Соңғы жаңалықтар
Саясат • 16 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Чилидің жаңадан сайланған президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Кастты Чили Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 16 Желтоқсан, 2025
Президентке ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті
ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Анани хатында осы жоғары лауазымға тағайындалуымен арнайы құттықтағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірген, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 16 Желтоқсан, 2025
Орталық Азия мен Корея: экологиялық мәселелер парламенттік деңгейде талқыланды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы Ташкент қаласында Орталық Азия мемлекеттері және Корея Республикасының парламенттері спикерлерінің үшінші кездесуіне қатысты. 2023 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан іс-шара парламентаралық диалог пен Орталық Азия елдері арасындағы өзара іс-әрекетті нығайтудың тиімді алаңына айналып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 16 Желтоқсан, 2025
Брест қамалын қорғаған батыр туралы деректі фильм көрсетілді
Шымкентте Екінші дүние жүзілік соғыста Брест қамалын қорғаған, қала тумасы Қасым Жарменовтің ерлік жолына арналған «Цитадель» деректі фильмі көрсетілді. Іс-шара барысында Брест қамалының архивтік фотосуреттері, Жарменовтер әулетінің отбасылық мұрағатынан алынған сирек деректер және соғысқа дейінгі Шымкенттің фотокөрмесі ұйымдастырылды. Қалалық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Заңғарбек Үсіпахметов салтанатты көрсетілімде құттықтау сөз сөйлеп, жобаның тарихи һәм рухани мәніне ерекше тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Ақмола облысында алты адам қар құрсауынан құтқарылды
Ақмола облысында қарлы боран салдарынан жолда қалып қойған алты адамға құтқарушылар көмек көрсетті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Дрондар полицейлерге көмекке келді
«Ақылды» дрондар түнгі Шымкентті патрульдеуге көшті. Бұл қалалық полиция арсеналындағы жаңа заманауи құралдардың бірі. Дрондар қуатты жарық шамдармен, түнгі түсірілім камераларымен және дауыс зорайтқышымен жабдықталған. Полицейлер оның көмегімен қаланың қараңғы аумақтарына бақылау жүргізе бастады. Ұшу аппараттары құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, алдын алуға жәрдемін тигізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz
Саясат • 16 Желтоқсан, 2025
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы 2026 жылдың көктемінде Шымкентте өтетін болды. Жиын барысында бес елдің премьер-министрлері өзара ынтымақтастық пен болашаққа бағытталған маңызды мәселелерді талқыламақ. Осы орайда Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов алдағы міндеттерді айқындап, Одаққа мүше мемлекеттердің Үкімет басшыларын 2026 жылдың 26–27 наурызы күндері Шымкентте өтетін ЕАЭО-ның кезекті отырысына шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Желтоқсан, 2025
Жетісуда 32 спорт нысаны салынды
Тәуелсіздік күні қарсаңында Жетісу облысының Лепсі ауылында жатақханасы бар жаңа көпфункционалды спорт кешені пайдалануға берілді. Енді бұл кешенде Лепсі спорт мектебінің тәрбиеленушілері тұрақты түрде жаттығады, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 16 Желтоқсан, 2025
Алматы әкімі «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік күніне орай Алматыда «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Астанада Тәуелсіздік мерекесі күні 18 сәби дүниеге келдi
Астана тұрғындары үшін Тәуелсіздік күні тек ресми салтанатты іс-шаралармен ғана емес, қаладағы перзентханаларда дүниеге келген жаңа өмірлермен де есте қалды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Атақты режиссерді өлтірді деген күдікпен оның ұлы ұсталды
Америкалық режиссер Роб Райнер мен оның жұбайы, продюсер Мишель Сингер Райнердің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Олардың 32 жастағы ұлы Ник Райнер ата-анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Илон Маск 600 млрд доллары бар жер бетіндегі алғашқы адам атанды
Әлемдегі ең дәулетті адамның бірі Илон Маск тағы бір бедерлі белесті еңсерді. SpaceX компаниясының нарықтағы құны күрт өскен соң, ол байлығы 600 миллиард доллардан асқан алғашқы адам атанды. Бұл туралы Forbes мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Астанада алғаш рет жүргізушісі жоқ автомобиль сынақтан өткізілді
Тәжірибе қала әкімдіктері мен Ішкі істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Көлік арнайы полигон аумағында өздігінен қозғалып, жаяу жүргіншілер мен өзге машиналардың алдына келгенде тоқтай алды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Желтоқсан, 2025
Қызылордадағы 44 млрд теңгелік жоба: өңірді не күтіп тұр?
Қызылорда облысында санитарлық-техникалық өнім өндіру және құрастыру зауытын салу жөніндегі инвестициялық келісімге қол қойылды. Құжатқа өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және испаниялық Roca Group компаниясының еншілес кәсіпорны «РОКА Қазақстан» ЖШС-ның бас директоры Даниэль Эрнандес қол қойған. Инвестиция көлемі 44 млрд теңгеден асады, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 16 Желтоқсан, 2025
Бибігүл Төлегенова 96 жасқа келді
Әлем жұртшылығын әнімен тербеген, төрткүл дүниеге қазақ мәдениетін паш еткен өнерпаздың бүгін туған күні. Қазақстан мен КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова 96 жасқа аяқ басты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Тарихи Алаш автономиясы күні қарсаңында еліміздің солтүстік өңіріндегі Ақжар ауданы мен Көкшетау қаласында ұлт азаттығы мен теңдігі жолында аянбай күрескен біртуар саяси тұлға, жастар көшбасшысы, экономист, ғасырдан астам шежіресі бар «Egemen Qazaqstan» газеті мен «Aqiqat» журналының бастауында тұрған редактор, жазушы, әдебиет сыншысы, ұлт театрының негізін қалаушы Смағұл Садуақасұлының (1900–1933 жж.) туғанына 125 жыл толуына арналған елдік іс-шаралар өтті.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2025
«Kokshe Arena» көпсалалы спорт кешені салынды
Мемлекет басшысының осы жылғы наурыздағы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Көкшетауда «Kokshe Arena» заманауи көпсалалы спорт кешенінің ашылуы өтті. Нысан Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен тұрғызылды. Бұл мақсатқа Үкімет 12,6 млрд теңге бөлді.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Алматының бас алаңында азаттық алауын жаққан жастардың өшпес ерлігін таспалаған режиссер Қалдыбай Әбеновтің еңбегі ұмытылмақ емес. «Аллажар» фильмі – тарихи кезең шындығын жеткізген туынды.
Экономика • 16 Желтоқсан, 2025
Қарағанды өңірінен кейінгі он айдағы көрсеткіш бойынша 4 трлн теңгенің өнімі шығарылыпты. Осыған орай облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы көшелі көрсеткішке үлес қосып отырған «Kaz-metiz» ЖШС мен «WEC Trade» кәсіпорнына баспасөз турын ұйымдастырды.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2025
Осы біздің Шығыста береке-бірлігі жарасқан, бір-біріне қарасқан ауыл қайсы десең, Жанұзақ емес пе дейді көбісі. Қайбір жылы дүкенінде ащы сусын сатылмайды деп, көпке үлгі еткеніміз де бар. Ішімдік ішу-ішпеуін індете зерттей қоймадық, бірақ ауылдың ерекшелігін барғанда көрдік: үй-үйдің арасында қоршауы жоқ, айрандай ұйыған ел.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2025
Әйгілі Мұзағаң, Мұзафар Әлімбаевтың туған топырағы – Шарбақты ауданында кейінгі екі жылда халық игілігі үшін қолға алынған ізгі істер көз қуантады. Мұнда тек биыл пәтер кезегінде тұрған 110 азамат баспаналы болды. Өңір экономикасында қазына қаражатын еселей түсетін жобалар да көбейіп келеді.
Экономика • 16 Желтоқсан, 2025
Бүгінде еліміздің автомобиль өнеркәсібі қарқынды дамып, ел экономикасының маңызды салаларының біріне айналды. Саланың тұрақты дамуына мемлекеттік қолдау, инвестиция тарту, өндірістік инфрақұрылым құру, шетелдік компаниялар- мен әріптестік орната отырып, жаңа технологияларды енгізуге ықпал етті. Ресми деректер бойынша, биылғы 9 ай ішінде елімізде 109 223 техника өндірілген.
Саясат • 16 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Аустралия Премьер-министріне көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиднейдегі Ханука мейрамы кезінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Аустралия Премьер-министрі Энтони Албанизге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 16 Желтоқсан, 2025
Қазақ астаналарының тарихында айрықша орны бар қала – Алаш қаласы. Біздің бұл туралы алғашқы мағлұматымыз – көрнекті жазушы, алаш арысы Жүсіпбек Аймауытұлының 1927 жылы жазған әйгілі «Ақбілек» романындағы: «Семей – бір губерния елдің жүрегі. Семей бүлкілдесе, бір губерния ел бүлкілдейді. Ертістің оң қабағында – Семей, солында – Алаш қаласы...», деген сөзі еді.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Алматы облысында халық саны мен жастар үлесі ең жоғары саналатын Қарасай ауданында Тәуелсіздік күні қарсаңында Жастар ресурстық орталығының жаңа екі қабатты ғимараты пайдалануға берілді.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін мерейтойлы жыл еліміздегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудың ерекше кезеңі болды. Мемлекет басшысы атап өткендей: «Бірлік пен ынтымақтастық, диалог, өзара сенім мен құрмет, азаматтық жауапкершілік – осы мызғымас қағидаттардың бәрі еліміздің ілгерілеуінің негізін құрайды». Бұл сөздер Ассамблеяның 30 жылдығындағы қызметінің мән-маңызын дәл айқындайды.
Жоба • 16 Желтоқсан, 2025
Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы» КММ қалалық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, «Esirtkisiz Elorda: Тәуелділіксіз болашақ идеясы» атты байқаудың финалдық кезеңін өткізді. Сайыс «Esirtkisiz Elorda» жобасы мен «Заң және тәртіп» акциясы аясында ұйымдастырылды. Байқауда мектеп, колледж және жоғары оқу орындарынан іріктелген алты қатысушы бақ сынады. Олар жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған авторлық бастамаларын таныстырып, қазылар алқасы мен көрермендер алдында өз жобаларын қорғады.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Бір күнде 3 бүйрек ауыстыру отасы жасалды
Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында үш науқасқа бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Жұртты қорқытып, ақша бопсалаған
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында қызылордалық полицейлер жұртты қорқытып, ақша талап еткендерді анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік алғалы бері еліміз экономикалық жағдайын да түзеп келеді. Алғашқы жылдардағы ахуал алаңдатқанымен, кейінгі тартылған капитал өндіріске серпін беріп, сапалы жаңғырудың берік тірегіне айналды. Егемен елдің берік ұстындарының бірі – тұрақты экономика, тұрлаулы өсім. 90-жылдары бұған қол жеткізу оңай болмады. Алайда экономикамыз жылдан-жылға еңсесін тіктеп, әлемдік бәсекеге икемделіп келеді.