар жиналып, Ұлы құрылтай ұйымдастырып, ескі заңдарды іріктеп-сұрыптап, таңдамалыларын біртұтас жүйеге түсіріп, саяси-тарихи, әскери, құқықтық-конституциялық құжат «Ұлы Жасақты» мәлім етуі – міне, заманалық тұлғаның осындай бай, байтақ эпикалық шежіресі түгесілмейді.

19 Шілде, 2017

Аттиланың афоризмдері

Ойшыл Шәкәрім: «Айтайын Ат­тиланың қылған ісін, Сиқыр деп ойлаған жұрт қайрат-күшін... Азия­ны түгел билеп, Еуропаның көбі ауған, Аттиладан қорыққаны үшін...» дегендейін, Скандинавия халық­тарының жырларында, герман эпосында, «Ұлы Эддада» пілге шабатын арыстан іспетті азулы ер, атақты қолбасшы, айтулы дипломат, ерлікті 12 жасында көрсеткен Аттиланың ба­тыр тұлғасы жырланады, оның тол­қын топтың алдында құрыштан құйылған нақыл сөздерді төгілте толғай­тындығы тәптіштеп айтылады.

11 Шілде, 2017

Сөз өнері – қазына

М.Әуезов музей-үйінде Алматы қалалық Қазақ әдебиеті мен өнер университеті ұлт руханиятының жанашыры әрі жаршысы академик Рахманқұл Бердібайдың жетекшілігімен ұзақ жылдар бойы жүйелі қызмет жасағаны баршамызға мәлім. Сол кездерде ұлт мәдениеті мен ғылымының майталмандары Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Әлкей Марғұлан, Ақжан Машани, Ісмет Кеңесбаев, Орынбек Жәутіков, Кемел Ақышев мазмұнды лекциялар оқып, тыңдармандардың мейірін қандырып, ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын, көзқарасын, рухани болмысын жетілдірген-ді.

30 Маусым, 2017

Алтын бесік

Ескісін жамап, ешкісін сауып, қойын құрттап, айранын ұрттап мал­шылықпен, бақташылықпен, ұс­та­лықпен, саятшылықпен, аң­шы­лық­пен шұғылданған қарапайым қа­зақтың әрбір ауылында алтын ба­лық үйіріндей ақылды, арлы ақ­са­қал­дардың «Сүйек сындырма, ата атан­дыр­ма!» немесе «Жер – Ана, Орман – Ата, Су – Қан», «Ауа – Жан», «Жел – Рух» дейтін асыл ойлары мен әйгілі ізгілікті әрекеттері болатын. Міне, осы жағдай сол бір көбелек қуған, қо­зы, бұзау баққан, тезек терген, отын-су тасыған ауыл балаларының әде­п­ті дағды-машығын, таным-тү­сі­ніктерін, көзқарасын, ой-санасын, тө­зім-рухын, тұрмыс-тіршіліктегі ұс­танымын қалыптастырған еді.

15 Маусым, 2017

Қасиетіңе бас идік, Қазақ жері!

Әуелі Құдай барша жақсы­лықтары мен өлшеусіз игіліктерін жерге жомарттықпен дарытқан. Жердің қырық мың қырлы қасиеті бар.

23 Мамыр, 2017

Ұстаз тұлғасы

Қазақтың ұлт мектебінің бабасы, білім беру ісінің теңдесі жоқ ұй­ым­дастырушысы, оқытушыларды да, оқушыларды да тұтастай жан-тә­ні­мен, сана-сезімімен білімге, өнер­ге, дүние тануға құлшындырып-қы­­зықтырып, ойын оятып жігер­лен­­діруші, қоғам алдында, ұстаз мәр­те­бесін асқақ та, абыройлы тұлғаға, ел мұғалімі, ұлт тәрбиешісі, халық қыз­меткері дәрежесіне биіктетуші, әділ­ді­гі, шыншылдығы, білімдарлығы, мейір­бандығы, бір-бірімен шебер үй­лесім тапқан Ыбырай Алтынсарин еке­ні әмбеге аян. 

20 Сәуір, 2017

Рухани жаңғыру күретамырлары

Тәуелсіздіктің бесігінде тербелген, Мәңгілік Елдің іргетасын қалаған, әлем­дік қоғамдастықта өзіндік дауысы бар Қазақстанның үшінші жаңғыруына қадам басқанда стратегиялық дамудың, ізгі мақсаттардың қайнар көздері мен күретамырын нақты, дәл, дөп айқындау, тереңнен тану ең бір абзал, өнегелі іс болса керек-ті. Бұл ретте ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» дейтін кең құлашты мақаласында кесек-кесек парасатты пайымдаулар, түйдек-түйдек көсем пікірлер тайға таңба басқандай келісті таңбаланған. Бұлар – өркендеуіміздің шарайнасы, кемел келешегіміздің құбыланамасы.

07 Сәуір, 2017

​Сөз магиясы

Сөз магиясы – қазақ халқының тоқ­сан тоғыз тарау тұрмыс-тір­ші­лігінде, дүниетанымында, яғни түй­сік, қабылдау, елес, қиял, зейін, ой­лау, сөйлеу, мақсаткерлік іс-әре­кет­те­рімен, даналық, ізгілік, рухани сұ­лу­лық қасиеттерімен тұтастай жара­сым тапқан айрықша бір көркем кө­рінісі.