Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2026
Ақтауда полицейлер суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды
12 қаңтар сағат 11:09 шамасында Ақтау қалалық полиция қызметкерлеріне айналасындағыларға мән бермей теңіз ортасына қарай бет алған жасөспірім туралы хабар түскен, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 14 Қаңтар, 2026
BilimClass платформасына ауысуға уақытша тыйым салынды
Алматылық мектептердің BilimClass платформасына ауысуы сот шешімімен тоқтатылды. Мамандандырылған ауданаралық сот «Күнделік» ЖШС-нің арызын қанағаттандырып, білім басқармасына жүйені ауыстыруға және оқушылардың деректерін өзге платформаларға көшіруге тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстанның ірі кен орындарында мұнай өндірісі күрт төмендеді
2026 жылдың қаңтар айының алғашқы 12 күнінде Қазақстанның Каспий қайраңындағы ірі кен орындарында мұнай мен газ конденсатының тәуліктік өндірісі айтарлықтай азайды. Көрсеткіштер өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда екі есеге жуық төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 14 Қаңтар, 2026
Береке ауылында кісі өлімі тіркелді
Уәлиханов ауданындағы Береке ауылында болған дастархан отырысында 32 жастағы жігітті бірге отырған 29 жастағы ауылдасы сөзге келіп қалып, қатты затпен ұрып өлтірген деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 14 Қаңтар, 2026
Әскерилер майдангерді ғасырлық мерейтойымен құттықтады
Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Анатолий Поповты ғасырлық мерейтойымен құттықтап, Қорғаныс министрінің құттықтау хаты мен естелік сыйлықтар табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Шаруалар Үкіметтің сәбіз эскпортына қатысты шешіміне наразылық білдірді
2025 жылдың 25 желтоқсанында Ауыл шаруашылығы министрлігі транзитті қоспағанда елімізден барлық көлік түрімен сәбізді шетке, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге тасымалдауға 3 айға тыйым салу шешімі туралы жариялаған еді. Бұл бастама шаруалар тарапынан наразылыққа ұшырады. Фермерлер мен кәсіпкерлерді алаңдатқан мәселені бүгін Мәжіліс отырысында депутат Темір Қырықбаев көтеріп, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Трекер, камера, «ақылды» көлік: Депутат деректер қауіпсіздігіне алаңдаулы
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мүтәлі Әбүтәліп Үкіметке депутаттық сауал жолдап, ел аумағында жасырын бақылауға арналған техникалық құрылғылардың бақылаусыз айналымы мен жаңа буындағы автомобильдер арқылы жеке деректердің шетелге кету қаупіне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 14 Қаңтар, 2026
Елімізде әскери қызметкерлердің жалақысы өседі
Жаңа еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес, 2026 жылы 1 қаңтардан бастап офицерлердің лауазымдық жалақысын 23%, ал қатардағы және сержанттық құрамның жалақысын 10% арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Энергетика министрлігі: Желтоқсан айында КҚК арқылы мұнай жөнелту көлемі төмендеді
Энергетика министрлігі 2025 жылғы желтоқсан айында Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы арқылы мұнай жөнелту көлемінің төмендеуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 14 Қаңтар, 2026
Қарағанды тұрғыны әкесінің пәтерінде қарасора өсірген
Қарағанды облысында полицейлер заңсыз есірткі өсіру дерегін анықтады. Тексеру барысында 70 жастағы зейнеткердің пәтерінен арнайы жабдықталған шағын жылыжай әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
1 ақпаннан бастап сыра өнімдері таңбаланады
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті сыра мен сыра өнімдерін цифрлық таңбалау жүйесін кезең-кезеңімен енгізу мерзімдері туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 14 Қаңтар, 2026
Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Smart-аудитория ашылды
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде жоғары оқу орнының көрнекті түлегі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Родина» агрофирмасы ЖШС-нің бас директоры, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, кәсіпкер әрі меценат Иван Адамұлы Сауэрдің атындағы аудитория салтанатты түрде ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 14 Қаңтар, 2026
Ұлттық қордың активтері рекордтық межеге жетті: 2026 жылы – 77,77 млрд доллар
Еліміздің стратегиялық «қауіпсіздік жастығы» саналатын Ұлттық қордың жай-күйі туралы кезекті есеп жарияланды. 2026 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, қордың жиынтық активтері 77,77 млрд долларды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 14 Қаңтар, 2026
2026 жылы қайда барамыз? Туризм министрлігі мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесін жариялады
Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі 2026 жылға арналған мәдени-туристік оқиғалар күнтізбесін дайындады. Еліміздің 20 өңірінде 55 ауқымды іс-шара өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстан мұнайы теңізге неге жете алмай жатыр?
Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумы порты соңғы апталарда қайта-қайта тоқтап, Қазақстан мұнайын тиеу күрт азайды. Ауа райының бұзылуы, жоспарлы жөндеу және дрондардан келген зақым салдарынан порт толық қуатта жұмыс істей алмай отыр. Соның салдары экспорт көлеміне тікелей әсер етті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қаңтар, 2026
«Әр қадамын аңдыған». Шымкенттегі жас қыздың өліміне қатысты тың деректер мәлім болды
11 қаңтар күні Шымкент қаласында 21 жастағы қыз кісі қолынан қаза тапты. Оның мәйіті Шымкент қаласы Төлеметов көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің алдынан табылған. Марқұмның ағасы Серікбай Сұлтан threads желісіндегі парақшасында мән-жайды жазса, құрбысы күдікті бұған дейін Нұрайды алып қашқанын, қыз бен отбасының қарсылығынан кейін оны жібергенін айтты. Құрбысының айтуынша, марқұм қыз алып қашу әрекетінен кейін полицияға арызданған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
ҚҚС өсімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына әсер етті ме?
Елімізде 5 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін артқанына қарамастан, Алматы қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасында күрт өзгерістер байқалмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасын 122 елдің оқырмандары пайдаланады
Ұлттық электронды кітапхана – 2007 жылы Ұлттық академиялық кітапхананың негізінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің жобасы ретінде құрылған. Кітапхананың 2025 жылғы көрсеткіштері айтарлықтай, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстан азаматтығын алуға арналған тестілеу ақпанда басталады
Елімізде 3-10 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлерге арналған тестілеуге өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Ақпан айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Ақпан айында мемлекеттік мерекелер жоқ. Осыған байланысты демалыс күндері тек сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді. Қыстың соңғы айы ең қысқа уақыт. Сондықтан ақпанда ел тұрғындарын барлығы 8 демалыс күні ғана күтеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Алматы тауларына күніне 30 мың турист тарту жоспарланды
Алматының тау кластерін дамыту аясында таулы аймақтардың адам қабылдау мүмкіндігін 5 есеге арттырып, тәулігіне 30 мың адамға дейін жеткізу көзделіп отыр. Бұл туралы қаланың Туризм басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 14 Қаңтар, 2026
2025 жылы елімізде қанша мектеп салынды
2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 236 мыңға жуық оқушы орнына арналған 162 мектептің құрылысы аяқталды, оның ішінде 112 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қаңтар, 2026
Алматы облысында әскери қызметші атыс кезінде жараланды
Алматы облысында оқу-жаттығу кезінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі оқ жарақатын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 14 Қаңтар, 2026
Астанада екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды
Астанада ауа температурасының төмендеуіне байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшірілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 14 Қаңтар, 2026
АҚШ-тың Иранмен байланысы бар елдерге салған 25% баж салығы: Қазақстанның ұстанымы қандай?
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен сауда-саттық жасайтын барлық елге 25 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдеген еді. Мәлімдемеге қатысты еліміздің Сауда және интеграция министрлігі пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Зергерлер неге Қырғызстанға көшіп жатыр?
Кейінгі кезде зергерлік бұйымдармен айналысатын кәсіпкерлеріміз Алатау асып, айырқалпақ ағайынға бек жақындап жүр. Бәзбіреулері өндірістерін Бішкекке бір-ақ көшіруді бастап кеткен. Бұған себеп – Қырғызстанда зергерлік бұйымдарды өндіру мен экспорттауды қолдауға бағытталған жаңа заңның қабылдануы. Бұл заң кәсіпкерлерге тиімді болып тұр. Алайда мәселенің мәніне үңілсек, жағдай мүлде басқаша, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстанның мұнайын тасымалдайтын танкерлер шабуылға ұшырады
Энергетика министрлігі 2026 жылғы 13 қаңтарда Қара теңіз акваториясында Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы маңында Қазақстанның мұнайын тасымалдайтын екі кемеге шабуыл жасалғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қаңтар, 2026
Таиландтағы қайық апатынан зардап шеккен азаматтардың жағдайы белгілі болды
11 қаңтарда Пхукет маңында Андаман теңізінде экскурсиялық қайық кемемен соқтығысып, аударылған. Бортта Қазақстанның сегіз азаматы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 14 Қаңтар, 2026
Заңсыз айналымнан 340 қару тәркіленді
Ішкі істер министрлігі 9–12 қаңтар аралығында республикалық «Қару» жедел іс-шарасын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Қаржы мониторинг агенттігі блогер Қайсар Қамзаға неліктен іздеу жариялағанын айтты
Қаржылық мониторинг агенттігі Қамза Қайсар Бақытжанұлына халықаралық іздеу жариялады. Сотпен оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, деп хабарлайды Egemen.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.