П
Президент • 31 Қазан, 2023
Президентке Азия және Паразия ойындарының қорытындысы бойынша есеп берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 31 Қазан, 2023
Кім кінәлі екенін айту қиын: министр Азиаданың нәтижесі туралы айтты
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қытайда өткен Азиаданың қорытындысы туралы журналистердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Қазан, 2023
Костенко шахтасындағы апат: Жер астынан соңғы кеншінің мәйіті табылды
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов кеншілерді іздестіру жұмыстары бойынша жаңа мәліметтерді айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 31 Қазан, 2023
Лионель Месси сегізінші рет «Алтын доп» иесі атанды
Белгілі футболшы Лионель Месси бұл атақты сегізінші рет жеңіп алды. Өткен маусымда «Интер Майами» клубында ойнаған Месси 53 матчқа қатысып, 32 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді. Футболшы Аргентина құрамасы сапында да әлем чемпионы атанған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қазан, 2023
Президент Түркия Республикасын 100 жылдығымен құттықтады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Түркия Республикасының 100 жылдығына арналған қабылдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 100 жылдық мерейтоймен құттықтауын оқып берді.
Спорт • 30 Қазан, 2023
Сенат Төрағасы паралимпиада командасымен жүздесті
Сенат Төрағасы – Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия пара ойындарына қатысқан еліміздің паралимпиадалық командасымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 30 Қазан, 2023
Азия чемпионаты: Боксшы Ұлжан Сәрсенбек – финалда
Астанада бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында жастар санаты бойынша Қазақстан спортшысы финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қазан, 2023
Президент «Бәйтерек» холдингінің басшысына бірқатар міндет жүктеді
Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаровты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа холдингтің биылғы 9 айдағы қызметінің нәтижелері, соның ішінде кәсіпкерлік пен агроөнеркәсіп кешенін қолдау, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 30 Қазан, 2023
Ақтөбеде асық атудан Қазақстан кубогі өтіп жатыр
Бүгін Ақтөбе қаласында ересектер арасында ұлттық спорт – асық ату бойынша Қазақстан кубогі басталды. Дүбірлі дода 1 қарашаға дейін жалғасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қазан, 2023
Қарағандыда қаза тапқан кеншілерді жерлеу рәсімі өтеді
30, 31 қазан және 1 қараша күндері Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерді жерлеу рәсімі өтеді. Оларды соңғы сапарға туыстары мен достары шығарып салады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 30 Қазан, 2023
Елордадағы жаңа көпір көлік кептелісін азайтады
Астанада Тәуелсіздік көшесі бойында жаңа көпір бой көтерді. Енді учаскелердегі кептеліс айтарлықтай азая түседі, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Қазан, 2023
Шахтадағы апат: Лакшми Миттал қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма?
Қазақстанда «AрселорМиттал Tеміртау» (AMT) компаниясының негізгі инвесторы Лакшми Митталды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететін петицияға қол жинау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 30 Қазан, 2023
Алдағы үш күнде елдегі синоптикалық жағдай өзгереді
Синоптиктер 31 қазан мен 2 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Батыс, солтүстік және орталықта біртіндеп жылыну күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Қазан, 2023
Қазақ қызы «тарихи алтынға» қол жеткізді
Мажарстанның бас шаһары Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында каратэден Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 30 Қазан, 2023
Электрмен қамту жүйесі қала бойынша қалпына келтірілді
Төтенше жағдайлар қызметі бүкіл қала бойынша электр желісінің жұмысын қалпына келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Спорт • 30 Қазан, 2023
Азия чемпионаты: Боксшы қыздар ел үмітін ақтай ма?
Астана қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бокстан жастар санатындағы қыздар арасынан Қазақстанның 10 спортшысы жартылай финалға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2023
Костенко шахтасында 45 кеншінің мәйіті табылды
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 45 кеншінің денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасып жатыр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Қазан, 2023
Тағы бірнеше мемлекет басшылары қазақ халқына көңіл айтты
Қарағанды облысындағы шахтада болған апатқа байланысты телефон қоңыраулары мен көңіл айту жеделхаттары түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Қазан, 2023
Иранның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан халқына көңіл айтты
Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Қазақстан халқына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қазан, 2023
Шахтадағы апат: Тағы бірнеше адамның денесі табылды
Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 42 адамның денесі табылды, 4 кеншіні іздеу жалғасып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қазан, 2023
Костенко шахтасында зардап шеккен екі кенші үйлеріне оралады
Костенко шахтасында зардап шеккен кеншілер ем алуын жалғастырып жатыр. Мандандырылған медициналық топтар олардың жағдайын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Екі пациентті жақын арада үйіне шығаруға дайындап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Қазан, 2023
Мұншама қайғының орнын толтыру мүмкін емес – Тоқтар Әубәкіров
Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров «АрселорМитталТеміртау» компаниясына қарасты Костенко шахтасында болған алапат апатқа байланысты қарағандылықтарға көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қазан, 2023
ДДҰ басшысы көз жұмған кеншілердің жақындарына көңіл айтты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Қарағанды облысындағы шахтада болған апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2023
Қарағандыдағы апат: Тағы бір кеншінің денесі табылды
Сағат 10:00-де мәлім болған дерекке сәйкес, Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан 36 кеншінің көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 29 Қазан, 2023
«Шахтер» мен «Астана» арасындағы ойын көрерменсіз өтеді
2023 жылғы Қазақстан чемпионатының соңғы турында «Шахтер» мен «Астана» арасындағы ойын көрерменсіз өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 29 Қазан, 2023
Қазақстан Азия Пара ойындарында нешінші орын алғаны белгілі болды
Қазақстан Ханчжоу-2022 IV Азия Пара ойындарын аяқтады. Байрақты бәсекеде 131 атлетіміз спорттың 14 түрінен қатысып, 8 «алтын», 12 «күміс» және 21 «қола» медальмен командалық есепте 11 орынға тұрақтады. Жарыста спортышларымыз 3 Азия және 4 Азия Пара ойындарының рекордын орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz Спорт және туризм министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 29 Қазан, 2023
Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 35-ке жетті
Қазіргі уақытта 35 адамның мәйіті табылды, оның 29-ы жер астынан шығарылды, 11 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қазан, 2023
Қаза тапқан кеншілердің есімдері белгілі болды
Костенко атындағы шахтаның директоры қаза болған кеншілердің есімдерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қазан, 2023
Ертең Turkistan Marathon 2023 өтпейтін болды
Қазақстанда аза тұту күні жариялануына байланысты «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры 29 қазанда Түркістанда өтуі тиіс Turkistan Marathon 2023 өтпейтінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Қазан, 2023
Премьер-министр: Апат себептерін жан-жақты тергеп, кінәлілерді анықтаймыз
Премьер-министр Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында болған өрттің себептерін тергеу және зардаптарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.