Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Артур Ластаев Конституцияда өмір сүру құқығының абсолюттік басымдығын бекітуді ұсынды
Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Конституциялық комиссияның алғашқы отырысында Ата заңды жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын баяндады. Ол адамға бағдарланған тәсілді күшейту, негізгі құқықтар мен әрбір азаматтың бостандығын басымдық ету қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Жақып Асанов: Жеке деректердің қорғалмауы – мемлекетке тікелей қауіп
Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында жеке деректерді қорғау мәселесіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, бүгінгі цифрлық әлемде азаматтардың құқығы қағаз жүзінде ғана емес, нақты әрі тиімді қорғалуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 24 Қаңтар, 2026
Жақсыбек Күлекеев: Ғылыми қызмет қағидалары Ата Заңмен бекітілуге тиіс
Астанада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Күлекеев еліміздегі ғылыми қызметтің Ата Заң деңгейінде нақты реттелмегенін, соның салдарынан ел дамуын қамтамасыз етудегі ғылымның рөлі мен мәртебесі төмен екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 24 Қаңтар, 2026
Дихан Қамзабекұлы: Қазақстанның білім беру саясатындағы зайырлы қағидаттарды бекіту қажет
Конституциялық комиссияның отырысында сөз сөйлеген «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы білім жүйесі мен мәдениеттегі зайырлылық Ата Заңда нақты көрініс табуы – зиялылық дәстүрдің талабы екенін айтты.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2026
Қызылордада теміржолды кесіп өтетіндер көбейді
Қызылордада желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Көліктегі қауіпсіздік» жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды. Оның аясында теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткендерге әкімшілік хаттама толтырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
«Ақ жол» партиясы банктік құпияны Конституциялық қорғауды күшейтуді ұсынады
«Ақ жол» демократиялық партиясы Мемлекет басшысы Ата заңға енгізуді ұсынған концептуалды өзгерістерді қолдайды. Бұл туралы партияның фракциясын басқаратын Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2026
Turning Points Qazaqstan журналы жарыққа шықты
Turning Points – бұл The New York Times-тың флагмандық сериясы. Онда әлемдік сарапшылар, Нобель сыйлығының лауреаттары, мемлекет басшылары, пікір көшбасшылары мен ойшылдар жаһандық үрдістер мен болашақты айқындайтын өзекті сын-қатерлерге талдаулары мен пайымдарын ұсынады. KAZMEDIA HOLDING компаниясы The New York Times Licensing-мен аталған журналдың жергілікті нұсқасын шығару жөніндегі лицензиялық келісімге 2025 жылы қол жеткізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қаңтар, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам басшысына құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Мұрат Әбенов: Конституцияда шығармашылық еркіндікті нақты қорғайтын нормаларды бекіту қажет
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов Конституцияда шығармашылық еркіндікті нақты қорғайтын нормаларды бекіту туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
«Неке – ер мен әйел одағы»: Конституцияда отбасы ұғымын күшейту ұсынылды
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында жаңа Конституцияда отбасы мен неке ұғымдарын күшейту керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 24 Қаңтар, 2026
Ержан Жиенбаев Вице-президенттің өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістерге тоқталды
Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев Қазақстанда енгізілетін жаңа институт – Вице-президенттің өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 24 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Құрылтай депутаттарына қойылатын қосымша талаптар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Эльвира Азимова: Конституциялық реформа қоғамның барлық саласында кең талқылауға ие болды
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова барлық саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпкерлік құрылымдар, сондай-ақ заңгерлер мен сарапшылар өз бастамаларын жолдағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Мемлекеттік кеңесші – Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық комиссияның алғашқы отырысындағы сөйлеген сөзінде, жұмыс тобының мүшелерімен қатар, Amanat, Ауыл, Respublica, Ақ жол, Қазақстан халық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өздерінің ой-пікірін дайындап, жолдағанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Эльвира Азимова Конституциялық реформаның басты мақсаты мен міндеттерін атады
Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтіп жатыр. Жиында Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова Конституциялық реформаның басты мақсаты мен міндеттері туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Ерлан Қарин: Конституциялық комиссияның құрылуы тарихи оқиға
Конституциялық комиссияның алғашқы отырысында Мемлекеттік кеңесші - Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық комиссияның құрылуын тарихи оқиға деп атап, Қазақстан ауқымды өзгерістің, түбегейлі бетбұрыстың алдында тұрғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды
Комиссияға Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етеді. Комиссия төрағасының орынбасарлары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. Комиссия құрамына Парламент депутаттары, мәслихаттар төрағалары, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өңірлердегі қоғамдық кеңестер мен ғылыми қоғамдастық өкілдері, сарапшылар кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қаңтар, 2026
Мас күйінде көлік жүргізген судья Әсел Досаева қызметінен босатылды
Астанадағы Жоғары сот кеңесінің сот алқасы судья Әсел Досаеваны қызметінен босатты. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 24 Қаңтар, 2026
Астанада қандай жаңа экспресс-бағдарлар іске қосылады?
25 қаңтардан бастап елордада жаңа экспресс-маршруттар жолға шығады. Жаңа бағдарлар қаланың маңызды бағыттарын қамтып, уақытты үнемдеуге және қала ішінде қатынауды жеңілдетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Нұрай ісі: Жұмыстан шығарылған полицей өз нұсқасын ұсынды
Қоғамда резонанс тудырған Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша қызметінен босатылған полиция қызметкері Әбілғазы Артықбай оқиғаның мән-жайын ашып айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Қаңтар, 2026
Александр Бублик Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты
Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик өз мансабында алғаш рет Australian Open турнирінің төртінші кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2026
Өткен жылы Қостанайда 1200 адам алаяқтарға алданған
«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында қолға алынған жоба құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Жобаның таныстырылымында өңірде тіркелген әрбір екі қылмыстың біреуі Қостанай қаласында жасалатыны айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 24 Қаңтар, 2026
Кеден саласында лауазымын асыра пайдаланған Қазақстан азаматы Испаниядан экстрадицияланды
Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері Қазақстанның Испаниядағы елшілігінің қолдауымен Барселона қаласынан лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану және қызметтік жалғандық жасау фактілері бойынша күдікке ілінген Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 24 Қаңтар, 2026
МӘМС жүйесіндегі олқылықтардан кейін қорға жаңа басшы тағайындалды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 24 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы бүгін Астанада сағат 14:00-де басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2026
Жаңаөзенде электр станциясы жаңғыртылады: Инвесторлар қандай жоба ұсынды?
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «OzenMunaiProm» ЖШС мен Medal Group компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2026
Қазақстан – Моңғолия арасындағы тауар айналымы 500 млн долларға дейін артады
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Хассуурийн Ганхуягпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 24 Қаңтар, 2026
Павлодарда тозығы жеткен жылу-энергия орталығы жаңғыртудан өтеді
Ертіс – Баян өңірінде алдағы жылдары электр стансаларының қуатын арттыру, жаңадан МАЭС салу жоспарланып отыр. Энергетикалық нысандардың жиынтық қуаты 14 мың МВт-қа жетуі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің сатып алу мен сату бойынша орташа өлшенген бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аумағының басым бөлігінде боран соғып, тұман түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.