Соңғы жаңалықтар
Құрылтай • 23 Қаңтар, 2026
Құрылтай бастамалары қандай өзгеріс әкеледі?
Қазақ тарихындағы Құрылтай жиындары қашанда ел ішіндегі айрықша бетбұрыс пен өзгеріске әкелген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қайта жаңғырған Ұлттық құрылтай отырыстары да сол дәстүрдің заңды жалғасы ретінде түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуға түрткі болып келеді. Осы орайда біз бірқатар құрылтай мүшесіне «Бұл басқосу ел өміріне қандай өзгеріс әкеледі?» деген сұрақ қойып, пікірін білген едік.
Таным • 23 Қаңтар, 2026
Бұл жәдігер – 1885 жылы Абай Құнанбайұлы төбе би болған Қарамола съезінде қабылданған жарғы. Заң Қазан қаласындағы Императорлық университеттің баспаханасынан басылып шықты.
Пікір • 23 Қаңтар, 2026
Цифрлық бағыт-бағдар нақтыланды
Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы адамзат қауырт дәуірге қадам басқанын айтып, үйреншікті өміріміз түбегейлі өзгергенін жеткізді.
Сұхбат • 23 Қаңтар, 2026
Нұрлан Жұманиязов: Сахна адамның ішкі шындығын ашады
Үнсіздігімен ойландырып, сабырымен сендіретін, сахнада айқайсыз-ақ биік өнер тудыратын режиссерлер санаулы. Оның қолтаңбасы жалған ұраннан емес, ішкі дірілден, көзге көрінбейтін, бірақ жүрекке жететін терең тыныстан танылады. Сахна артындағы жалғыздық, шығармашылық мехнат, адам жанына деген іңкәрлік пен ішкі еркіндік оның болмысын айқын бейнелейді. Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязовтың жансарайына үңілгенде осындай ой түйдік.
Талбесік • 23 Қаңтар, 2026
Өткен қыс Ұлытау өңірі мен қазақ даласына оңай соққан жоқ. Қытымыр табиғаттың қысымынан, әсіресе түз еркесі – киіктер қатты зардап шекті. Ресми деректерге сүйенсек, көктемге дейін Жезқазған өңірінен – 5 741, Қаражал аумағынан 10 386 киік өлексесі табылған.
Өнер • 23 Қаңтар, 2026
Анығында ән мен күйдің жортуылын ешкім болжап біле алмайды. Көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын құбылыстардың ара салмағын байыптау қиынырақ. Олардың да жортуылы кәдімгідей патшалардың жорығындай, жердің бетінде, бірақ жорық алаңы көңілдің қиырында, жанның ұйығында, сана мен сезімнің қатпарында жүзеді де жүреді. Бұлардың да жаратушысы, қолбасшысы және бар. Мекен-тұрағы – халықтың жүрегі. Тыңдап отырғанда алған әсер, жанған сезім, тербеген ойдың одан кейін өмірлік шешімдер алдында ықпалдасары тағы сөзсіз.
Өнер • 23 Қаңтар, 2026
«Астана Операның» К.Байсейітова атындағы Камера-лық залында «Ұрпақтар үндестігі» атты тамаша концерт өтті. Бұл сазды кеш өнер майталмандары мен жас дарындардың басын қосты.
Өнер • 23 Қаңтар, 2026
Кейбір суретке көз салып, көңіл қойғанда бояуды емес, болмысты, уақытты көресің. «Forte Kulanshi Artspace» галереясындағы белгілі суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сембіғали Смағұловтың көрмесі көңіл түкпірінде дәл сондай әсер қалдырды. Бұл – қабырғаға ілінген картиналар жиынтығы емес, жады мен жаратылыстың, тарих пен бүгіннің арасындағы үнсіз әңгіме.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Қытайдың Юньнань провинциясындағы шалғай ауылда тұратын Ван Фуман есімді оқушы «қорытынды емтиханға қалайда үлгеремін» деп аязды күні 5 шақырым жолды жаяу жүріп өткен. Мектепке келгенде оның шашы мен қасы мұз болып қатып, ал беті суықтан қып-қызыл болып кетіпті. Мұғалімі оның осы сәтін суретке түсіріп, желіге жүктеп жібереді. Айтпақшы, қайсар оқушы сол емтиханда 100 балдың 99-ын жинаған.
Руханият • 23 Қаңтар, 2026
Түркі жұртының алтын бесігі – Алтайда туған қаламгерлерге Алла Тағала «егер ата қонысыңды жазар болсаң, шыңы мен шыңырауынан шиырлап, шыңылтыр аязына дейін әдіптеп суретте, қала берді қойнау-қолаттарына дейін қопарып жаз» деген алабөтен жауапкершілік жүктеп қойған тәрізді. Сол құтты мекенде өмірге келген үркердің шоғырындай қазақтың соқталы қаламгерлерінің шығармалары арқылы бүкіл Алаш жұрты Алтайды жете таныды, көркемдік әлемі арқылы оның ықпыл-жықпылын аралап көрді, тауы мен тасына бауыр басты, ақырында алыста жатып сол әзіз топырақты бәрі сағынатын болды. Сөздің құдіреті деген, міне осы!
Жануарлар • 23 Қаңтар, 2026
Хайуанаттар шыршаға қарық болды
Алматы хайуанаттар бағында «Шыршаны тапсыр» деп аталған ерекше экологиялық науқан мәреге жетті. Жоба аясында қала тұрғындары жаңа жылдық табиғи шырша, майқарағай, қарағай ағаштарын хайуанаттар бағына өткізіп, жануарлардың мекен ету ортасын жақсартуға атсалысты.
Қаржы • 23 Қаңтар, 2026
Қор нарығында ешкім өз бетімен сауда жасай алмайды. Сауда жасау үшін сізге қор нарығында сауда жасауға лицензиясы мен рұқсаты бар делдал, кәсіби нарық қатысушысы қажет. Осы брокер сізге шот ашып береді. Кейінгі бес жылда елімізде брокерлік шоттар бес есе көбейіп, 2026 жылдың басында оның саны 5 млн-нан асып түскен.
Таным • 23 Қаңтар, 2026
23 қаңтарда бүкіл әлемде Қолмен жазу күні тойланады. Бұл атаулы күнді Жазу құралдарын өндірушілер қауымдастығы енгізген. Бастамашылар бұл күні барлық технологиялық құрылғыларды жиыстырып қойып, қолмен жазуға келіскен. Алайда әзірге бұл мүмкін болмай тұр.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Этномәдени бірлестіктер басшыларымен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Астанадағы Достық үйінде республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесті.
Ғалам ғажаптары • 23 Қаңтар, 2026
Отандық топ-менеджер Кремний алқабында 500 млн долларлық келісім жасады.
Қаржы • 23 Қаңтар, 2026
Бөліп төлеу «батпан құйрық» емес...
Қазір кейбіреулер бір тауарды аларда оның толық бағасын емес, ай сайын қанша төлейтінін есептейді. Бөліп төлеуге жүгінеді. Қалтадағы қаражаттан гөрі алдағы жалақыға сену үйреншікті іске айналды. Бір қарағанда ыңғайлы көрінетін бұл үрдіс нарықтағы бағаға, адамдардың мінезіне, мемлекеттік реттеуге әсер етіп отыр.
Ғалам ғажаптары • 23 Қаңтар, 2026
Қытайда әзірленген қауіпсіздікті бақылауға арналған «Are You Dead» (Sileme) мобильді қосымшасы күтпеген жерден кең таралып, «App Store»-дегі ақылы қосымшалар рейтингінің көшін бастады.
Фармацевтика • 23 Қаңтар, 2026
Төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде фармацевтика саласында отандық өндіріс үлесін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.
Ғалам ғажаптары • 23 Қаңтар, 2026
«Samsung» компаниясы дауыспен басқарылатын ақылды тоңазытқышты жасап шығарды. Құрылғы «Gemini» жасанды интеллекті негізінде жұмыс істейді.
Саясат • 23 Қаңтар, 2026
Еліміздің жаңа конституциялық моделі айқындалды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палатаның отырысы өтіп, онда сенаторлар Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы белгілеп берген басымдықтарды іске асыру барысын талқылап, күн тәртібіне шығарылған халықаралық келісімдерді ратификациялады.
Экономика • 23 Қаңтар, 2026
Экономикалық өсім – даму көрсеткіші
Қаржы сарапшылары былтырғы экономикалық өсімді жақсы бағалады. Енді осы серпін алдағы жылдардың өсіміне тірек болуы тиіс екені айтылды. Бюджеттік ынталандыру мен сауданың ішінара қалыпқа келуі жаһандық өсімге дем берді. Биылғы негізгі қауіп капитал ағындарының құбылмалылығы мен аймақтағы күрделі геосаяси жағдаймен байланысты болуы мүмкін.
Саясат • 23 Қаңтар, 2026
Креативті индустрия мүмкіндігі
Астанада Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Yango Group» компаниясының жаһандық директоры Даниил Шулейко мен «Yandex Qazaqstan» басшысы Тимур Шалекеновпен кездесті.
Білім • 23 Қаңтар, 2026
Балаларға ана тілін тегін үйретеді
Астаналық мұғалім Еуропа елдерінде тұратын қазақ балаларына ана тілінен тегін сабақ беріп жүр. Білім алушылардың жас шамасы әртүрлі. Соған қарамастан, ол бір пәнде тақырыпты жан-жақты қамтып, оқушыларды бірден елітіп әкететіндей қызықты етіп өткізеді. Педагог бұл ісін – ұстаздық парызым деп біледі.
Саясат • 23 Қаңтар, 2026
Кешенді жоспардың жобасы мақұлданды
Үкіметте вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен 2026–2028 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы кешенді іс-қимыл жоспарының жобасы қаралды.
Білім • 23 Қаңтар, 2026
Оқушыларға барлық жағдай жасалған
Атырау қаласында екі «Келешек мектебі» оқушыларды қабылдай бастады. Білім ордасының бірі – «Жұлдыз-3» шағын ауданында, ал екіншісі Ақсай-2 ауылында орналасқан.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Карта не шот жабылып қалса, бұл «ақшаңыздан айырылдыңыз» деген сөз емес. Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінен (ҚНДРА) «Мұндайда не істеуге болады?» деп сұраған едік.
Білім • 23 Қаңтар, 2026
Павлодарда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында заманға сай білім ұясы есігін айқара ашты. Мектеп іші алғашқы күннен-ақ оқушыларға лық толып, жас ұрпақтың қажеттілігіне сай білім беруді бастап кетті.
Саясат • 23 Қаңтар, 2026
Еуропа саяси реформаларымызды жоғары бағалады
Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) «Қазақстанның демократиялық реформаларын және өңірлік көшбасшылығын қолдау» (Support for Kazakhstan’s Democratic Reforms and Regional Leadership) атты жазбаша декларация қабылдады.
Білім • 23 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» жобасы өткен жылдың соңына таман Маңғыстау өңірінде өз мәресіне жетті. Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 11 мыңнан астам оқушыға арналған 12 мектеп пайдалануға берілген болса, жыл соңында өңірде жоба аясында жоспарланған барлық 13 мектеп толық іске қосылды.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2026
Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты
Ақмола облысының Жаңаесіл ауылындағы Индустриялық технологиялар және сервис колледжі FASEP бағдарламасы шеңберінде ауқымды халықаралық ынтымақтастықты қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.