Эксклюзив
Энергетика • 10 Шілде, 2025
АЭС 2000-нан астам адамды жұмыспен қамтиды
Қазақстанның энергетикалық болашағы туралы пікірталастардың өзегінде Атом электр станциясының (АЭС) құрылысы тұр. Бірі оны экологияға төнген қауіп деп санаса, енді бірі елдің энергетикалық дербестігіне жасалған стратегиялық қадам деп бағалайды. Бұл ретте Egemen.kz тілшісі ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне сауал жолдап, станцияны кім салады, жобаның құны қандай, экология мен қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі деген бірқатар өзекті сауалдарға нақты жауап алды.
Мәдениет • 09 Шілде, 2025
«Алтын домбыра» иесі ағаш домбыра жасауға неге құмартты?
«Еңбек – ер дәулеті» дейді дана халқымыз. Ойшылдар мұны болмыс бостандығы мен жан еркіндігінің негізгі кілті деп есептейді. Мәселен, Ахмет Ясауи ағаштан ыдыс-аяқ жасаумен айналысса, Шәкәрім зергер болған, ал Жүсіпбек Аймауытұлы ер шауып, етік тіге білген. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де күндіз домбырасын бебеулетіп айтысқа қатысса, кешкісін сол аспапты жасаумен жұмыстанады.
Мәдениет • 08 Шілде, 2025
Мәдени мұраны сақтаудың жапондық үлгісі
Климаттың өзгеруі, жер сілкінісі мен ылғалдылық – ғасырлар бойы сақталған тарихи ескерткіштер үшін бүгінгі таңда басты сын-қатерлердің бірі саналады. Әсіресе, ағаш немесе балшық негізінде тұрғызылған көне құрылымдар табиғи құбылыстарға аса сезімтал келеді. Осыны ескерген Жапония сынды елдер мәдени мұраны сақтаудың жаңа тәсілдеріне көше бастады.
Спорт • 03 Шілде, 2025
Елордада ерекше боулинг турнирі өтті
Елорда күніне орай «Мүгедек жастар қоғамы» боулингтен қалалық турнир өткізді. «Экстрабилити-2025» деп аталатын бұл жарыстың ережесі бұрынғыдан өзгеше болды, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 02 Шілде, 2025
Біз білетін күйді байырғы бабаларымыз «күк» деп атап, оны Тәңірмен тілдестіретін дәнекер деп ұқты. Бұл дерек Махмұт Қашқаридің «Түрік сөздігінен» тиянақ тапқан. Осы арқылы бүгінгі қоғам азаматы сөздің он ғасыр бұрын қалай дыбысталғанын аңғарады. Ал «күк» деп аталатын сол әуеннің өзі ілкі құлаққа қалай жеткен екен? Қаһарлы ханның қабағын түсірген қаралы хабар қандай болды? Қашқаридің қадым кітабындағыдай сөздің ғана емес, үннің де транскрипциясын жасау мүмкін бе? Мәселен, ол дыбыс қоңыр ма, ащы ма? Жоқ, әлде ашық па, бітеу ме? Бұл бір келешектен естелік, өткен шақтан жаңалық іздеу секілді білім мен түйсікке құрылған тұңғиық таным жолы. Сол жолда қазақ музыкасының мүмкіндігін кеңейтіп, әлеуетін арттырып жүрген бір топ өнерпазды кездестірдік. Олар – тарихи аспаптарды қайта жаңғыртып жүрген «Жошы» фольклорлық ансамблі.
Қоғам • 30 Маусым, 2025
Әлемдегі ең алғашқы фотосурет 8 сағат түсірілген
Бүгінгі күні адамзат күн сайын миллиардтаған фотосурет түсіреді. Қолындағы смартфон, планшет немесе кәсіби камера арқылы кез келген адам бір мезетте жүздеген кадр жасай алады. Десе де осы қалыпты құбылысқа айналған әрекеттің артында бірнеше ғасырлық ізденіс, ұзақ сынақтар мен табанды еңбектің жатқанын көпшілік біле бермейді, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 27 Маусым, 2025
Түйреуіштерді сөйлеткен дипломат
Халықаралық саясат әлемінде әрбір сөздің салмағы бар. Ал кей жағдайда үнсіздіктің өзі тұтас мәлімдемеге татиды. Америка Құрама Штаттарының алғашқы әйел мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт дипломатиядағы бұл қағиданы өзгеше қырынан көрсете білді. Ол сөзге де шебер, символға да сара болған санаулы саясаткерлердің бірегейі. Оның дипломатиялық тілі тек мінбердегі мәлімдемелермен емес, киіміндегі кішкентай ғана түйреуіштер арқылы да айтылатын. Олбрайттың тағылған әрбір түйреуіші – бір елге бағытталған ишара, жаһанға жолданған үндеу болатын, деп жазады Egemen.kz.
Жұмыс • 27 Маусым, 2025
Түрлі саладағы тілшілер: бір мамандық – мың мүмкіндік
XXI ғасырды бұқаралық ақпарат құралдарынсыз елестету мүмкін емес, себебі бұл сала жыл өткен сайын дамып келеді. Журналистика әлеуметтік институт болғандықтан, халыққа әлемде болып жатқан барлық оқиғалардан хабардар болуға мүмкіндік береді. Билік пен азаматтар арасында алтын көпір қызметін атқаратындықтан қоғамның негізгі қозғаушы күші де ең алдымен, журналистер қауымы. 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында осы саланың ыстығына күйіп, суығына төзіп, жан-жақты қабілеттілігі мен әмбебаптығының арқасында түрлі салада еңбек етіп жүрген әріптестеріміз еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 26 Маусым, 2025
«JOLTAP» - еңбекке жол ашқан мүмкіндік
Жұмыссыздық – қоғамды дендеген жара іспетті. Оны жазудың жолы – екі қолға күрек ұстатып, ынталы адамға бағыт көрсету. Елорда жұртшылығының жұмыспен қамтылуына жол бастаған «JOLTAP» жобасы дәл осы бағытты таңдады. Бұл жай ғана жоба емес – бұл мыңдаған тағдырға жаңа мүмкіндік сыйлаған креативті алаң.
Заң мен Тәртіп • 24 Маусым, 2025
Фемида немесе сот ісінің соқпағы
Әңгімені әлімсақтан бастасақ, адамзат ақыл-ойының аламанында грек жұртының алған бәйгесі аз емес. Олай болатын себебі Сократ, Аристотель, Платон секілді саңлақ санаткерлерінің санасын қалыптастырған мифологиялық түсінік біздің дәуірде де маңызын жоғалтқан жоқ. Жаһанға жарық сыйлаушы алапатты Аполлон, сұлулық пірі айдидарлы Афина, ұсталардың жебеушісі Гефест сынды сан мыңдаған кейіпкерлер адам бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттердің адамданған бейнесі. Соның ішінде әділет медеткері Фемиданың болмысы бөлек. Оның бір қолында таразы, екінші қолында қылыш тұрады, ал көзі әр кез байлаулы. Онысы ешкімге бұра тартпайтын турашылдығының, ешкімге тұра шаппайтын тұрақтылығының айғағы. Бұл күнде Фемиданың бейнесі бүгінгі сот жүйесінің, жалпы құқықтық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналды. Әсіресе, оның тәуелсіз еліміздің төрелік залдарында орын тепкеніне де отыз жылдан асты. Осы уақыт аралығында мемлекетіміздің сот жүйесі біршама өзгерісті бастан өткеріп, дамудың жаңа белесіне көтерілді.
Тарих • 24 Маусым, 2025
Мына бір фото соғыс жылдары Қызыл Армияның Әскери әуе кұштерінің үнпарағы «Сталинский сокол» (жауапты редакторы В.П.Масковский) газетінің 1944 жылғы 5 желтоқсан күнгі №98 (292) санына жарияланыпты. Жәдігердің астына: «Бірінші Прибалтика майданы. Қазақ экипажы. Звено командирі үш орденді гвардия аға лейтенанты Есіркепов – 100 дүркін жауынгерлік ұшу жасаған. Звено штурманы гвардия лейтенанты Имашев – 50 дүркін жауынгерлік ұшу жасаған. Екі орденді радист-атқыш гвардия сержанты Тәжібаев 30 дүркін жауынгерлік ұшу жасаған. Барлығы – Сталинград, Белоруссия, Прибалтика шайқастарына қатысқан. Суретті түсірген И.Фигурова», деп жазылыпты.
Заң мен Тәртіп • 23 Маусым, 2025
Шуйское ауылы ішімдіктен бас тартты
«Заңды сақта – тәртіп орнайды» – бұл қағидатты тек ұран ретінде емес, өмірлік ұстаным етіп алған ауыл бар. Ол Ақмола облысы, Атбасар ауданына қарасты Шуйское ауылы. Соңғы үш жылдың ішінде бұл елді мекенде бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Сонымен қатар, әкімшілік құқықбұзушылықтар саны да жылдан жылға төмендеген. Мұндай көрсеткішке ауыл халқының өзара сыйластығы мен тәртіпке деген талапшылдығы себеп болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Таным • 23 Маусым, 2025
Хаттағы жазудан гөрі, ондағы бос орынның айтпағы зор. Жапон каллиграфиясында сия тимеген аумақ та ерекше мәнге ие. Жапон дейміз-ау, бүтін дүниенің пәлсапасы осыған саяды ғой. Ондай болмаса, айтылған сөзден гөрі, көмейіңді қаппай, ішіңде өліп кете барған сөздің салмағы неге ауыр? Жүрілмеген жолдың төте, жазылмаған жырдың ұлы көрінетінін қайда қоямыз? Асылында жоқтықтың да барға бергісіз хикметі жетерлік.
Қоғам • 23 Маусым, 2025
Жазда жидек жеп уланбау үшін нені есте ұстау қажет
Жаз мезгілінде базар мен дүкен сөрелері қызыл-жасыл жидектерге толып, көздің жауын алады. Алайда дәмді әрі пайдалы көрінетін бұл өнімдерден денсаулыққа төнетін қауіпте аз емес. Жазда жидектен уланбау үшін нені есте ұстау қажет? Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Әйгерім Садубаевадан сұрап білдік, деп жазады Egemen.kz.
Ғибрат • 23 Маусым, 2025
Тоғыз адамды өлімнен құтқарған полицей
Бүгін, 23 тамыз Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар адамдарды небір қауіп-қатерден де құтқарып келеді. Сондай полицейдің бірі – Қарағанды облысының Бұқар жырау аудандық полиция бөліміндегі учаскелік полиция инспекторы Медет Асқаров. Бірнеше жыл ішінде үш ерлік жасап, тоғыз адамға екінші өмір тарту еткендіктен ел ішінде оны «супермэн, қаһарман полицей, суперполицей» деп ерекше құрметпен атайды екен. Ол – суға кеткендерді құтқарып, жол-көлік оқиғасы кезінде адамдарды аман алып қалған және лаулаған оттың ішіне именбей енген батыр.
Балалар • 20 Маусым, 2025
Балалар әдебиетінің бүгінгі ахуалы
Жуырда Сенат депутаты Руслан Рүстемов оқырман ұрпақты тәрбиелеу үшін балалар әдебиетінің көлемі мен сапасын арттырып, жаңа технологиялық тәсілдермен ұштастыру қажет екенін және мектеп кітапханаларында қазақ тіліндегі балалар әдебиетінің айтарлықтай жетіспейтінін айтып, алаңдаушылық білдірген еді. Балалар руханиятының мәселелері жалпы қай кезеңде де маңызды. Ал балатану ілімінің қалтарыс-бұлтарысына үңілуге ғұмырын арнаған балалар ақын-жазушыларына, жалпы балалар әдебиетіне мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетіліп жатыр?
Руханият • 20 Маусым, 2025
Әбіш Кекілбаевтың жеке архиві мемлекет қорына тапсырылды
Алаш руханиятының алыбы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығы – қазақ елінің тарихи жадындағы алтын арқау. Бүгін осы бір тау тұлғаның рухани мұрасын ұрпаққа аманаттап, келер буынға табыстау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне мемлекеттік сақтауға ресми тапсыруға арналған салтанатты шара ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 19 Маусым, 2025
«Kishkentai» жобасының үлкен пайдасы
Қоғамдағы инклюзия ұғымы кейінгі жылдары күн тәртібіне жиі шыға бастады. Балаларға тең мүмкіндік жасау, ата-аналардың білім деңгейін арттыру, ерекше күтімді қажет ететін сәбилердің әлеуетін ашуға жағдай жасау – бұл тек әлеуметтік саясаттың ғана емес, азаматтық жауапкершіліктің де маңызды бағытына айналып отыр. Осы ретте елімізде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған қолжетімді әрі сапалы ойыншықтар әзірлеп, оны әлеуметтік кәсіпкерлікке айналдыра білген Гүлмира Пармышева есімі жиі аталып жүр.
Қоғам • 18 Маусым, 2025
Қазақстанда көші-қон оң динамикаға ие болды – сарапшы
Қазақстанда соңғы онжылдықта халық саны 2,8 миллион адамға артты. Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институтының жетекші сарапшысы Шынар Төлешова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 17 Маусым, 2025
Ертегілерде айдаһар бауырына алтын басып жатады деуші еді ғой. Жаһандық экономиканың бүгінгі «айдаһарлары» да күннен күнге қымбаттап бара жатқан алтынның бағасына алаңдаулы. Себебі ол жай ғана шикізат емес – ол ғасырлар бойы адамзат сенім артып келе жатқан ең сенімді активтің бірі. Ал қазіргі әлемдегі геосаяси шиеленістер мен экономикалық тұрлаусыздық жағдайында алтынға деген сұраныс бұрын-соңды болмаған деңгейге жетіп отыр.
Экономика • 17 Маусым, 2025
Өңдеу өнеркәсібі – Қазақстанның шынайы әлеуеті
Экономист Айбар Олжаев Қазақстанның соңғы 30 жылдағы экономикалық даму бағытын саралай келе, елдің шын мәнінде қандай салаларда табысқа жете алатынын және қандай бағыттардың әлі де арман күйінде қалғанын айтты. Тек соңғы жылдары ғана мемлекет өз мүмкіндігін нақты бағалап, өңдеу өнеркәсібін басты бағытқа айналдыра бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Маусым, 2025
FOMO синдромы немесе «Үлгермей қалам» деген үрей
Цифрлы технологиялар дамыған сайын адамның санасына түсетін ақпарат көлемі де еселеп артып келеді. Әлеуметтік желілер әрдайым сәттілік, жетістік пен жарқын өмір сәттерін ұсынып, көпшілікті көзге көрінбейтін бәсекеге итермелеп отыр. Соның салдарынан кей жастар «бәрінен қалып қойдым» деген үреймен өмір сүріп, өз мүмкіндігін жіберіп алдым ба деген алаңдаушылыққа бой алдырады. Психологтар бұл жағдайды FOMO синдромы деп атайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Маусым, 2025
Вандализм немесе агрессия анатомиясы
Қоғамдық тәртіпті тәлкек етіп, мәдени кеңістікке кесір тигізетін вандализм атаулы дерт бүгінде дүние жүзі елдерінің күн тәртібіндегі маңызды мәселеге айналып отыр. Бүлікшіл пиғылдан бастау алатын мұндай әрекеттер, бір қарағанда, тек қабырғаға салынған қисынсыз сурет немесе бүлінген мүлік болып көрінуі мүмкін. Алайда кез келген әлеуметтік әумесерліктің астарында, көбіне, жатсыну, наразылық, мәнсіздік сияқты күрмеуі қиын күрделі себептер жатады.
Медицина • 15 Маусым, 2025
Адамға ең жақын, ең керекті екі мамандықтың бірі мұғалім, енді бірі дәрігер деген тәмсіл бар. Елімізде маусым айының əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні аталып өтетіні мәлім. Дәрігер мамандығының қыр-сырын қанық біліп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек. Өйткені әрбір дәрігер маман адам өмірінің арашасы. Адамның қай жері ауырса, жаны сол жерде болып, ақ халатты жандардың көмегіне жүгініп, қамқорлықты сезгісі келіп, дәрігерлер қауымына сеніммен барады. Осындай сенімді үлкен жауапкершілікпен атқарып келе жатқан білікті дәрігердің бірі Нұрбек Нәдіров.
Білім • 13 Маусым, 2025
Ұлттық құндылыққа құрылған жазғы демалыс
9 ай оқып, тоқыған баланың ой-санасын сергіту, жаңа оқу жылына серпінді әзірлеу жаз демалысын жайлы өткізумен ұштасып жатыр. Осындай маңызы орасан, мәні терең кезеңді ұлттық құндылықтар негізінде ұйымдастыру екі есе ұтымды болмақ. Астана қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі сапалы демалыстың осы тұсына айрықша ден қойған. Мектеп жанынан құрылған лагерьде балалар тынығып қана қоймай белсенді еңбекке араласып, бабадан балаға жеткен өнегелі өмір сүру дағдыларын бойына сіңіріп жатыр.
Мәдениет • 12 Маусым, 2025
Астана қаласында жыршы Ұлдана Нұртуғанқызының «Керуен жырдың күймесінде» атты жеке концерті өтті. Қазақ ұлттық өнер университетін биыл тәмамдаған жас өнерпаз Сыр өңіріндегі Жиенбай жырау мектебінің өкілі. Қазір оның зердесінде Балқы Базар, Тұрмағамбет, Шораяқтың Омары сынды сыр саңлақтарының мұрасынан бастап, Көрұғлы, Едіге батыр сынды эпикалық шығармалардың үлкен қоры бар. Расында саф өнердің жұпары жұқпаған әсіреңкі әртістердің кеулеген тұсында қырық мың жолдық дастандарды жадына тоқыған жас өнерпаздың үлкен сахнаға көтерілуі – ел руханиятының жаңа тынысы һәм жарқын құбылысы, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 12 Маусым, 2025
Елімізде автокөлік өндірісі қарқынды дамып жатыр
Бүгінде автокөлік өндірісі ел экономикасына айтарлықтай үлес қосып жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылы Қазақстанда 147 мыңнан астам түрлі көлік құралы шығарылып, олардың жалпы құны 1,9 триллион теңгеге жеткен, сол жылы автокөлік өндірісі машина жасау саласының 41%-ын құраған. Қазақстанның Автокөлік Одағының президенті Анар Мақашева салаға қызығушылық артып, оған көбірек қаржы салынып жатқанын айтады. 2024 жыл бойынша автокөлік өнеркәсібіне салынған жалпы инвестиция көлемі 189,9 млрд теңгені құрайды, бұл көрсеткіш – 2020 жылмен салыстырғанда 20 есе көп, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 11 Маусым, 2025
Инвестициясыз өнім жоқ - экономист
Елімізде ресми инфляция баяулап жатыр десек те, мұны халықтың әмияны аса сезініп отырған жоқ. Экономист Алмас Чукин Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдыратынын айтады. Бұл – жақсы жаңалық, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 11 Маусым, 2025
Студенттер модульдік үй құрастырды
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ұстаз-студенттерінен құралған ғылыми-шығармашылық топ модульдік үй құрастырды. Төтенше жағдай туындағанда, туристік аймақтар мен вахталық кенттерде, халық тығыз орналасқан өңірлердегі баспана мәселесін шешуге арналған жоба авторлар атына патенттеліп үлгерген, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Маусым, 2025
Балабақшадағы тәрбиешілер қатыгездігі қашан тыйылады
Соңғы жылдары елімізде мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиешілер тарапынан балаларға қатыгездік көрсету үрдісі белең алып келеді. Әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде балабақшадағы зорлық-зомбылық әрекеттері бейнежазбалар арқылы әшкереленіп, қоғамда үлкен наразылық туғызды. Таңертең баласын балабақшаға апарып тастаған ата-аналар алаңсыз отыра алмайтын күнге жеткендерін айтып, бұл бассыздыққа тосқауыл қоюды талап етуде. Бейкүнә бүлдіршіндерге қорған болуы тиіс мекемелерде керісінше қорлық көрсету оқиғаларының жиілеуі тәрбиешілердің біліктілігі мен жауапкершілігіне селкеу түсіріп отыр. Осы орайда Egemen.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сауал жолдап, мемлекет тарапынан нақты қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.