е
Әлем • 18 Желтоқсан, 2025
Қырғыз Президенті 4 сынып оқушысына өз телефонын сыйлады
Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров 17 желтоқсанда Ош облысы, Қара-Құлжа ауданы, Қоо-Чаты ауылындағы «Айдын-Кол» бастауыш мектебінің 4 сынып оқушысы Нұрзаман Алмазбековті қабылдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Желтоқсан, 2025
Қар және боран: бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан аумағында 17 желтоқсан сағат 20:00-ден 18 желтоқсан сағат 20:00-ге дейін қолайсыз ауа райы сақталады. Кей өңірлерде қар, боран, көктайғақ, тұман және желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Қазақстандық олигархтардың әшекейлері аукционға шығарылды
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы қазақстандық олигархтардан тәркіленген зергерлік бұйымдарды аукционға шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Луврдағы ұрлықтан кейін Қазақстан музейлеріндегі қауіпсіздік деңгейі тексерілді
Париждегі Лувр музейінде болған тонаудан кейін Қазақстандағы барлық музейлерде қауіпсіздік талаптарына қатысты тексеру жүргізілді. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Аида Балаева: Қазақстанда журналистерге қысым көрсетілмейді
Human Rights Watch халықаралық ұйымының Қазақстанда журналистерге қысым көрсетуді тоқтатуға шақырған үндеуі нақты жағдайды толық білмеуден туындаған. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.
Мәдениет • 17 Желтоқсан, 2025
«Оскар-2026»: алдын ала шорт-парақ жарияланды
Америкалық киноакадемия 98-ші «Оскар» сыйлығының 12 аталымы бойынша шорт-парағын жариялады. Алдын ала іріктеуде «Злая: Навсегда» және «Грешники» фильмдері көш бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 17 Желтоқсан, 2025
Әкімдіктер тұрғын үй көмегін көрсету тетіктерін халыққа кеңінен түсіндіруі керек
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыруға арналған жобалық кеңсенің отырысын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Ұлт баспасөзінің қара шаңырағы «Егемен Қазақстанға» – 106 жыл
1919 жылдың 17 желтоқсанында «Ұшқын» деген атпен алғашқы саны оқырманға жол тартқан «Егемен Қазақстан» газетінің жарық көргеніне бүгін 106 жыл толып отыр. Бір ғасырдан астам уақыт бойы қазақ руханиятының темірқазығы болып келе жатқан басылым ел тарихының шежіресіне айналды.
Спорт • 17 Желтоқсан, 2025
Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеудің ережелері бекітілді
Халықаралық Олимпиада комитетінің Атқарушы комитеті АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарына арналған алғашқы іріктеу жүйелерін бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 17 Желтоқсан, 2025
Дәріханалардағы кезек: дәрі-дәрмек неге тез таусылып жатыр?
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, маусымдық кезеңдерде дәрілік заттарға сұраныс күрт өседі. Бұл әсіресе, тұмау, ЖРВИ және басқа да маусымдық аурулар өршитін уақытта халықтың алдын алу және өзін өзі емдеу мақсатында дәріні көп көлемде сатып алуымен байланысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Желтоқсан, 2025
Сирек кездесетін жыртқыш бейнежазбаға ілінген
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жүргізіліп жатқан экологиялық мониторинг жұмыстары барысында Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) бейнежазбаға түсірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Архив • 17 Желтоқсан, 2025
Архив қорларында Желтоқсан оқиғасына қатысты деректер жеткілікті ме?
Тәуелсіздіктің 34 жылдығына орай Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде «16 желтоқсан – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда республикалық, облыстық және қалалық мемлекеттік архив өкілдері Тәуелсіздік жылдарында толықтырылған архив қорлары мен Желтоқсан оқиғасына қатысты деректер туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 17 Желтоқсан, 2025
«AQYL» депозитіне 235 920 теңгені қалай алуға болады?
Биыл Қазақстанда мемлекеттік жинақтау жүйесі – «Келешек» бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама ата-аналарға балалардың біліміне қаражат жинауға көмектеседі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Жаңа жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде маңызды өзгерістер күшіне енеді
2026 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында көрсетілетін қызметтер көлемі айтарлықтай ұлғаяды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Қостанайда жаңажылдық шырша шамдары 18 желтоқсанда жанады
Қостанай қаласы тұрғындары шыршалардың шамын жағу рәсіміне шақырылады. Қала әкімінің орынбасары Мәжит Шүленовтің айтуынша, 18 желтоқсан күні сағат 20:00-де қаланың әртүрлі бөліктерінде шыршалардың шамы бір мезетте жағылады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 17 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда доллар бағамы айтарлықтай төмендеді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күнделікті сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа белгіленген бағамы 514,31 теңгені құрап, 4,5 теңгеге арзандаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Қостанайда мектеп мұғалімі әріптестерінің атына несие рәсімдеген
Аталған облыстың мектептерінің бірінде мұғалім әрі кәсіподақ төрайымы әріптестерін алдаған. Нақты айтқанда, олардың атына онлайн-несиелер рәсімдеген. Іс Қостанай қаласының №2 сотында қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 17 Желтоқсан, 2025
Олжас Бектенов Президент атынан энергетика кешені қызметкерлері мен ардагерлерін марапаттады
Энергетиктер күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Президенті атынан кәсіби мерекесімен құттықтап, сала қызметкерлері мен ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2025
Ақтөбеде үйлі болуды бес жыл күткен үлескерлерге пәтер берілді
Ақтөбеде бес жылдан бері көппәтерлі тұрғын үй құрылысына қаржы салған 58 үлескердің шешілмей келе жатқан дауына нүкте қойылды. Тәуелсіздік мерекесінде облыс орталығындағы «Алтын орда» шағын ауданында ұзаққа созылған нысан «Exclusive» тұрғын үй кешенінде тұрғындарға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Желтоқсан, 2025
Шығыс Қазақстан кәсіпкерлеріне арналған «Заңгер кеңесі» жобасы іске қосылады
Бизнеске арналған жаңа ақпараттық-ағартушылық жобаны ШҚО Кәсіпкерлер палатасы іске қосады. Жобаның мақсаты – кәсіпкерлердің құқықтық сауатын ашу, өз мүдделерін уақтылы қорғауға жәрдемдесу, деп жазады Egemen.kz Атамекен ҰКП мәліметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Арыстықтар асарлатып мұқтаж отбасыға баспана салып берді
Тәуелсіздік күніне орай Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылының жастары асарлату дәстүрімен салынған жаңа баспананы Досыбаевтар әулетіне табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Желтоқсан, 2025
Фельдшер қыздың қазасына кімдер кінәлі? ІІМ тергеу барысы туралы айтты
Төтенше жағдай кезінде мерт болған фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 17 Желтоқсан, 2025
Қызылордада тұңғыш рет бір күнде үш бүйрек трансплантациясы жасалды
Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында үш науқасқа жасалған бүйрек трансплантациясы сәтті өтті. Алғашқы ота 41 жастағы әйелге жасалды. Науқастың ағасы донор болып, бүйрегін берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Семейде Қайрат Рысқұлбеков пен оны айыптаған прокурордың көшесі қиылысады
Міне, Семейде ақ боран. Мен 4-Лодочнаядан кейінгі Достоевский көшесін көктей өтіп, Гагарин көшесінен түстім. Дала боран. Ұйтқыған жел қойын-қонышыңды орайды. Семейдегі Қайрат Рысқұлбеков көшесі кілт бұрылыс болып басталады. Иә, Қайрат десе, желтоқсан, желтоқсан десе, ойымызға Қайрат Рысқұлбеков оралады. Өйткені ол 86 жылғы азаттықтың алауын мұзға жаққан мыңдаған боздақтардың бір ғана символы десе де болар. Оған қандай жала жабылып, жаза құшса, қалғандары да сондай әділетсіздіктің ақ лағы болып кете барды. Бір айналдырса, шыр айналдыратын көмескі күш оның тағдыр жолында тағы да түйісіп, көрмей кеткен көшесі қиылысады деп кім ойлаған. Бұл кездейсоқ болатын сәйкестік пе, әлде зауал ма?
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда қанша кәсіпкер әйел бар?
Астанада Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті. Жиын барысында әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту және экономиканы цифрлық трансформациялау мен жасанды интеллект технологияларын енгізу жағдайында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Осыдан 39 жыл бұрын... Желтоқсан көтерілісі – тәуелсіздіктің бастауы
Осыдан 39 жыл бұрын қазақ жастары Алматының орталық алаңына қарай беттеп бара жатты. Тұс-тұстан ағылған адамдар тобы көше қиылыстарында біріне бірі қосылып, қарақұрым халық ә дегенде-ақ жиналған еді. Олар қазақ елін қазақ басшы ғана басқаруы тиіс деп ұрандатып, Колбиннің билікке келуіне айырықша қарсылық танытты. Ал шын мәнінде бұл азаттық аңсаған, бұғаудан босап шыққысы келген халықтың жанайқайы, тұяқ серпіген тағдырлы зары еді.
Президент • 17 Желтоқсан, 2025
Президент бір топ энергетикті мемлекеттік наградалармен марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласының майталмандарын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Депутат: «Такси жүргізушісі» ұғымын заңнамалық тұрғыда бекіткен жөн
AMANAT» партиясы фракциясының Мәжілістегі жетекшісі Елнұр Бейсенбаев бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауалын Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевқа жолдады. Депутат такси жүргізушілері туралы мәселелерді көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 17 Желтоқсан, 2025
Талдықорғанда полицейлер тұрғынның 13 миллион теңгесін қайтарды
Талдықорған тұрғыны әлеуметтік желідегі жалған инвестициялық жарнаманың құрбаны болған. Алайда полицияның жедел әрекетінің арқасында алаяқтар иемденген қаражат толық көлемде қайтарылды, деп жазады Egemen.kz.