Соңғы жаңалықтар
Ауа райы • 23 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады
Ертең, яғни 24 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Инвестиция • 23 Желтоқсан, 2025
Соңғы үш жылда Маңғыстау облысына 3 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылған
Ағымдағы жылы Маңғыстау облысында жалпы құны 235 млрд теңгені құрайтын 19 инвестициялық жоба іске қосылып, 612 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 23 Желтоқсан, 2025
Павлодарда мемлекеттік құпия мәліметтерді жинаған колонияның бұрынғы басшысы сотталды
№45 мекеменің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс жабық режимде өтті. Істің жай-жапсары ашық айтылмайды, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 23 Желтоқсан, 2025
Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен мазмұнды әрі нәтижелі телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді.
Табиғат • 23 Желтоқсан, 2025
Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы іске асып жатыр
Ақтауда Каспий теңізінде теңіз албыртын өсіруге бағытталған ауқымды жоба жүзеге асып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Ауыл • 23 Желтоқсан, 2025
«Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздарына 20 трактор табысталды
Бүгін Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жарияланған облыстық «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Жетісу облысында мал ұрлығына қатысы бар үш адам қамауға алынды
Жетісу облысында мал ұрлығы әшкереленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Президент • 23 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбітті
Мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібі мен халықаралық ахуал, соның ішінде Украина проблематикасы жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Экономика • 23 Желтоқсан, 2025
Атырауда арнайы экономикалық аймақ инвесторлары кедергіге тап болған
Атырау облысында арнайы экономикалық аймақ инвесторларының өндірістік нысандарына кіру мүмкіндігі шектелгені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 23 Желтоқсан, 2025
Өңірлерде бала құқықтарын қорғау жөніндегі дербес басқармалар құрылып жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр айында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдап, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер туралы ақпарат алған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 23 Желтоқсан, 2025
Атырауда әйелін өлтірген күдікті 10 жылға сотталды
Атырау ерлі-зайыптылар алкогольдік ішімдікті ішкен. Кейін күйеуі әйелін ұрып өлтіріген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Алматыда көзге түскен Tesla көлігі ТЖМ-ге тиесілі ме?
Алматыда әлеуметтік желі қолданушылары қала көшелерінен ерекше көлікті байқап, қызу талқыға салды. Куәгерлер түсірген бейнежазбаларда ТЖМ эмблемасы бар Tesla Cybertruck электромобилі эвакуаторға тиеліп, қала ішінде тасымалданып бара жатқаны көрінеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 23 Желтоқсан, 2025
Құрық портында теңіз табаны 5 метрге тереңдетіледі
ERSAI индустриялық порты Құрық портында акватория мен кірме арнаның түбін тереңдету жөніндегі стратегиялық жобаны іске асыруға кірісті. Жоба бойынша теңіз түбінің тереңдігін 5 метрге дейін ұлғайту және жыл бойы үздіксіз навигацияны қамтамасыз ету көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2025
Маңғыстау облысы 2025 жылды оң нәтижемен қорытындылады
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өткізіп, өңірдің 11 айдағы даму көрсеткіштері мен алдағы стратегиялық жоспарлары туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Желтоқсан, 2025
Президент «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады. Президентке холдингтің биыл атқарған қызметінің қорытындылары, сондай-ақ ұйымды трансформациялау және экономикалық дамудың стратегиялық басымдықтарын іске асыру аясында жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндалды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 23 Желтоқсан, 2025
Оңтүстік Кореяның алғашқы коммерциялық орбиталық зымыраны апатқа ұшырады
Оңтүстік Кореяның Бразилияда ұшырған алғашқы коммерциялық орбиталық зымыраны ұшырылған уақыттан 30 секунд өткенде апатқа ұшырады. Hanbit-Nano зымыранын ұшыру кезінде ақау шыққан, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда Қаржы омбудсманының бірыңғай қызметі құрылады
Тұтынушылар мен қаржы ұйымдары арасындағы дауларды сотқа дейінгі реттеудің бірыңғай және дәйекті тетігін қалыптастыру мақсатында, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң жобасы шеңберінде Қаржы омбудсманының бірыңғай қызметін құруды көздеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Желтоқсан, 2025
Президент прокуратура мен күштік құрылымның бір топ қызметкеріне пәтер кілтін табыстады
Жаңа жыл қарсаңында прокуратура мен күштік құрылымның бір топ қызметкері баспаналы болды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2025
Маңғыстау облысы шетелдік туристерді ең көп тартатын өңірлердің үштігіне енді
Статистикалық деректерге сәйкес, 2025 жылдың 9 айында өңірге 350 мыңнан астам турист келіп, 17,2 миллиард теңгеге жуық қызмет көрсетілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға артқан. Шетелдік туристерді қабылдау бойынша Маңғыстау республикада 3-орынға тұрақтады. Бұл туралы өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Желтоқсан, 2025
Президент Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Кескінбаев Президент Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскер • 23 Желтоқсан, 2025
Әскери қызметшілер халықаралық фестивальде өнер көрсетті
Еліміздің Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының музыканттары мен әртістері, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері Қатарда өткен І Халықаралық әскери музыка мен марштар фестивалінде өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Желтоқсан, 2025
Кибералаяқтар Франция поштасын бұғаттап тастады
Францияның ұлттық пошта операторы La Poste мереке алдындағы ең қызған шақта ауқымды кибершабуылға тап болды. 22 желтоқсаннан бері жалғасып жатқан DDoS-шабуыл милиондаған тұтынушыны әуреге салып, елдің басты пошта қызметін тығырыққа тіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2025
Маңғыстауда ауыл шаруашылығы өнімдерінен 38 миллиард теңге табыс түскен
Биыл Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығы саласында 38 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Мал шаруашылығы бойынша өнім шығару көлемі 22,4%-ға артқан. Бұл туралы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 23 Желтоқсан, 2025
23 желтоқсандағы сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының теңгеге шаққандағы құны едәуір төмендеп, 510,18 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 23 Желтоқсан, 2025
Кәсіпкерлерге несие алу жеңілдеуі мүмкін
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеуді тапсырды. Әсіресе жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін кәсіпкерлерге назар аударылды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 23 Желтоқсан, 2025
Салық жүйесі «таза парақтан» қайта құрылады
Президент тапсырмаларын орындау және жүріп жатқан салық реформасы аясында Үкімет салықтық әкімшілендіру жүйесін қайта жүктеуді бастайды. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Марапат • 23 Желтоқсан, 2025
Астанада көлік пен логистика саласының мамандарына «транспорттық Оскар» табысталды
Елордада көлік пен логистика саласындағы Еуразиялық беделді марапат саналатын «Magistral Awards – 2025» премиясының жеңімпаздары анықталды. Кәсіби орта бұл сыйлықты көптен бері «транспорттық Оскар» деп атап келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 23 Желтоқсан, 2025
ШОБ кәсіпорындарын жаңғырту үшін лизингтік қаржыландыру іске қосылады
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов өңдеуші секторлардың жалпы ішкі өнімдегі үлесін одан әрі ұлғайту үшін кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттыруды тапсырды. Ал оларды жаңғыртуды шағын және орта бизнес өндірістерін қайта жабдықтау есебінен ынталандыру керек, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 23 Желтоқсан, 2025
Журналистика қалай өзгеріп жатыр: Қазақстанда БАҚ өкілдері цифрлық дағдыларды меңгерді
Қазақстанда медиасалада заманауи технологияларды қолдану бойынша журналистерге арналған тренингтер сериясы аяқталды. Екі ай бойы іс-шаралар Шымкентте, Ақтауда және Алматыда өтіп, елдің тоғыз өңірінен келген 50-ден астам БАҚ өкілін біріктірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Шағын бизнесті қолдауға арналған өңірлік бағдарламалар әзірленеді
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шағын бизнесті қолдаудың және кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктерді кеңейтудің маңыздылығын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.