Соңғы жаңалықтар
Ғылым • 15 Қаңтар, 2026
Қ.Сәтбаев университеті жанындағы Физика-техникалық ғылыми зерттеу институтының базасында іске қосылған тәжірибелік-өнеркәсіптік желі жұмысы қорытындыланды. Елімізде күн панельдерін отандық негізде өндіруге бағытталған жаңа жоба нақты нәтижесін бере бастады. Жоба «ТехноГруппСервис» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылған. Өндірістік желі жылына қуаты 150 мегаваттқа дейінгі күн модульдерін шығаруға есептелген.
Балалар • 15 Қаңтар, 2026
Балаларға қамқорлық: іргелі іс-шаралардың нәтижесі
Ел халқының 34 пайызы балалар әрі бұл көрсеткіш жыл сайын тұрақты өсіп келеді. Мұндай демографиялық серпін олардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттің міндетін күшейте түседі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда бұл мәселені әлеуметтік тақырып аясынан ұлттық жауапкершілік деңгейіне көтерді. Мемлекет басшысы жергілікті билік өкілдері мен қоғам белсенділерінің бірлесіп, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін «Қазақстан балалары» атты бірыңғай бағдарлама қабылдау қажеттігін айтты.
Ғалам ғажаптары • 15 Қаңтар, 2026
«Hyundai» 2028 жылдан бастап адам тәрізді роботтарды АҚШ-тың Джорджия штатындағы зауытында іске қоспақ. Қазір кәсіпорын жылына 30 мыңға дейін құлтемір өндіруді көздеп отыр.
Үкімет • 15 Қаңтар, 2026
ЕАЭО-да өнімді бақылау ережесінің өзгерістері ратификацияланды
Парламент Мәжілісінің биылғы жалпы отырысы оннан аса заң жобаларын жұмысқа қабылдаудан басталды. Олардың қатарында мемлекеттік қызмет, Алатау қаласының арнайы мәртебесі, инвестициялық қорлар, машина жасау саласын дамыту, жол қауіпсіздігін цифрландыру, сондай-ақ жүргізушілерді даярлау саласындағы кәсіпкерлік қызметке қатысты құжаттар бар. Одан бөлек, жиында депутаттар өңірлерге сапары барысында жұртшылықты алаңдатқан түйткілді мәселелерді ортаға салды.
Қаржы • 15 Қаңтар, 2026
Қайтқан қаражат – халық игілігіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында «заңсыз активтерді елге қайтару арқылы әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру – конъюнктура не болмаса жұртқа жағу үшін жасалған саяси науқан емес, бұл мемлекеттің мызғымас ұстанымы» деп атап айтты. Заңсыз активтерді елге қайтару жөніндегі комитеттің жұмысына тоқталған Президент олигополия өкілдерінен 1,3 трлн теңгеден астам қаржы өндірілгенін, соның 1 трлн теңгеден астамы мемлекет қазынасына түскенін жеткізді.
Үкімет • 15 Қаңтар, 2026
Әлеуметтік қызметтің сапасы маңызды
Қарағанды қаласында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды. Жиынға әлеуметтік бағыттағы салалық министрліктердің өкілдері мен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысты.
Саясат • 15 Қаңтар, 2026
Көлеңкелі экономикаға тосқауыл болатын платформа
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимыл мәселесіне қатысты жиын өтті.
Саясат • 15 Қаңтар, 2026
Инфрақұрылымды жаңғырту міндеті
Премьер-министр Олжас Бектенов электр энергетикасы саласын дамытуға қатысты жиын өткізді. Онда саладағы бірқатар түйіткілді мәселе қаралды.
Саясат • 15 Қаңтар, 2026
Геологиялық барлаудың мүмкіндігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ел аумағын геологиялық зерттеуді заманауи барлау әдістерін пайдалана отырып орындау аясында Үкімет биыл жер қойнауын игерудің жаңа кезеңіне кіріседі.
Әскер • 15 Қаңтар, 2026
Алматы облысында оқу полигонында сарбазға оқ тиіп, жарақат алды
Алматы облысындағы 5571 әскери бөлімнің оқу полигонында 13 қаңтар күні оқу-жаттығу кезінде мерзімді қызметтегі сарбаз қауіпсіздік шараларын бұзып, өз аяғына оқ атып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Қаңтар, 2026
40 градус аяз: Ертең елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Астана және Қазақстанның 16 облысында 15 қаңтарда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Әлем • 14 Қаңтар, 2026
БҰҰ: 2026 жылы әлемде 186 млн адам жұмыссыз қалады
2026 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі жұмыссыздық деңгейі орта есеппен 4,9% шамасында болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 14 Қаңтар, 2026
Әкесін ұрып өлтірген азаматқа прокурор 6 жыл 2 ай жаза сұрады
Түркістан облысы Шардара ауданы Қоссейіт ауылында әкесін ұрып-соғып, қинаған Алмас Садақбаевтың ісі Жетісай аудандық сотында қаралып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 14 Қаңтар, 2026
Балалар әдебиетіне қатысты панельдік сессия өтті
Алматыдағы Ұлттық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы жанындағы Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесінің ұйымдастыруымен «Балалар әдебиеті: креативті индустрия, имидж, бренд» атты панельдік сессия өтті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстанда биыл шамамен 2,6 ГВт жаңа электр қуат көзі іске қосылады
2026 жылы Қазақстанда жалпы қуаты шамамен 2,6 ГВт болатын жаңа электр энергиясы көздері пайдалануға берілмек. Оның ішінде 173 МВт жаңартылатын энергия көздері нысандарына тиесілі. Жобалар елдегі энергия тапшылығын жоюға және генерация құрылымын жаңғыртуға бағытталған, дер хабарлады Үкімет.
Ауа райы • 14 Қаңтар, 2026
Атырау мектептерінде ертең сабақ онлайн форматта өтеді
Мұнайлы шаһардағы мектептердің оқушылары 15 қаңтарда сабақты қашықтан оқитын болды. Бұған ауа-райының нашарлауы себеп болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 14 Қаңтар, 2026
Алматы облысының колледждері Қытай, Еуропа және Азия елдерімен ынтымақтастық орнатты
Алматы облысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өңір колледждері шет мемлекеттердің жетекші білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасу мен білікті кадрлар даярлау ісін жаңа деңгейге шығаруда, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 14 Қаңтар, 2026
Қайтарылған қаржы аурухана құрылысына жұмсалды
Қызылорда облысындағы Қазалы көпсалалы орталық аудандық ауруханасына 42 төсек-орынға арналған қосымша корпус салынып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 14 Қаңтар, 2026
Атыраудағы кешенде бір жылда 375 мың тонна полипропилен шығарылды
Атырау облысында полипропиленнің 15 түрін шығаратын кешен бар. Былтыр бұл кешенде шығарылған полипропилен көлемі 375 мың тоннаға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 14 Қаңтар, 2026
Бағаны негізсіз өсірген сауда орындарына 481 030 теңге айыппұл салынды
Түркістан облысында соңғы 2 айдың ішінде әлеуметтік азық-түлік бағасын негізсіз өсіргені үшін сауда орындарына қатысты 74 әкімшілік шара қолданылып, 481 030 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмыс • 14 Қаңтар, 2026
Арқалық әуежайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді
Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. Президент тапсырмасы аясында қолға алынған игі жоба алдағы жазда толық аяқталып, әуежай ел игіліне қызмет ете бастайды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 14 Қаңтар, 2026
Алматы облысында оқушы өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталды
Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас ауылында оқушының қаза табуына қатысты полиция ресми түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Абзал Нарымбетов: Мұнай экспорттайтын балама бағыттарды дамытпағанымыз тарихи қателік болды
Каспий құбыр концорциумының (КҚК) инфрақұрылымына жасалған дрон шабуылы Қазақстанның мұнай экспорты қаншалықты осал екенін тағы бір мәрте көрсетті. Бір бағытқа тәуелді тасымал жүйесі ел экономикасын миллиардтаған шығынға ұшыратып, энергетикалық қауіпсіздік мәселесін күн тәртібіне шығарды. Energy Analytics директоры Абзал Нарымбетов бұл жағдайды «тарихи қателік» деп бағалады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 14 Қаңтар, 2026
Теміртаудың жылу құбырында апат болды
Кеше кешкісін Теміртауда 8-ші шағын аудан мен Отрадное көшелерін жылумен қамтамасыз ететін магистральды жылу құбырында болған апат салдарынан 40 көпқабатты үй мен ондаған жеке тұрғын үй жылусыз қалды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Алматының бас полицейі журналистермен жүздесті
Бірер күн бұрын Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы қызметіне тағайындалған генерал-майор Айдын Кабдулдинов алғашқы жұмысын БАҚ-өкілдерімен кездесуден бастады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қаңтар, 2026
Аққулар отбасы: Табиғи паркте сирек құбылыс тіркелді
Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қыс мезгілінде сыбырлақ аққу (Cygnus cygnus) тіркеліп отыр. Аққулар әдетте жылы жаққа қоныс аударатын, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2026
Қарағандыда балалардан 10 млн теңге ақша бопсалағандар ұсталды
Қарағандылық полицейлер балаларға арналған мекеме тәрбиеленушілерінен ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 14 Қаңтар, 2026
Энергетика министрлігі: 2027 жылы елімізде энергия тапшылығы жойылады
Олжас Бектенов энергия тапшылығы мәселесін шешу үшін жаңа қуаттарды генерациялау мәселелері бойынша жиын өткізді. Жиынға Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, «Самұрық-Энерго» және «KEGOC» ұлттық энергетика компанияларының басшылары Қайрат Мақсұтов пен Нәби Айтжанов қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 14 Қаңтар, 2026
Асқар Жұмаділдаев: Суперкомпьютер күрделі есепті үш сағатта шығарып береді
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, белгілі ғалым және қоғам қайраткері, академик Асқар Жұмаділдаев күрделі математикалық есептерді шешуде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ суперкомпьютерінің қуатын пайдаланады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Елімізде пойыз жолаушыларына қандай талаптар қойылмақ?
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі пойызда тасымалдауға тыйым салынатын заттар тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.