арба
Аймақтар • 26 Маусым, 2020
Бердібек Сапарбаев шаруаларды жерді тиімді пайдалануға шақырды
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданына жұмыс сапары аясында Бесағаш, Ақбұлым және Қызылқайнар ауылдық округтеріндегі бірқатар негізгі нысандарды аралап, ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру бойынша пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты, - деп хабарлады облыстың баспасөз қызметі.
Технология • 26 Маусым, 2020
"Siri" мен "Alexa" қазақша сөйлей бастайды
Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының ғалымдары сөз тану және сөз синтезі технологияларын қазақ тілінде қолдану үшін қазақ тіліндегі дауыстық деректерді жинауды бастады, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Ұлттық ұлан жас сарбаздары Отан алдында Ант берді
Әскери ант қабылдау - Отаныңа, халқыңа ақтық демің шыққанша адал болу, ел басына сын сағат түссе, онда мойымай көтеру, қажет болса, жан қию деген сөз, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Елбасы • 22 Маусым, 2020
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында Өзбекстан Президенті Елбасына тезірек коронавирус сырқатынан сауығып, бауырлас Қазақстан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне оралуына тілектестік білдірді. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Алматының орталық көшелері жексенбі сайын жаяу жүргіншілер жолына айналады
Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған соң уақытша жаяу жүретін аймақтар құру жөніндегі қанатқақты жобаның қолға алынатынын хабарлады, - деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Маусым, 2020
Петропавлда Ұлттық Ұлан институты 20-шы түлектерін ұшырды
Осыдан 24 жыл бұрын Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаев ашқан Ұлттық Ұланның әскери институты бүгін 20-шы мерейтойлық шығарылымын жасады. Карантидік режімнің талаптары сақталып, оған алғаш рет жас лейтенанттардың ата-аналары қатыстырылмады. Дипломдарды салтанатты түрде тапсыру кезінде де санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталып, қол алысылмады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2020
Ұлттық ұлан жас сарбаздары Отан алдында Ант берді
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөліміне әскери борышын өтеуге келген 200-ге жуық сарбаз бабаларымыздан аманат ретінде мұра боп қалған Қазақстанның ұлан-байтақ жері мен елін ақтық демі қалғанша қорғауға салтанатты түрде ант берді. Ант рәсімінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру мәртебесі үздік жас сарбаз Сүлейменов Ыдырыс Әбубәкірұлына берілді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Маусым, 2020
Сенат Төрағасы Елбасына Үндеу жолдады
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Үндеуінде өзінің және Сенаттың атынан Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Шымкентте волонтерлерге Елбасының Алғыс хаты табысталды
Бүгін қала күніне орай Шымкент қаласының әкімі, Nur Otan партиясы қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов конференциялық байланыс арқылы волонтерлерді құттықтап, "Birgemiz" республикалық акциясына белсенді қатысқандарды Тұңғыш Президент − Елбасының Алғыс хатымен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 19 Маусым, 2020
Кәсіпқой бокс: Абай Төлеш Сапарбай Айдаровпен жұдырықтасады
18 шілдеде Алматыда MTK Global компаниясының ұйымдастыруымен өтетін кәсіпқой бокс кешінде күш сынасатын тағы бір жұп анықталды, - деп жазады Egemen.kz
Президент • 19 Маусым, 2020
Елбасына Режеп Тайип Ердоған жеделхат жіберді
Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған жеделхатында Тұңғыш Президент − Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Бұл туралы Elbasy.kz сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Президент • 19 Маусым, 2020
"Біз Сізбен қашан да біргеміз!": Шигео Катсу Елбасына хат жолдады
Nazarbayev University Президенті Шигео Катсу Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа университет және "Júsan" компаниялар тобы атынан хат жолдады. Хатта Елбасына зор денсаулық, қажымас күш-қуат және тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 19 Маусым, 2020
Өзбекстан Президенті Елбасының сауығып кетуін тіледі
Шавкат Мирзиёев Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдады. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.
Президент • 18 Маусым, 2020
Елбасы Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
Әңгіме барысында Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Елбасына тез арада сауығып кетуін және қазақ халқының игілігі үшін таяу арада күнделікті жұмысына оралуын тіледі. Бұл туралы Elbasy.kz сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Елбасы • 18 Маусым, 2020
Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілейміз - түркиялық саясаткер
Түркиялық саясаткер, İYI партиясының жетекшісі Мерал Акшенер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Елбасы • 18 Маусым, 2020
Бауыржан Байбек: Елбасының бұл сынақты да жеңіл еңсеретініне толық сенімдімін
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Елбасының бұл сынақты да жеңіл еңсеретініне сенім білдірді, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 18 Маусым, 2020
Елбасының сауығып кетуін тілеймін - Абзал Сапарбекұлы
Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Жамбыл облысында еңбек қатынастары қалай қалыптасқан?
Жамбыл облысының әкімдігінде бүгінде өңірдегі еңбек қатынастарының қалай қалыптасып отырғандығы жөнінде мәселе қаралды. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Досаевтың айтуынша, осы кезеңде 3262 жұмыскер ақысыз, 10904 жұмыскер ақылы еңбек демалысына жіберілген екен. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай әлі толық тұрақтанбағандықтан, 10904 адам қашықтықтан, 4109 адам толық емес жұмыс режімінде еңбек етуге мәжбүр болып отыр. Бұл ретте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев дәл қазіргі шақта еңбеккер құқығының қорғалуы қатаң қадағалауда болуы тиіс екенін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Маусым, 2020
Еріктілер Елбасының алғыс хатын алды
"Nur Otan" партиясының Орталық аппаратында коронавируспен күрес жағдайында мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету бойынша "Biz Birgemiz" республикалық акциясына қатысқан ең белсенді волонтерлар еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хаттармен марапатталды. Бұл туралы "Nur Otan" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Жамбыл облысында бірнеше ауылға ауыз су мен газ жетеді
Бүгінде Жамбыл облысының тұрғындарын ауызсу және газбен қамту өзекті мәселелердің бірі. Аталған мәселеге орай, облыстық әкімдікте жиын өтіп, ауыз су және газ тарту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz