Соңғы жаңалықтар
Білім • 19 Қаңтар, 2026
Астанада мектеп оқушыларының қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды
Астанадағы №107 мектеп жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолданып жүр. Мұнда бейнебақылау камераларына ЖИ жүйесі орнатылған. Жүйе балалардың қауіпсіздігі мен тәртібін жіті назарда ұстайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Өскемендіктер қақаған аязда сусыз қалды
18 қаңтар күні сағат 23:00-де Өскемен қаласының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінде бірқатар апатты жағдайлар тіркелді. Қазіргі уақытта барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Қол-аяғын байлап, үйін тінтіген: Қарақшылар әйелдің 30 млн теңгесін қолды қылды
Алматыда қарақшылар күндіз әйелге шабуыл жасап, 30 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Қала полициясы көп ұзамай күдіктілерді қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Талғар ауданында бір ай бұрын жоғалған әйел әлі табылмай жатыр
Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында 1993 жылы туған Әсел Тахированың хабар-ошарсыз кеткеніне бір айдан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Чилидегі орман өрті: 300 үй қирады, 18 адам қаза тапты
Кеше Чилидің орталығы мен оңтүстігінде орман өртеніп, 18 адам қаза тапты. Өрт мыңдаған гектар орманды және жүздеген үйді шарпыды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 19 Қаңтар, 2026
Атырауда төрт адам қар құрсауында қалып қойды
Атырау облысының Құрманғазы ауданында қар құрсауында қалған үш адам, оның ішінде бір бала, аман-есен құтқарылды. Оқиға Ақкөл ауылынан 29 шақырым жерде, қар басқан аумақта болған, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 19 Қаңтар, 2026
Себастьян Себальос пен Лукас Африко: «Қайрат» құрамы жаңа екі ойыншымен толықты
«Қайрат» футбол клубы аргентиналық жартылай қорғаушы Себастьян Себальос және бразилиялық қорғаушы Лукас Африкомен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады. Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Себастьян Себальоспен арадағы келісімшарт 2027 жылдың соңына дейін, ал Лукас Африкомен 2026 жылдың соңына дейін жасалған, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Қаңтар, 2026
«NURORDA» оқушылары халықаралық олимпиадада топ жарды
Америка Құрама Штаттарының Орландо қаласында Халықаралық Neo Science олимпиадасы өтті. Онда «NURORDA» мектеп-лицейінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті. Мәртебесі биік білім бәйгесіне әлемнің 22 елінен 400-ден астам оқушы қатысып, ғылым мен инновация бағытындағы тәжірибелерін сарапқа салды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Жаркенттегі жантүршігерлік оқиға: Анасы баласын батареяға байлап сабаған
Жетісу облысы Жаркент қаласында әйел өз баласын байлап қойып, қатыгездікпен ұрған. Әлеуметтік желіде таралған видео негізінде Панфилов аудандық полициясы жедел түрде тексеру жүргізіп, қатыгез ананы тергеу изоляторына қамады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 19 Қаңтар, 2026
Аяз бен боран күтіледі: Синоптиктердің бүгінгі күнге болжамы
Алдағы тәулікте еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт нашарлайды. Синоптиктер көктайғақ, тұман, қар, боран, желдің күшеюі және кей жерлерде 40 градусқа дейін жететін қатты аяз болатынын хабарлады. Бұл жағдай көлік қозғалысына, коммуналдық қызметтердің жұмысына және тұрғындардың күнделікті тіршілігіне әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 19 Қаңтар, 2026
Луиш Нани «Ақтөбе» ойыншысы атануы мүмкін
Португалия футболының аңызы, 2016 жылғы Еуропа чемпионы Нани «Ақтөбе» клубының ойыншысы атанбақ. Футболшы ақтөбелік ұжыммен келісімшарт талаптарын толық мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылтай • 19 Қаңтар, 2026
Ұлттық құрылтайдың V отырысы: Қандай мәселелер талқыланады?
Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтетінін мәлімдеп, маңызды жиында қандай мәселелер талқыланатынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 19 Қаңтар, 2026
Ирандағы қақтығыс: Қаза тапқандар саны 5 мыңнан асты
Иран билігі елдегі жаппай наразылық кезінде қаза болғандар саны 5 мың адамға жеткенін мәлімдеді. Құрбандардың арасында 500-ге жуық құқық қорғау қызметкері бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 18 Қаңтар, 2026
EDUFEST-2026: Алматыда білім берудің жаңа экожүйесі талқыланды
Алматыда ҚБТУ алаңында "Болашақ білім беру – экожүйе, технология, адам" тақырыбында EDUFEST-2026 конференциясы өтті. Бұл конференция білім беруді балабақшадан бастап ЖОО-ға дейін біртұтас экожүйе ретінде қарастыруға басымдық береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Қаңтар, 2026
Жапонияда теңіз жағасындағы үй 6,5 млн теңгеге сатылымға шықты
Жапонияда теңіз жағалауындағы шағын үй бар болғаны 6,5 млн теңгеге сатылымға қойылды. Бұл туралы TrendWatching Telegram-арнасы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Қаңтар, 2026
Колумбияда қарулы топтар арасындағы қақтығыста 30 адам қаза тапты
Колумбияның шығысында екі қарулы топ арасындағы қақтығыстар салдарынан, алдын ала мәлімет бойынша, 30 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2026
Павлодар облысындағы тасжолда 15 жылқы тиелген жүк көлігі өртенді
Павлодар облысында тасжолда 15 бас жылқы тиелген жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 18 Қаңтар, 2026
18 қаңтардағы валюта бағамы жарияланды
18 қаңтар күні Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында АҚШ доллары мегаполистерде 513-518 теңге аралығында сатылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 18 Қаңтар, 2026
Қарағандыда полицейлер есірткі таратумен айналысқан екі күдіктіні қолға түсірді
Қарағандыда полицейлер есірткі таратумен айналысқан екі күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2026
Өскеменде су мен кәріз қызметінің бағасы өзгерді
Өскемен қаласында су мен кәріз қызметінің бағасы қымбаттады. «Өскемен Водоканал» кәсіпорнының мәліметіне сүйенсек, биыл қосылған құн салығының өсуіне байланысты су және кәріз қызметтері де қымбаттады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2026
Қолдау орталығынан кімдер көмек ала алады?
Біреу білсе, біреу білмес, білім беру ұйымдарында психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істейді. Осындай қолдау көрсететін орталықтардан ата-аналар, балалар, тіпті педагогтердің өздері көмек ала алады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 18 Қаңтар, 2026
Теңіз кен орнында өрт болып, 450-ден аса жұмысшы эвакуацияланды
Теңіз кен орнындағы электр генераторларында екі өрт болды. Бұл ақпаратты «Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметі растады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2026
Ақтауда есінен адасқан 63 жастағы ер адам жоғалып кетті
Ақтауда Мәлік Мөрліханұлы есімді 63 жастағы тұрғын іздестіріліп жатыр. Ер адам үйінен шығып кетіп, содан бері туыстарымен байланысқа шықпаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Қаңтар, 2026
Қазақстан футболшысы Еуропадағы клуб сапында сәтті дебют жасады
Қазақстан құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубы сапындағы алғашқы матчын Шотландия кубогы аясында өткізіп, нәтижелі өнерімен көзге түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2026
Жамбыл облысында жоғалып кеткен әйел адам аман-есен табылды
Жамбыл облысында малшыға көмектесу үшін үйінен шығып, сол күйі жоғалып кеткен әйел адам табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 18 Қаңтар, 2026
Алматы облысында суға шомылу рәсімі өтіп жатыр
Биылғы 18 және 19 қаңтар күндері Алматы облысында дәстүрлі «Құдайға шоқыну» мерекесіне арналған суға шомылу шаралары басталды. Соған орай өңірде барлық қауіпсіздік талаптары сақтала отырып, рәсімді өткізуге арналған 21 стационарлық орын анықталып, келісілді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 18 Қаңтар, 2026
Жасанды интеллект туралы заң күшіне енді
Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» жаңа заң күшіне енді. Заңға қол қойылған сәттен бастап 60 күн өтті және белгіленген рәсімдерге сәйкес, бүгіннен бастап құжат толық көлемде қолданысқа енгізілді. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Қаңтар, 2026
«Гренландиядан қолыңды тарт»: Данияда жаппай наразылық өтті
Сенбі күні Дания астанасы Копенгагенде және елдің өзге қалаларында мыңдаған адам көшеге шығып, Гренландияның егемендігін қолдауға арналған жаппай шеру өткізді. Бұл туралы Euronews мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 18 Қаңтар, 2026
Павлодар облысында апалы-сіңілілер алаяқтарға 10 миллион теңге берген
Әйелдердің бірі зейнеткерлерге арналған дивиденд туралы жарнаманы интернеттен көрген. Кейін толық ақпарат алу үшін көрсетілген сілтеме арқылы өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 18 Қаңтар, 2026
OpenAI ChatGPT-дің тегін нұсқасында жарнаманы іске қосады
OpenAI ChatGPT-де жарнамалық тестілеудің басталғаны туралы хабарлады. Жарнамалар тегін пайдаланушылар мен Go нұсқасы жазылушыларына көрсетіле бастайды. Plus, Pro, Business және Enterprise нұсқасының пайдаланушыларына жарнама шықпайды, деп хабарлайды Egemen.kz.