Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 11 Ақпан, 2026
Айдарбек Қожаназаров: Жаңа Конституция мемлекеттің дербес таңдауын және кемелдігін айғақтайды
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, ұсынылып отырған құжат елдің алдағы даму бағытын айқындайтын стратегиялық маңызы бар бастама, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Ақпан, 2026
Референдумның қашан өтетіні белгілі болды
2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өтеді. Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 11 Ақпан, 2026
Асхат Рахымжанов: Жаңа Конституция азаматтардың елдің саяси өміріне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді
Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік сипатын күшейтіп, саясаттың өзегіне адамды қоя отырып, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысу мүмкіндігін кеңейтеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 11 Ақпан, 2026
Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия чемпионы атанды
Нысана көздеуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатының кезекті күнінде қоржынымыз 3 алтын, 2 күміс жүлдемен толықты. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 11 Ақпан, 2026
Елімізде 490 мектеп директорының орны бос тұр
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың төрағалығымен өткен аппараттық жиында облыстық білім басқармаларының басшылары өңірлердегі білім сапасын арттыру және инклюзивті білім беруді дамыту мәселелерін талқылады. Жиында нақты нәтиже мен сапаға басымдық беру қажеттігі қатаң ескертілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 11 Ақпан, 2026
«Атырау» футбол клубы алдағы ойындарын Түркістанда өткізеді
Атырауда екі стадион бар. Оның бірі – «Мұнайшы» стадионында күрделі жөндеу жүргізіледі. Ал «Судремонтник» стадионы Премьер-лига ойындарын өткізу талабына сәйкес емес, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 11 Ақпан, 2026
Биыл пітір садақа мөлшері қанша теңге?
Биыл қасиетті Рамазан айы 19 ақпан күні басталады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) осыған орай пітір мөлшерін 735 теңге көлемінде бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Ақпан, 2026
Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қылмыс жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Ақпан, 2026
Президент жақында республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қояды
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 11 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Үш могулшымыз финалға шықты
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан екінші іріктеу кезеңі аяқталды. Іріктеуде үздік ондықтың қатарына енген спортшылар ғана финалға жолдама алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 11 Ақпан, 2026
Сергей Пономарев: Жаңа Конституция Қазақстандағы қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтады
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев жаңа Конституция жобасын біртұтас, теңдестірілген әрі жан-жақты пысықталған құжат деп бағалап, оны бүкілхалықтық референдумға шығаруға толық дайын екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Ақпан, 2026
Магеррам Магеррамов Конституция жобасын референдумға шығаруды ұсынды
Мәжіліс депутаты, Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында жаңа Конституция жобасының ел дамуы үшін маңызын атап өтті. Оның айтуынша, құжат өңірлерде кеңінен талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Ақпан, 2026
2026 жылғы Ораза кестесі жарияланды
Биыл Ораза 19 ақпанда басталады. Ал наурыз айының 16-нан 17-не қараған түн – қасиетті Қадір түні, 20 наурыз – ораза айт мерекесі тойланады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 11 Ақпан, 2026
Бақыт Нұрмұханов: Жаңа Конституцияның жобасында өтпелі ережелер нақтыланды
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында жаңа Ата заң жобасына енгізілген қосымша нормалар таныстырылды. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Ақпан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
Ақордада Қазақстан Президентіне екі мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қысқы спорт • 11 Ақпан, 2026
Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров жарыс жолына шықты
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы қоссайысынан жарыстар басталды, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 11 Ақпан, 2026
Ассамблея жастары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Бүгін Астана қаласындағы Достық үйінде жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің отырысы өтті. Іс-шара елдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге жастардың белсенді қатысуына мүдделі жастар бірлестіктері мен сараптамалық қауымдастық өкілдерін біріктірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 11 Ақпан, 2026
Серік Егізбаев: Жаңа Конституция қоғам сұранысына жауап береді
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев қоғамнан келіп түскен сан мыңдаған ұсыныс-пікірлер негізінде әзірленген жаңа Конституция жобасына қатысты көзқарасын білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 11 Ақпан, 2026
Мектептерде смартфонсыз оқу мәдениеті қалыптасып келеді
Астана қаласы Білім басқармасының бастамасымен 2021 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Смартфонсыз мектеп» жобасы елордадағы білім беру кеңістігінде нақты нәтижесі көрсетіп отыр. Бес жыл ішінде жобаға қосылған мектептер саны артты, ең бастысы, сабақ кезінде ұялы телефон қолданбайтын оқушылар қатары көбейе түсті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 11 Ақпан, 2026
Инфляциямен күрес: Үкіметтің негізгі қадамдары қандай?
Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі кеңестің қорытындысында айқындалған міндеттердің барлығы халық пен бизнеске нақты пайда әкелуді көздейтінін және олардың іс жүзінде орындалуы қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 11 Ақпан, 2026
Президент тапсырмасы: Министрліктердің алдағы міндеттері нақтыланды
Үкімет отырысында өнеркәсіп, агроөнеркәсіп, білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және көлік инфрақұрылымы бойынша алдағы кезеңнің басым міндеттері нақтыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 11 Ақпан, 2026
Қ.Тоқаевтың Исламабадқа мемлекеттік сапары: Қазақстан – Пәкістан қатынастарының жаңа кезеңі
Саяси тұрақсыздық үстемдік еткен өңірлердің тоғысындағы Орталық және Оңтүстік Азия үшін Астана мен Исламабад арасындағы диалог соңғы жылдары ерекше маңызға ие бола бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары – екі ел басшылығының стратегиялық сенімді тереңдетуге, аймақтық қауіпсіздік пен экономикалық байланыстарды жаңа деңгейге шығаруға бағытталған маңызды қадамы. Сарапшы Таир Нигманов бұл сапардың символдық қана емес, нақты саяси әрі экономикалық салмағы бар екенін атап өтеді: Ауғанстандағы жағдайдан бастап, көлік дәліздерін әртараптандыруға, логистикалық ынтымақтастықтан мәдени және гуманитарлық байланыстарға дейін – бүгінгі күннің өзекті тақырыптары екі ел мүддесін бұрынғыдан да жақындастырып отыр.
Оқиға • 11 Ақпан, 2026
«Ауыл аманаты»: Ұлытауда шаруаларға жеңілдетілген несие беріледі
Өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға республика бюджетінен 1,2 млрд теңге бөлінді. Қазір өтінім қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 11 Ақпан, 2026
Үкімет Президент тапсырмаларын жүзеге асыруға кірісті
Премьер-министр Олжас Бектенов 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Ақпан, 2026
Биыл Ораза 19 ақпанда басталады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Төралқа мәжілісінде Рамазан айы 19 ақпанда басталатынын ресми растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 11 Ақпан, 2026
Kaspi Gold картасының жылдық қызмет көрсету ақысы қымбаттай ма?
Әлеуметтік желіде Kaspi bank-тің Kaspi Gold картасы мен Kaspi Pay шоттары бойынша жылдық қызмет көрсету тарифтерінің бағасы көтерілетіні туралы ақпарат тарады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Ақпан, 2026
Технология күзетте: Орал полицейлері цифрлы жүйенің көмегімен күдіктіні ұстады
Орал қаласындағы түнгі клубтардың бірінде заманауи цифрлы технологиялардың көмегімен іздеуде жүрген азамат қолға түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Ақпан, 2026
Азия чемпионатында Қазақстан велошабандозы алтын медаль иеленді
Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Бейсембай Мансұр Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өткен тасжол велоспортынан Азия чемпионатында жүлдегер атанды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2026
Полиция қызметкері үш айлық нәрестесі бар отбасыны өз үйінде паналатты
Өткен тәулікте қатты аяз бен ақтүтек боранға байланысты Ақтөбе облысында автожолдар уақытша жабылды. Күн райы қатты бұзылғанда автокөлікпен жолға шықпау жөніндегі ескертулерді елемейтіндер осы жолы да көп болды. Мұғалжар, Темір, Байғанин аудандарында төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полицейлер жолда қалғандарды түні бойы арнайы ұйымдастырылған жылыту пункттеріне жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2026
Жетісу облысында биыл үш бірдей жаңа экопарк құрылады
Жетісу облыстық туризм басқармасының мәліметінше, Мемлекет басшысының ірі мегаполистер мен облыс орталықтарының қала маңы аймақтарында экопарктер құру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында биыл Талдықорған, Текелі, Сарқан қалаларында 3 экопарк құрылады, деп жазады Egemen.kz.