Соңғы жаңалықтар
Есірткі • 29 Қаңтар, 2026
Павлодарда ірі көлемдегі есірткі қоры жойылды
Павлодар полициясы заңсыз айналымнан 44 келі есірткі затын анықтап, оларды өртеу тәсілі арқылы жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2026
Атырауда 9 қаңтарда жоғалған ер адамның мәйіті Жайықтан табылды
Атырауда эпилепсиямен ауыратын ер адам із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Бүгін жергілікті төтеншеліктер оның мүрдесін Жайық өзенінен тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Қаңтар, 2026
Баку-Тбилиси-Джейхан арқылы 1,3 млн тонна мұнай тасымалданды
Соңғы 12 жылда Әзербайжанда мұнай өндіру айтарлықтай қысқарған. 2013 жылғы 44 млн тоннадан 2025 жылы шамамен 28 млн тоннаға дейін төмендеген. Бұл ретте елдің ішкі тұтынуы біртіндеп артып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 29 Қаңтар, 2026
Марқұмның ағзасы төрт адамның өмірін сақтап қалды
Павлодарда қайтыс болған донордың ағзаларын бірнеше науқасқа бір мезетте салуға мүмкіндік берген күрделі әрі сирек жасалатын операция өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 29 Қаңтар, 2026
Ұлттық ұлан мен «Аналар жүрегі»: Әскердегі бақылау қалай өзгереді?
ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Ұлттық ұлан арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 29 Қаңтар, 2026
GPT мен Gemini-ден озып тұр: Қытайлық стартап ашық ЖИ-модель ұсынды
Қытайдың Moonshot AI стартапы Kimi K2.5 деп аталатын ашық жасанды интеллект (ЖИ) моделін таныстырды. Әзірлеушілердің мәліметінше, жаңа жүйе мәтінмен ғана емес, сурет пен видеомен де жұмыс істей алады және бірқатар сынақтарда GPT-5.2 мен Gemini 3 Pro көрсеткіштерінен жоғары нәтиже көрсеткен, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қаңтар, 2026
Мұздай суға түскен 96 күн: Спортшының салауатты өмір салты
Қонаев қаласының тұрғыны Сабыржан Ерланов 90 күннен астам уақыт бойы аязға қарамастан Қапшағай суына шомылып келеді. Ол бұл қадамы арқылы өңірде салауатты өмір салтын насихаттап жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 29 Қаңтар, 2026
Мектеп оқушыларына заң мен тәртіп қағидаты айтылды
Астанадағы №119 мектепте «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Жаңаөзендегі дәрігер өлімі: ІІМ өкілі пікір білдірді
Жаңаөзен қаласында дәрігер-терапевттің өліміне қатысты қылмыстық істің тергелу барысына Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха пікір білдірді. Сенатта өткен брифинг барысында ол бұл істің жаңа заң шеңберінде қалай саралануы мүмкін екеніне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 29 Қаңтар, 2026
Зейнетақы жинағымен ипотека төлеу ережесі өзгерді
«Отбасы банк» ипотеканы зейнетақы жинағындағы артық сома есебінен өтеу тәртібіне өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Бұған дейін жинақ иесі артық соманы тұрғын үй қарызының ай сайынғы төлемін өтеуге қолданып келген болса, өзгеріске сай енді жинақ қаржысын тек негізгі қарызды төлеу кезінде қолдануға болады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Наурыздан бастап қоғамдық орындарды қоқысқа толтырғандар қатаң жазаланады
Қалалар мен елді мекендердегі қоғамдық жұмыстарды қадағалауды күшейтуге бағытталған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер 2026 жылдың наурыз айында күшіне енеді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қаңтар, 2026
Президент Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Президентке сот төрелігін іске асырудың былтырғы қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды. Асламбек Мерғалиев сот төрелігінің сапасы тұрақты түрде сақталғанын айтты. Жоғары тұрған сот сатылары сот актілерінің 98,8 пайызын түзетпеген, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сауда • 29 Қаңтар, 2026
Шетелден зат алу ережесі өзгерді: Салық қалай есептеледі?
Қаңтар айында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шетелдік интернет-дүкендерден жасалатын сатып алуларға қатысты жаңа ережелерді бекітті. Бұл талаптар ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден (Қытай, АҚШ, Еуропа және т.б.) тапсырыс берілетін тауарларға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қаңтар, 2026
Париждегі Үлкен дулыға турнирінде ел намысын кімдер қорғайды?
7-8 ақпан аралығында Франция астанасы Парижде дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы 2026 жылдың алғашқы жарысы өтеді. Спортты дамыту дирекциясы жаһандық бәсекеде ел намысын қорғайтын дзюдошылардың есімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2026
Астрахандағы қарақшылық: Мәслихат төрағасының үйін кімдер тонаған?
Астрахан аудандық мәслихаты төрағасының үйін тонамақ болғандар әділ жазасын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Жаңаөзенде ауруханалардың бірінде дәрігерді пышақтап кетті
Жаңаөзен қаласындағы ауруханада 29 жастағы дәрігер-терапевт пышақ жарақатынан көз жұмды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 29 Қаңтар, 2026
Астанада бірқатар аялдаманың атауы өзгерді
Астана қаласында қоғамдық көлік аялдамаларының атауларына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Қаңтар, 2026
Қос дипломды жоба: АҚШ-та оқыған 29 студент елге оралды
Шетелдік жоғары оқу орнымен бірлесіп қос дипломды бағдарламалар бойынша оқитын алғашқы студенттер АҚШ-тағы оқу семестрін аяқтап, Қазақстанға оралды. Президенттің елімізде жетекші шетелдік ЖОО филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасын іске асыруды бастаған алғашқы отандық ЖОО Қозыбаев университеті болды. Стратегиялық серіктесі – Аризона университеті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 29 Қаңтар, 2026
«Самара-Шымкент» тасжолында автобус аударылды
Қызылордада күн райы құбылып тұр. Осыған байланысты жол қауіпсіздігін бақылайтын полицейлер қауырт жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2026
Шымкентте тағы бір әйелді пышақтап кетті: Полиция қару қолдануға мәжбүр болды
28 қаңтар күні Шымкентте ер адам жеке басараздығына байланысты әйелді пышақтап кеткен. Жәбірленуші алған жарақаты салдарынан оқиға орнында жан тапсырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Наурыз айында ел тұрғындары қанша күн демалады?
8 наурыз жексенбіге сәйкес келгендіктен, 9 наурыз күні қосымша демалыс беріледі. Ал Наурыз мерекесінде азаматтар қатарынан бес күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
95 млн теңге шығын: «7-20-25» бағдарламасын сылтау еткен брокер сотталды
Астанада 2021-2025 жылдар аралығында Instagram арқылы өзін ипотекалық брокер ретінде таныстырып, азаматтарды алдаған 30 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Пойыз билеттеріне 25% жеңілдік: Қай бағыттар қамтылған?
«Жолаушылар тасымалы» АҚ сұранысқа ие бірқатар бағыт бойынша теміржол билеттерінің бағасына жеңілдік жасалатынын хабарлады. Компания мәліметінше, аталған жеңілдік тек аптаның белгілі бір күндерінде жөнелтілетін пойыз бағыттарында қолданылады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Қаңтар, 2026
1,1 млн-нан астам оқушының оқу жағдайы жақсарды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023-2025 жылдары елімізде шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде орналасқан 3 008 мектепке ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 29 Қаңтар, 2026
iPhone-да геолокацияны оператордан жасыратын функция пайда болды
Apple компаниясы iPhone смартфондарына жеке деректердің құпиялылығын қорғауға арналған жаңа мүмкіндік қосты. Енді кейбір елдерде iPhone қолданушының нақты қай жерде жүргенін ұялы байланыс операторларынан жасыра алады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 29 Қаңтар, 2026
Роман Скляр Теңіз кенішіндегі өндірістің уақытша тоқтап қалуына алаңдаушылық білдірді
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Шеврон» корпорациясы Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесспен кездесу өткізді. Жиынға энергетика министрі Ерлан Ақкенженов және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов те қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2026
Қазақстан Бейбітшілік кеңесінің құрылтайшысы болды
Қазақстан Дональд Трамп бастамашы болған жаңа халықаралық құрылым – Бейбітшілік кеңесінің негізін қалаушы мемлекеттердің бірі ретінде ресми мәртебе алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 29 Қаңтар, 2026
АҚШ Иранға ескерту жасады: Трамптың ядролық мәмілесі орындала ма?
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды ядролық келісімге тез арада келуге шақырып, талап орындалмаса, келесі әскери соққының әлдеқайда ауқымды болатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ Иран бағытына ірі әскери күш шоғырландырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 29 Қаңтар, 2026
Tesla роботтары қашан сатылымға шығады?
Илон Маск адамға ұқсас роботтарды қарапайым тұтынушыларға сатуды 2027 жылдың соңына жоспарлап отыр. Бұл туралы ол Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2026
Атырауда интернет-дүкеннен есірткі сатқан күдіктілер қамауға алынды
Атырау тұрғыны есірткіні сататын дүкен ашқан. Заңсыз саудаға тағы бес адамды тартқан, деп хабарлайды Egemen.kz.