Соңғы жаңалықтар
Сұхбат • 27 Желтоқсан, 2025
Лаура САНСЫЗБАЕВА: Z ұрпақ көп нәрсеге жаңаша қарайды
Саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдай һәм технологияның дамуы әр ұрпақтың ұстанатын құндылықтары мен мінез-құлық ерекшеліктеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мәселен, қазіргі жасанды интеллект пен нейрожүйелердің өркендеген шағында дүниеге келген жастардың бұрынғы буыннан өзгешелігі көп. Кейбір дағды не қарым-қабілет бір-бірінің бойынан табылмауы да заңдылық. Ұрпақтар арасындағы мұндай алшақтықты зерттеу қаншалықты маңызды? Осы төңірегінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы талдау және коммуникация басқармасының сарапшысы Лаура САНСЫЗБАЕВАМЕН әңгімелестік.
Зерде • 27 Желтоқсан, 2025
Қазақта «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген сөз бар. Кейінгі ұрпаққа рухани қазына қалдырған Баянауыл ауданының тумасы Қадыр Баспақұлы Тайшықовтың өмір жолы мен әдеби мұраларын насихаттау – бізге жүктелген ұлы міндет.
Тағзым • 27 Желтоқсан, 2025
Биыл жазушы, халық мұрасын жинаушы Оразанбай Егеубаевтың туғанына – 90 жыл. Осыған орай Алматыда жазушы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылып, «Шетелдегі қазақ руханияты: жиналуы, жариялануы, зерттелуі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Спорт • 27 Желтоқсан, 2025
Отандық спорттың олжалы көрсеткіштері
Елордада ел спортының қорытынды жиыны өтіп, он екі айдағы орасан жетістіктер сараланды. Спорт түрлерінен түрлі додаларда мерейімізді асырған майталмандарға лайықты құрмет көрсетілді. Саңлақтарға «Үздік – 2025» марапаты берілді.
Ғалам ғажаптары • 27 Желтоқсан, 2025
Қазіргі цифрлық әлемнің негізін қалаған тұлғалардың бірі Алан Тьюринг. Ғалымның еңбектерінде бүгінгі компьютер, алгоритм, жасанды интеллект ұғымдары алғаш рет қарастырылған.
Руханият • 27 Желтоқсан, 2025
Астанадағы Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясы он жылдық мерейтойын атап өтті. 10 жыл ішінде өзіндік дәстүрі мен жаңашыл бағытын қалыптастырған мектептің мерейтойына мемлекет және қоғам қайраткерлері, Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшелері, астаналық білім басқармасы мен елорданың орта білім ұйымдарының басшылары және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ғалам ғажаптары • 27 Желтоқсан, 2025
Хелен Келлердің тағдыры адам рухының қаншалықты мықты екенін тағы бір дәлелдей түседі. Өжет жазушы бір жарым жасында ауыр дертке шалдығып, көру және есту қабілетінен айырылған. Алайда ол осының бәріне еш мойынсынған жоқ.
Басылым • 27 Желтоқсан, 2025
«Duke University» газетіндегі қазақ фольклоры туралы мақала
АҚШ-тың жетекші Дюк университетінің газеті 1957 жылы қазақ фольклоры туралы жарық көрген кітап хақында ақпарат жариялаған. Сол кезде әртүрлі баспалардан жарық көрген тарих, әдебиет, өнер, ғылым туралы кітаптарды студенттерге, оқырмандарға таныстыруды мақсат еткен бұл басылым біздің ел тарихы мен мәдениетін америкалық оқырмандарға сонау ертеден насихаттай бастаған. Мәтінде ғасырлар бойы қазақ тайпалары Орталық Азияның ұлан-ғайыр даласын мекендеп келгенін айтады. Сонымен бірге жылқы өсірумен айналысып, жауынгер әрі еркіндікке құштар бұл көшпелі халық бай әрі салыстырмалы түрде күрделі ауыз әдебиеті дәстүрінің иелері екенін жазады.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2025
Тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау құнтталды
Биылғы жыл тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында ауқымды өзгерістермен есте қалуы мүмкін. Мәселен, Қазақстан ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне «Салбурын», «Алпамыс батыр жыры», «Кесте-сюзанне», «Дәстүрлі киіз басу», «Тақия» аталымдарын ұсынды.
Басылым • 27 Желтоқсан, 2025
Жақында «Egemen Qazaqstan» газетінің ең жас тілшісі Бекзат Құлшар дайындаған «О, ғаламат!» атты жинақ жарық көрді.
Үкімет • 27 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы тапсырмаларын жүзеге асыру жайы талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Астана қаласы әкімдігінде қала активі мен елорданың Қоғамдық кеңесі мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті. Басқосуда әлеуметтік саланың жай-күйі және Мемлекет басшысының елордадағы өмір сапасын одан әрі арттыруға бағытталған тапсырмаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
Саясат • 27 Желтоқсан, 2025
«Қамқорлық» орталығының қызметімен танысты
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бір топ депутатпен бірге Астанадағы әлеуметтік нысандар – «Қамқорлық» ерте араласу және психоәлеуметтік оңалту орталықтарының қызметімен танысты. Мекеме ұжымдарымен кездесуде мүгедектігі бар балаларды оңалту, оларға қызмет көрсету және ортаға бейімдеу шараларын жетілдіру ісіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Саясат • 27 Желтоқсан, 2025
Салалық ынтымақтастық орныға түсті
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайға жұмыс сапары барысында Ханчжоу қаласында Чжэцзян провинциясы партия комитетінің хатшысы Ван Хао мырзамен, сондай-ақ Қытайдың жетекші өнеркәсіптік компанияларының басшыларымен кездесулер өткізді.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Қожаның рөлін сомдаған актер Нұрлан Сегізбаев дүниеден озды
Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист әрі кинодраматург Нұрлан Санжарұлы Сегізбаевтың өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2025
Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова жылдың үздік боксшысы атанды
World boxing ұйымы 2025 жылдың үздік боксшылары (ерлер,әйелдер) және үздік жекпе-жегін дауыс беру арқылы анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 26 Желтоқсан, 2025
Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді
Премьер-Министрдің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев электронды үкімет порталының жаңа нұсқасы дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Желтоқсан, 2025
Қырғызстанда сайлауға қатыспағандарға айыппұл салынуы мүмкін
IV Ұлттық құрылтай қорытындысын шығару барысында Садыр Жапаров Жогорку Кенеш депутаттарына азаматтардың сайлауға міндетті түрде қатысуын қарастыратын заң жобасын дайындауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 26 Желтоқсан, 2025
Пойыздар мен ұшақтарда интернет қашан пайда болады?
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жыл қорытындысына арналған брифинг барысында пойыздарда және Air Astana әуе компаниясының ұшақтарында интернет іске қосу жоспарлары туралы айтып, жобаның басталу мерзімдерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2025
Ұлттық ұлан қызметшісі Мәскеуде өткен жауынгерлік самбо лигасының жеңімпазы атанды
Мәскеу қаласындағы Халықаралық самбо орталығында 2025 жылы бесінші рет ұйымдастырылған Жауынгерлік самбо лигасының мерейтойлық турнирі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Автосалоннан көлік алған әйел 8 миллион теңгеден астам қаражатын қайтарып алды
Ақтөбе қаласының тұрғыны автосалоннан сатып алған көлігіндегі елеулі техникалық ақауларға байланысты 8 миллион теңгеден астам қаражатын қайтарып алды, деп хабарлайды Egemen.kz Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне сілтеме жасап.
Сайлау • 26 Желтоқсан, 2025
Көкпекті ауданының әкімі сайланды
«Сайлау туралы» заңға сәйкес 2025 жылдың 26 желтоқсанынан бастап Нұрбек Қошқарбаев Көкпекті ауданының әкімі болып сайланды, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 26 Желтоқсан, 2025
Ақтаулықтар қақаған қыста жылудың жоқтығына шағымданды
Ақтауда 29-шағын аудан 23 үйдің тұрғындары қазан айынан бері тоңып отырғандарын айтып, жылу беруді талап етті. Айтуларына қарағанда, пәтерлерін электр пешпен жылытуға мәжбүр, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 26 Желтоқсан, 2025
Қостанай мен Қызылорда әуежайларына айыппұл салынды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қостанай мен Қызылорда қалаларындағы әуежайларды әуе отынының бағасын негізсіз көтергені үшін жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 26 Желтоқсан, 2025
Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы аяқталды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында заманауи көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы толық аяқталды. Бүгін нысанды облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова аралап көрді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2025
Бішкекте ауыр атлетикадан қырғыз елінің мақтанышы, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы, әлемнің төрт дүркін чемпионы Қаныбек Осмоналиевтің жүлдесі үшін халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 26 Желтоқсан, 2025
Алматы тауларында үш адам жоғалды: бір адамның мәйіті табылды
26 желтоқсанда Алматы қаласы ТЖД-ның 112 пультіне әйел адамнан хабарлама келіп түсті. Оның айтуынша, ағасы екі досымен бірге 24 желтоқсан күні таңертең тауға шығып, қайтып оралмаған. Жоғалған азаматтардың ұялы телефондары 12 сағаттан астам уақыт бойы өшірулі болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Желтоқсан, 2025
ШҚО мен Абай облысындағы 6 жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды
26 желтоқсан сағат 18:00–дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыстағы 6 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 26 Желтоқсан, 2025
Президент «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы» заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2025
Үздік–2025: Дастан Сәтпаевқа «Спорттағы жыл серпіні» атағы берілді
Туризм және спорт министрлігі 2025 жылдың қорытындысы бойынша саладағы үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды, мамандарды, спорт ұйымдары мен сала өкілдерін марапаттау мақсатында «Үздік – 2025» республикалық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімін өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Ұлттық банк алаяқтардың жаңа әрекеттері туралы ескертті
Қазақстан Ұлттық банкі жалған құжаттарды пайдалана отырып жасалатын, яғни теріс пиғылды адамдардың өз «өкілеттіктерін» растау үшін «ресми бланкілердің» немесе «қызметтік куәліктердің» жалған түрлерін пайдаланатын алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткенін ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz.