ем
Қоғам • 01 Сәуір, 2021
Үкімет мониторинг топтарының жұмысын ретке келтіруі тиіс - Мемлекет басшысы
Үкімет мониторинг топтарының жұмысын ретке келтіруі тиіс. Бұл туралы коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 01 Сәуір, 2021
Жедел жәрдем дәрігерлерінің қолында сәби өмірге келді
Бүгін Алматының жедел жәрдем көлігінде сәби дүниеге келді. Таңғы 4:33 шамасында жедел жәрдем көмегіне жүгінген әйелдің толғағы үдеп, босануға дайындала бастаған. Пациентті жедел түрде Перинаталдық орталыққа жеткізу керек болса да, жарық дүниеге асыққан нәрестенің өз жоспары бар екен. Айы-күні жетіп толғағы басталған ана перзентханаға жетпей, фельдшерлердің көмегімен жедел жәрдем көлігінде босанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Сәуір, 2021
Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?
12-17 сәуір аралығында Алматыда күрес түрлерінен Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Бұл жарыста сары құрлықтың барлық мықты командалары бақ сынайды деп күтілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2021
Жыл басынан бері Петропавлда мәжбүрлеп емделуге 23 адам жіберілді
Жыл басынан бері Петропавлда ащы судың буымен 53 қылмыс жасалған, оның ішінде денсаулыққа зиян келтірудің барлық жағдайлары орын алған. Артық ішілген алкоголь отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын зорлық-зомбылық фактілерінің негізгі себепшісі болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 01 Сәуір, 2021
Сенатор жеміс бақтарын құтқару үшін биопрепараттардың сериялық өндірісін жолға қоюды талап етті
Депутат Сұлтан Дүйсембинов Үкімет басшысынының орынбасарлары Ералы Тоғжанов пен Роман Склярға жолдаған сауалында қазақстандық бау-бақшаға, ұлттық мақтанышымыз болып табылатын «алматылық апортқа» ерекше қауіп төндіріп отырған бактериялық күйік қатері туралы дабыл қақты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 01 Сәуір, 2021
Сенатор мемлекеттік аппараттың жұмысын сынға алды
Сенатор Қанатбек Сафинов мемлекеттік органдарды шенеуніктердің өз функцияларын беруге асықпағаны үшін сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 01 Сәуір, 2021
Президент коронавирусқа қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді
Бүгін түстен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 31 Наурыз, 2021
Президент онлайн форматта өткен ТМЫК бейресми саммитіне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ұсынысын қабыл алып, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысуға келісім берген Мемлекет басшыларына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан • 31 Наурыз, 2021
Бүгін Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтеді
Бүгін, яғни, 31 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де онлайн форматта Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2021
Семейде 100 млн теңгеден астам марихуана мен гашиш тәркіленді
Семей қаласының тұрғынынан 153 келі марихуана мен 10 келі гашиш тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлем • 29 Наурыз, 2021
COVID-19: Әлемдегі ахуал тұрақсыз
Маусым айының соңына дейін Ұлыбританияның бүкіл әлеммен көлік байланысын қалпына келтіруі екіталай. Шетелде демалғысы келетін британдықтарға тамыз айына дейін мұндай мүмкіндік болмауы мүмкін.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2021
Өскеменде ер адамды ток соғып қайтыс болды
Өскеменде ер адамды ток соғып қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 29 Наурыз, 2021
Елімізде 788 адам коронавирустан жазылып шықты
Қазақстанда 788 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 26 Наурыз, 2021
Түркия Президенті Түркі академиясының бюджетіне қатысты маңызды құжатқа қол қойды
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркия, Әзербайжан, Қазақстан және Қырғызстан мүше мемлекеттер болып табылатын Халықаралық Түркі академиясы бюджетіне міндетті жарналардың шәкілі туралы хаттамаға қол қойды. Бұл туралы Түркияның «Ресми» газеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Наурыз, 2021
Қазақстан чемпионатында әскери бағдарлаушылардың қоржыны 16 медальмен толықты
Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушылары Щучинск қаласында өткен шаңғымен спорттық бағдарлаудан ел біріншілігінде жеті алтын, алты күміс пен үш қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Наурыз, 2021
ЕАЭО елдерінің азаматтарына МӘСҚ-тан 580 млн теңге төлем жасалды
2020 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2,3 мыңға жуық азаматы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалпы сомасы 588,3 млн теңгеге әлеуметтік төлемдер алды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Наурыз, 2021
Журналистерге дөрекі мінез танытқан мемқызметкер ескерту алды
«Хабар 24» телеарнасының тілшілеріне дөрекі мінез танытқан шенеунік ескерту алды, деп хабарлайды Egemen.kz арнаның сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 25 Наурыз, 2021
Ұлыбританиялықтарға шетелде демалуға тыйым салынды
Ұлыбритания үкіметі індеттің жаппай таралуына байланысты ел тұрғындарына 29 наурыздан бастап шетелде демалуға тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 25 Наурыз, 2021
Мемлекеттік сараптама жыл басынан бері 552 жобаны қарады
Мемлекеттік сараптама жыл басынан бері 552 жобаны қарады. Бұл туралы Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 25 Наурыз, 2021
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды
2021 жылғы қаңтардан ақпанға дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 45,6 млрд теңгеге орта есеппен 433,6 мың отбасы қамтылды. 2021 жылғы ақпанда жәрдемақының бұл түрін 436,9 мың отбасы жалпы сомасы 23,1 млрд теңгеге алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Наурыз, 2021
Пандемия сақтандыру саласының портфелін әртараптандырды
2020 жылдан бері сақтандыру компанияларының порфелі әртараптандырылып, қосымша қызмет көрсету бағыттары пайда бола бастады, деп жазады Egemen.kz Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы таратқан дерекке сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Наурыз, 2021
Немеремен байланыс әйелдердің өмірін ұзартады екен
Ғасырлар тезінен өткен қазақтың отбасылық институты құндылықтарына батыс елдері енді ден қоя бастағандай. Бірақ бізге қарапайым болып көрінген тасқа басылмаса да санамызда мөрленіп қалған заңдылықтардан батыс елдері хабарсыз тәрізді. Себебі Recreo Viral басылымы наурыз айындағы шығарылымында жасы жетпісті алқымдап қалған әйелдерге «немерелеріңізді күтуден шаршамаңыздар, бұл тек көтеріңкі көңіл-күй ғана емес, денсаулықтарыңызды жақсартып, өмірлеріңізді 10 жылға ұзартады» деп ақылын айтыпты, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 23 Наурыз, 2021
Алматыда телемедицина және жедел жәрдем қызметі оңтайландырылды
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров COVID-19 жұқтырған адамдарға медициналық көмек көрсету және олардың жағдайын бақылау алгоритмін іске асыруды қамтамасыз ететін бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды Egemen.kz
Видео • 21 Наурыз, 2021
Egemen Qazaqstan газетіндегі наурыз нақыштары
Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Egemen Qazaqstan газеті редакциясының қызметкерлері жұмыс барысында ұлттық киіммен жүріп, барша қазақстандықтарды құттықтады.
Коронавирус • 19 Наурыз, 2021
Өткен тәулікте коронавирустан жазылғандар саны белгілі болды
Қазақстанда өткен тәулікте 749 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Наурыз, 2021
Түркі академиясының басшысы қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесті
Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі жыл басы – әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен және өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Egemen.kz Түркі академиясының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Спорт • 18 Наурыз, 2021
Самусев пен Жәнібекуулу арасында өтетін айқасқа аз күн қалды
NAIZA Fighting Championship промоушенінің уақытша чемпионы атағы үшін қазақстандық файтер Николай Самусев пен қырғыз батыры Қаныбек Жәнібек уулу арасындағы кездесу миксфайттың жанкүйерлері арасында дау-дамай мен тартысты өрбітуді жалғастыруда. Жанкүйерлер, спорт сарапшылары, кәсіби жауынгерлер – бүкіл ММА қауымдастығы NFC 30 басты оқиғасын асыға күтуде, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 17 Наурыз, 2021
Вице-министр мүгедектігі бар балалардың ата-аналарымен кездесті
Бірқатар қоғамдық ұйымның бастамасымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтің мүгедектігі бар балалардың аналарымен кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараға Парламент депутаттары Берік Әбдіғалиұлы мен Елнұр Бейсенбаев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Наурыз, 2021
Еліміздегі қанша туристік аймаққа балалар билеті тегін болады?
Еліміздегі 10 туристік аймаққа ұшатын рейстерге балалар билеті тегін болады, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 17 Наурыз, 2021
Алматыда садақ атудан ел үздіктері анықталады
Алматы қаласында садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.