Эксклюзив
Мәдениет • 22 Қазан, 2024
«Скафандр және көбелек» кітабы қалай жазылды
Ерік-жігері мықты адамның бағындырмайтын белесі жоқ. Алға қойған мақсатына жетпей қоймаған сондай жандардың бірі француз журналисі Жан-Доминик Боби.
Әдебиет • 22 Қазан, 2024
Нобель сыйлығының иегері анасына қандай уәде берген
Жапон жазушысы Кэндзабуро Оэ 1994 жылы «ақындық қуаты арқылы адамзат алдындағы қиыншылықтарды айқындайтын көркем кеңістік жасап шығарғаны» үшін Нобель сыйлығымен марапатталады. Алайда бұл жаңалық анасын аса қуантпаған сияқты.
Президент • 16 Қазан, 2024
Президентке Қазақстанның БРИКС құрылымына кіруіне қатысты ұсыныстар түсті - Берік Уәли
ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Tengrinews.kz сайтына сұхбат берді. Сұхбатта Президентке Қазақстанның БРИКС құрылымына кіру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныстар түскені айтылды. Б.Уәлидің айтуынша, Мемлекет басшысы бұл ұсынысты Қазақстанның ұлттық мүддесі тұрғысынан мұқият қарастырып жатыр.Egemen.kz сұхбаттың толық нұсқасын жариялады.
Әдебиет • 14 Қазан, 2024
Астанада Жылқыбай Жағыпарұлының қос кітабы жарық көрді
Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі жазушы-публицист Жылқыбай Жағыпарұлын еске алу кеші аясында «Қыз қыран» және «Қарасарт» кітаптарының тұсаукесері өтті. Салтанатты іс-шараға жазушының қаламдас бауырлары мен оқырмандары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 09 Қазан, 2024
Мұғалімсіз оқыту немесе Хопфилд желісі
Кеше ғана Нобель сыйлығын алған Джон Хопфилдтің өнертабысы жасанды интеллектің адамды өз бетінше оқыта алатынын дәлелдеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Қазан, 2024
Қазақстандағы электромобильдер: жай-күйі, сын-қатерлер мен келешегі
Қазақстанда Электромобиль дәуірі басталды. Автокөлік саласы сарапшыларының жариялаған мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстанда 10 мыңға жуық «жасыл» автокөлік тіркелген. Бұл көрсеткіш - электрмен жүретін автокөліктерге деген сұраныстың артқанының дәлелі. Сұраныстың өсуі жыл сайын анық байқалады. Электромобиль сатып алатын адамдарға қолайлы жағдай туғызу үшін Мәжіліс депутаттары 2024 жылдың басында қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізетін заң жобасына бастамашы болғанын білеміз. Ал 18 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Референдум 2024 • 02 Қазан, 2024
Қазақстанда АЭС бойынша референдум қалай өтеді
6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша республикалық референдум өтеді. Осы орайда Egemen.kz алдағы референдумға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.
Референдум 2024 • 01 Қазан, 2024
Ел азаматтары референдумда қалай дауыс бере алады
2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Оған Қазақстан азаматтығы бар кез-келген 18 жасқа толған адам қатысып, өз таңдауын жасай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2024
Астанада Мұхтар Әуезовтің құрметіне ескерткіш бой көтерді
28 қыркүйекте елордада ұлы жазушы, драматург және ғалым Мұхтар Әуезовке арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2024
Ақпараттық тасқынға қалай төтеп береміз
«Қазмедиа» орталығында өткен Astana Media Week-2024 апталығының соңғы күнінде де түрлі тақырыпта бірнеше сессия өтіп, марапаттар табысталды. Оған БАҚ өкілдері, журналистер, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың баспасөз қызметкерлері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 28 Қыркүйек, 2024
28 қыркүйек – Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза, Оралхан Бөкей дүниеге келген күн
Қазақ әдебиетінің алыптары – Мұхтар Әуезов (1897-1961 жж), Шерхан Мұртаза (1932-2018 жж), Оралхан Бөкей (1943-1993 жж) 28 қыркүйек күні дүниеге келді.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2024
Подкаст - журналистиканың жаңа жанры ма
Бұл сұрақтың жауабын «Қазмедиа» орталығында өтіп жатқан Astana Media Week-2024 апталығының қатысушылары іздеп көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2024
Журналистерді даярлауда жаңашылдық пен халықаралық тәжірибе қажет - Айна Задабек
Елорда төрінде өтіп жатқан Astana Media Week-2024 апталығының екінші күнінде «Медиа мамандарды даярлау: не күтеміз/не аламыз» атты сессия өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2024
Astana Media Week: Цифрлық дәуірдегі дәстүрлі басылымдардың болашағы қандай
Елорданың «Қазмедиа» орталығында Astana Media Week-2024 апталығының екінші күні өтіп жатыр. Медиа апталыққа БАҚ саласының өкілдері, сарапшылар, республикалық және аймақтық журналистер, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың баспасөз қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қыркүйек, 2024
Журналистер «Мақсат» бұқаралық диктантын жазды
Астанада өтіп жатқан Astana Media Week-2024 апталығына қатысушылар қазақ тіліндегі аббревиатураларды дұрыс жазуға арналған «Мақсат» бұқаралық диктантын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қыркүйек, 2024
Astana Media Week: Спорт журналистикасының болашағы талқыланды
Astana Media Week-2024 апталығында сала мамандары спорт сүйер қауымның қызығушылығын қалыптастыру тетіктері мен әдістерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қыркүйек, 2024
Елордада Astana Media Week-2024 апталығы басталды
Бүгін елордада Astana Media Week-2024 апталығы басталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған дәстүрлі іс-шара биыл да шымылдығын түрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 24 Қыркүйек, 2024
Бразилияда ағаштарды дрондар отырғызады
Бразилиядағы орманды алқаптарды қалпына келтіру мақсатында заманауи құрылғылар қолданылып жатыр. Дәлірек айтсақ, адам басқаратын дрондар әуеден тұқым сеуіп шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2024
Вейпке тыйым салу: Жаңа заң серпін берді ме?
Былтыр маусым айында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы: «Ұлт денсаулығына қатер төндірген кесір – вейптер мен электронды сигареттердің әралуан түрі. Өкінішке қарай, оларды тұтыну, әсіресе жасөспірімдер арасында сәнге айналды. Олардың кең қолжетімділігі және оларды «зиянсыз» деп жалған дәріптейтін агрессивті жарнама бұған ықпал етіп отыр», деген болатын.
Медицина • 11 Қыркүйек, 2024
СЭСО - биоқауіпсіздік бойынша Қазақстандағы алғашқы референс-зертхана
Қазақстанда биоқауіпсіздік бойынша алғашқы референс-зертхана пайда болды. Бұл мәртебеге ҚР ПІБ Медорталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы ие болды. Енді референс-зертхана өнімдердің қауіпсіздігін халықаралық деңгейде растау қызметін жеңілдете түсетіні анық, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 11 Қыркүйек, 2024
Көпті таңдандырған көшпелілер әлемі
Астанада өтіп жатқан аламан V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында қалада ашылған этноауылдар келушілерге есігін айқара ашқан. Қазақ мәдениетінің бай мұрасы бір арнаға тоғысқан орында халық қарасы қалың. Өңірлерден бас қалаға арнайы жеткен таланттар ақшаңқаң киіз үйлер атырабын ән-күйге бөлеп, өнерін ортаға салып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 09 Қыркүйек, 2024
Баласын қазақ мектептеріне беретіндер көбейген
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – мемлекеттік тіл. Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады. Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру – мемлекеттің міндеті. Бұл жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді», деген болатын. Осы орайда Астана қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей директоры Ернұр Аханұлы Омархановпен сұхбаттасқан едік.
Отбасы • 08 Қыркүйек, 2024
Мейірім салтанат құрған отбасы мерейлі болады
Отбасы – тәлім мен тәрбиені бойға сіңіріп, үлкен өмірге қанаттандыратын қастерлі орда. Әр адам осы ордада көріп, көкейге түйгенін, жадында жаттағанын қоғамда таратады. Сондықтан отбасындағы бала тәрбиесінің саналы, сапалы болуы - қауіпсіз, құндылық құнын ұғатын қоғамның бастауы, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қыркүйек, 2024
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр «Отбасы күні» мерекесімен құттықтау сөзінде: «Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды. «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған. Салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиетті қара шаңырақтан бастау алады», деген еді.
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2024
Қоғамдағы ұлттық тілдің мәртебесі
Тіл – әрбір ұлттың ең басты рухани байлығы, мәдени мұрасы және тарихын сақтаушысы. Әрбір халықтың өзіндік болмысы мен ұлттық бірегейлігін анықтайтын басты құралдарының бірі – оның тілі. Тіл арқылы халықтың тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті мен дүниетанымы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі.
Саясат • 06 Қыркүйек, 2024
Орталық Азиядағы ең қуатты әскер қай елге тиесілі
Әлем елдерінің әскери әлеуетін бағамдайтын Global Firepower (GFP) рейтингі биыл 145 елдің ішінде қай мемлекеттердің армиясы нығайғанын анықтады. Қазақстан бұл көрсеткіште 5 сатыға көтерілген, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 05 Қыркүйек, 2024
Тіліміздің мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз
Тіл - мемлекеттің негізгі тірегі. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың сөзі әр қазақты ойландырарлықтай. Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі. Бұл Ата заңда да жазылған.
Технология • 04 Қыркүйек, 2024
Рулі мен педалі жоқ такси пайда болды
АҚШ кәсіпкері Илон Маск тізгіндеген «Tesla» компаниясы әлемдік автоөндіріс саласына тағы да ерекше өнім ұсынды. Бұл жолы компания рулі мен педалі жоқ робот-такси шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 29 Тамыз, 2024
2022 жылы өткен референдум жаңа жетістіктерге жол ашты - Алишер Сатыбалдиев
2022 жылдың 5 маусымында елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтті. Бұл күні Қазақстан халқы тарихи бетбұрыстарға бастайтын шешім қабылдау ісіне өз ұстанымдарын білдірді. 2022 жылы референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың жалпы саны 11 734 642 адамды құраса, 7 986 293 адам өз таңдауын жасады. Сол кезеңде қабылданған маңызды шешім бүгінде халқымыздың сан салада құқығының қорғалуына, еліміздің саяси дамуына ықпал етіп келеді. Республикалық референдум нәтижесінде қол жеткізген жаңа мүмкіндіктерді Парламент Сенатының депутаты Алишер Сатыбалдиев тарқатып айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2024
Қазақстанда қандай мемлекеттік наградалар бар
Қазақстан Республикасының азаматтары жемiстi мемлекеттiк, қоғамдық, шығармашылық қызметi, еңбектегi және жауынгерлiк ерлiктерi үшiн олардың Республикаға сiңiрген еңбегiнiң танылуының белгiсi ретiнде мемлекеттiк наградалармен марапатталады. Осы орайда республика бойынша жалпы қандай атақ-даңқтардың бар екені және олардың кімдерге берілетінін оқырман назарына ұсынамыз.