Оқиға • 14 Қаңтар, 2026

Таиландтағы қайық апатынан зардап шеккен азаматтардың жағдайы белгілі болды

1 мин
оқу үшін

11 қаңтарда Пхукет маңында Андаман теңізінде экскурсиялық қайық кемемен соқтығысып, аударылған. Бортта Қазақстанның сегіз азаматы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таиландтағы қайық апатынан зардап шеккен азаматтардың жағдайы белгілі болды

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккендердің бірі бүгінде үйіне жіберілген. Қалған екі азамат стационарда емделуін жалғастырып жатыр. 

«Екі азамат әлі де ауруханада, жағдайлары тұрақты, сауығып келеді. Шығындарды сақтандыру компаниясы өтейді. Консул азаматтармен үнемі байланыста және қажетті көмекті көрсетіп жатыр», делінген хабарламада. 

Полиция мен жағалау күзеті оқиғаның себептерін, соның ішінде ережелердің бұзылуын, кеменің техникалық жағдайын және экипаждың қателігін тергеп жатыр.

Таиландта аударылған катердің ішінде 8 Қазақстан азаматы болған

Соңғы жаңалықтар

Жалған жаланың құрбаны

Қоғам • Бүгін, 14:12

Алаш арысының адал жары

Қоғам • Бүгін, 14:03

Ардақты есімге лайық ұлан

Қоғам • Бүгін, 13:50

Лондондағы Мисс Кәусар

Қоғам • Бүгін, 13:45