Соңғы жаңалықтар
Экология • 26 Қаңтар, 2026
Сергей Пономарев: «Таза Қазақстан» – Конституциядағы жаңа жауапкершілік өлшемі
Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Конституцияға азаматтардың табиғатты сақтауға міндетін енгізуді қолдап, бұл бастаманың қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті айқындайтынын атап өтті. Конституциялық комиссияның үшінші отырысында депутат Президенттің «Таза Қазақстан» бағдарламасының экологияны қорғаудың маңызын нақты іс жүзінде көрсеткенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 26 Қаңтар, 2026
Максим Рожин: Халық кеңесі – жалпыұлттық диалогтың жаңа форматы
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Мәжіліс депутаты Максим Рожин Ата Заңға енгізілетін бірқатар түзетулерді қолдайтынын білдіріп, Халық кеңесін құру мен Вице-президент институтын енгізудің елдегі басқару сапасын арттыруға және қоғамдық диалогты нығайтуға бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 26 Қаңтар, 2026
Гүлзира Атабаева: Зайырлы білім – жас ұрпақтың еркін дамуының кепілі
Конституцияға енгізілетін өзгерістер Қазақстан қоғамының болашаққа бағдарланған әділ әрі мықты мемлекет құруға деген сұранысын айқын көрсетеді. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында «Келешек» жастар кеңесінің басшысы Гүлзира Атабаева осындай пікір білдіріп, ұсынылып отырған түзетулердің жастар үшін стратегиялық маңызын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2026
Исидор Борчашвили: Конституциялық реформа – құқықтық бірлік пен адамға бағдарланған таңдау
Қазақстан Конституциясына енгізілетін өзгерістер елдің құқықтық кеңістігін нығайтып қана қоймай, мемлекеттің адамға бағдарланған сипатын айқын көрсетеді. Конституциялық комиссияның отырысында Астана халықаралық университеті Жоғары құқық мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Исидор Борчашвили осындай тұжырымын ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 26 Қаңтар, 2026
Айдос Сарым: Жаңа Парламенттің өкілеті кеңейеді
Конституциялық реформа аясында ұсынылып отырған өзгерістер болашақ Парламенттің, яғни Құрылтайдың саяси салмағын едәуір арттыруға бағытталған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Астанада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2026
Айдарбек Қожаназаров: Конституциялық реформа – жас ұрпаққа бағыт, экономикаға серпін
Конституциялық реформалар мемлекеттің тиімділігін арттырып қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға жаңа мүмкіндіктер ашады. 26 қаңтарда өткен Конституциялық комиссияның үшінші отырысында осы тақырыпқа арнайы тоқталған «Respublica» партиясының атынан сөз сөйлеген депутат Айдарбек Қожаназаров реформалардың стратегиялық маңызын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 26 Қаңтар, 2026
М.Магеррамов: «Заң мен Тәртіп» – әділетті қоғамның берік тұғыры
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Қазақстан Халық партиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бастамаларды талқылауға белсенді қатысып жатқанын мәлімдеді. Партия өкілі Магеррам Магеррамов Ата заңға өзгерістер енгізу ел дамуы үшін тарихи маңызы бар үдеріс екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Премьер-министр Нарендра Модиға құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиға Үндістанның Республика күніне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 26 Қаңтар, 2026
Серік Егізбаев экологиялық құндылықтарды Ата заңда ұлттық басымдық деп бекітуді ұсынды
Конституциялық реформа аясында қабылданып жатқан әрбір норма болашақ ұрпақтың еркін де әділетті қоғамда өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Бұл пікірді Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев Конституциялық реформа комиссиясының үшінші отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
БҚО-да жеке тұрғын үй өртенді: 3 адам қаза тапты
Ақсай қаласында жеке тұрғын үйден шыққан өртті сөндіру кезінде құтқарушылар үш адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 26 Қаңтар, 2026
Асхат Рахимжанов: Конституциялық реформа – бұл қоғамның нақты сұраныстарына жауап
Елімізде конституциялық реформа мемлекетті халыққа жақындатып, мемлекеттік институттардың жұмыс тиімділігін арттырады. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында депутат Асхат Рахимжанов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 26 Қаңтар, 2026
«Таза парақтан» реттеу: Кәсіпкерлерден қандай өтініштер келіп жатыр?
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Салық кодексін енгізу жобасы кеңсесінің екінші отырысы өтті. Жиында шағын және микро бизнесті «таза парақтан» салықтық реттеу тетіктері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Реформа • 26 Қаңтар, 2026
Елнұр Бейсенбаев: Конституциялық реформа саяси партиялардың институционалдық рөлін арттырады
Конституциялық комиссияның үшінші отырысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Комиссия жұмысы қоғамның заманауи сұраныстарына жауап беретін Ата заңды дайындауға бағытталғанын атап өтті. Ол «AMANAT» партиясы реформаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып отырғанын және Президент бастамаларын қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 26 Қаңтар, 2026
Үнзила Шапақ: Конституцияның преамбуласын жаңарту елдің идеологиялық бағытын айқындайды
Конституциялық реформа аясында Ата Заңның преамбуласын жаңғырту, оның мазмұнын заман талабына сай қайта өзектендіру мәселесін Парламент Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ көтерді. Бұл ұсынысын ол Конституциялық комиссияның отырысында білдіріп, өз ойын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
Семейде ер адам полицияның қызметтік көліктерін өртеп жіберді
2026 жылғы 25 қаңтарда кешкі сағат 18:10 шамасында учаскелік полиция пунктінің алдында құқық қорғау органдарына тиесілі екі қызметтік көлік лаулап өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2026
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Бүгін сағат 16:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау және Маңғыстау облыстарынан өтетін республикалық тасжолда көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелді, деп жазады Egemen.kz.
Құрылтай • 26 Қаңтар, 2026
Нұрлан Бекназаров: Құрылтайдың келісімінсіз депутатты жауапкершілікке тартуға болмайды
Конституциялық комиссияның екінші отырысы аясында Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров Қазақстанда өкілдік билікті нығайтуға және демократиялық институттарды дамытуға бағытталған негізгі бастамалар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» кітабы таныстырылды
Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық кітапханасында жазушы, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Бибі-Ана» қайырымдылық қорының президенті Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 26 Қаңтар, 2026
Берік Уәли қысқы Олимпиадаға қатысатын шаңғышыға сәттілік тіледі
Екі аптадан кейін Италияның Милан және Кортина д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары басталады. Олимпиадаға лицензия жеңіп алғандар қатарында Абай облысы, Үржар ауданының тумасы Әмірғали Мұратбеков те бар, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 26 Қаңтар, 2026
«Zhibek Zholy» туристік пойызы: Билет бағасы қанша, бағыты қандай?
«Zhibek Zholy» туристік пойызы жобасының кезекті кезеңін наурыз айында бастау жоспарланып отыр. Туристік пойыз Ұлы Жібек жолының тарихи бағытымен өтіп, Алматы – Түркістан – Самарқанд – Душанбе – Ташкент – Алматы қалаларын аралайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2026
Әлеуметтік желідегі бетбұрыс: Неліктен оқырманның аз болғаны жақсы?
Әлемді түгел мен көріп, Әлеуметтік желіңдегі парақшаңда оқырман саны неғұрлым көп болса, қоғам алдындағы беделің соғұрлым биік болады. Қазір бұл түсінік те ескіріп барады. Цифрлық кеңістік алгоритмге тәуелді болып, жасанды интеллект ықпалы күшейген сайын оқырман жинаудың пайдасы жоқ екені анықталып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 26 Қаңтар, 2026
Ұлттық банк ескі 10 000 теңгелік банкноталардың қолдану мерзімін ұзартуы мүмкін
Ұлттық Банк «Сақ стилі» банкноталарының жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығаруды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
Елордада тариф бағасын негізсіз көтерген кәсіпорын 54 млн теңге айыппұл төледі
Елордалық «Astana Recycling Plant» ЖШС-ға тариф бағасын негізсіз көтергені үшін 54 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2026
Көкшетауда заңсыз балық аулаған 400 адам айыппұл арқалады
Көрікті Көкше өңірінде табиғат байлығына тағылық көрсететіндердің саны азаймай тұр. Өткен жылы 400 адам тәртіпке шақырылып, 8,5 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 26 Қаңтар, 2026
«Әлия Молдағұлова. Өшпес ерлік»: Батырға арналған энциклопедиялық жинақ жарық көрді
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай «Әлия Молдағұлова. Өшпес ерлік» атты энциклопедиялық жинақ жарық көрді. Кітаптың салтанатты тұсаукесеріне Сенат депутаттары Амангелді Нұғманов пен Амангелді Есбай қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2026
Атыраулықтар алаяқтардың шотына 1,2 млрд теңге аударған
Атырауда алаяқтық қылмысынан жәбірленушілерге 1,2 млрд теңге шығын келтірілген. Атырау прокурорларын интернеттегі алаяқтық қылмысының 14%-ға артқаны алаңдатып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Қаңтар, 2026
Қаңтардағы ҰБТ: 65 талапкердің нәтижесі жойылды
Қаңтар айындағы ҰБТ басталғалы бері 90 мыңға жуық түлек тест тапсырды. Екі аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 65%-ы шекті балды жинаған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Қаңтар, 2026
Президент: Деструктивті ақпарат таратқандарды жауапкершілікке тарту қажет
Президент Бас прокуратурада өткен жиында азаматтарға деструктивті контентті таратудың құқықтық салдары жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Қаңтар, 2026
Енді елімізде шетелдіктердің жүріс-тұрысы қатаң бақыланады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада өткен жиын барысында көші-қон үдерістерін жаппай цифрландыруды өте өзекті мәселе ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы: Құқық қорғау жүйесін цифрландыру жүйесіз жүргізіліп жатыр
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада өткен жиында құқық қорғау органдарындағы цифрландыру үдерісінің біркелкі емес екенін атап өтіп, цифрлық шешімдерді жүйелеу, азаматтардың дербес деректерін қорғауды күшейту және киберқылмыспен күрес тәсілдерін түбегейлі қайта қарау туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.