Соңғы жаңалықтар
Спорт • Бүгін, 22:26
Гүлмарал Еркебаева күрестен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық балуан Гүлмарал Еркебаева әйелдер күресінен Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • Бүгін, 21:28
Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады
Астана қаласында велоинфрақұрылымды ауқымды жаңарту жоспарланып отыр. Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ және компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының қолдауымен іске асырылады және қоғамдық веложалдау қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • Бүгін, 20:38
Алматыда материалдық емес мәдени мұраны сақтау мен ілгерілетудің жаңа тәсілдері талқыланды
Алматы қаласында материалдық емес мәдени мұраны сақтау мен ілгерілету мәселелеріне, сондай-ақ 2003 жылғы Конвенцияны іске асыру барысына жүргізілген орта мерзімді бағалауға арналған ұлттық дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • Бүгін, 20:23
Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялаған азаматтар марапатталды
Бүгін Таяу Шығыс өңірінде әуе кеңістігінің жабылуына байланысты биылғы ақпан айында эвакуациялық іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге елеулі үлес қосқан авиация саласының өкілдерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • Бүгін, 19:40
Ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды?
Синоптиктер 10 сәуірде елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • Бүгін, 19:32
2026 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау қашан басталады?
Негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11–25 сәуір аралығында өтеді. Осы кезеңде талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижемен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі беріледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 18:13
Қазақстандағы жаңа үйлердің орташа құны қанша?
Қазақстанда 2026 жылдың наурыз айында бастапқы тұрғын үй нарығындағы баға салыстырмалы түрде тұрақты сақталды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел бойынша орташа өсім ақпан айымен салыстырғанда бар болғаны 1% болды. Ал жыл басынан бергі үш айдағы өсім +3.7% деңгейінде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • Бүгін, 17:50
«Amanat» партиясы Кәсіпкерлер қанатын құрды
Ірі бизнес «AMANAT» партиясын қолдады. Бұл туралы Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан ҚошановКәсіпкерлік мәселелері жөніндегі үйлестірукеңесінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. Іс-шараға мыңдаған компания мен миллиондаған адамды біріктіретін бизнес-қоғамдастық пен ірі салалыққауымдастықтардың өкілдері қатысты. Партия мен бизнес елдің тұрақты әрі орнықты дамуы үшін, кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер жасау, экономиканың өсуін қамтамасыз ету және қазақстандықтардың табысын арттыру бағытында бірлесіп жұмыс істейтін болады.Отырысқа партияның өңірлік филиалдары бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • Бүгін, 17:43
Интернетсіз де ұшады: Болашақ офицерлер дронның көмегімен барлау жасайды
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің әскери кафедрасында «Ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелер» бағыты іске қосылып, запастағы офицерлерді даярлау ауқымы кеңейтілді. Қазір бұл бағытта 35 студент білім алып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • Бүгін, 17:30
Алматы, Астана және Шымкенттен тікелей рейс: Биылғы қажылық маусымның кестесі белгілі болды
Қазақстан қажылық миссиясы мен жауапты туроператорлардың қатысуымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы алаңында 2026 жылғы қажылық маусымына арналған онлайн жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • Бүгін, 17:15
Енді Ұлттық ұлан сарбаздарының эмоциялық жағдайын жасанды интеллект бақылайды
Президенттің цифрландыруды дамыту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінде сынақ режимінде жасанды интеллектке негізделген жаңа бейнебақылау жүйесін іске қосылды. Бұл қадам сарбаздардың қауіпсіздігін күшейтуге және ішкі тәртіпті бақылауды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • Бүгін, 16:58
Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады
Алматы халықаралық әуежайы жолаушыларға жаңа терминалдағы паспорттық бақылау аймағында техникалық жұмыстар басталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 16:31
Премьер-министр өрт қаупі жоғары кезеңде жедел әрекет етуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізіп, 2026 жылғы өрт қаупі жоғары кезеңге дайындықты күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • Бүгін, 16:20
Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылады
2026 жылғы 9 сәуір күні сағат 09:00-де уәкілетті мемлекеттік органда техникалық ақау тіркелді. Осыған байланысты қазіргі уақытта ХҚКО-ларда және көші-қон қызметі орталықтарында «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН қалыптастыру» мемлекеттік қызметі уақытша қолжетімсіз болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Бүгін, 16:08
Президент Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті Азия чемпионы атануымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • Бүгін, 15:59
Депутат теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салуды талап етті
«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Иса Бас прокурор Берік Асыловқа, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевқа деструктивті діни ағымдарға тыйым салу жөнінде депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 15:50
Айыппұл туралы жалған хабарлама: Алаяқтар алдаудың жаңа түріне көшті
Қазіргі уақытта Қазақстанда интернет-алаяқтықтың жаңа түрі белсенді таралып жатыр. Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға және күмәнді хабарламаларға иланбауға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Бүгін, 15:38
Астанада полицейлерге күш қолданып, балағаттаған ер адам 3 жылға сотталды
Елордада полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларға қарсы күш қолданған қала тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • Бүгін, 15:22
Олжас Бектеновке Алакөлді дамытудың кешенді жоспары таныстырылды
Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған жобалардың жүзеге асу барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • Бүгін, 15:07
Еліміздегі мұнай нысандарының қауіпсіздік деңгейі қандай?
Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов еліміздің мұнай нысандары Иран тарапынан жасалуы мүмкін шабуылдардан қаншалықты қорғалғаны туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • Бүгін, 14:59
«Адал азамат»: Мектеп оқушыларына жаңа Конституцияның нормалары түсіндірілді
Мектептерде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде 11-сынып оқушыларына арналған сынып сағаты бір мезгілде еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 14:38
Қарағандыда есірткіге қарсы ауқымды акция өтті: 2 мыңнан астам граффити жойылды
Қарағанды қаласында «Есірткіге қарсы бірге күресейік» ұранымен кең көлемді акция ұйымдастырылып, қоғамды қауіпті індетке қарсы жұмылдыруға бағытталған нақты шаралар жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • Бүгін, 14:25
Надежда Рябец бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды
25 жастағы боксшы Надежда Рябец Қазақстанға Азия чемпионатының алғашқы алтын жүлдесін сыйлады. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы финалда өзбекстандық Рухшона Парпиеваны 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • Бүгін, 14:10
KazNARU студенттері Қытай университетінің сертификатын иеленді
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жасанды интеллект және робототехника саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайта отырып, Қытай Халық Республикасының Чжэцзян технологиялық университетімен (ZJTU) бірлескен білім беру бағдарламасы аясында студенттерге сертификат табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Олжас Бектенов «Семей орманында» ЖИ негізіндегі өртті ерте анықтау жүйесін тексерді
Абай облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ормандарды қорғау және сақтау ісінде заманауи цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Осы мақсатта ол «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында болып, өртті ерте анықтауға арналған жүйелердің дайындығына ерекше назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • Бүгін, 13:27
Білім саласындағы өзгеріс: Мұғалімдер үшін авторлық бағдарлама жазу талабы жойылады
Қазақстанда мұғалімдерден енді авторлық оқу бағдарламасын әзірлеу талап етілмейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Мұндай шешім мұғалімдермен ұзақ талқылаулардан кейін қабылданған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 13:05
Сақтандыру ұйымдары несие өтелген соң 5 жұмыс күні ішінде ақшаны қайтаруға міндеттелді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алу кезінде рәсімделетін сақтандыру шарттарына қатысты енгізілген жаңа заңнамалық өзгерістер туралы ескертті. Бұл өзгерістер қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • Бүгін, 12:49
Тапшылық жоқ – сәйкесінше баға да өспейді: Вице-министр жанармай құнының өзгеруі туралы
Сенатта өткен брифинг барысында журналистер мораторий аяқталғаннан кейінгі бір аптада жанармай бағасының қаншалықты өзгергенін сұрады. Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешовтің айтуынша, жанар-жағармай бағасы қазіргі уақытта нарықтық тетікпен қалыптасады және мемлекет тарапынан тікелей реттелмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 12:35
Психикалық саулық – тұрмыстық қызмет емес: Аймағамбетов саланың реттелмегенін сынға алды
Көшеде самса сататын адамға санитарлық кітапша қажет, ал адамның жан дүниесімен жұмыс істейтін мамандарға талап болмауы – қоғамдағы өзекті мәселе. Аталған олқылықты мәселені көтерген депутат Асхат Аймағамбетов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа заң жобасына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 12:16
Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр
Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың денсаулығы күрт нашарлап, ауруханада жатыр, деп жазады Egemen.kz.