ек
Қоғам • 27 Қараша, 2023
Фамилиясы – Герой. Автобус жолаушыларын апаттан құтқарған оқушы кім?
Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны, № 24 лицейдің 8-сынып оқушысы Ақжол Герой есінен танып қалған жүргізушіге алдымен көмекке келіп, автобусты тоқтатып, көпшіліктің алғысына кенелді. Жасөспірімнің батылдығын үлгі еткен аудан әкімдігі ноутбук берсе, Алматы облысының басшысы соңғы үлгідегі IPhone 15 смартфонын сыйға тарту етті. Бейбіт күннің батыр баласына айналған Геройдың немересі кім?
Әлем • 27 Қараша, 2023
Әнші Jah Khalib-тің Өзбекстандағы концертінде жаппай төбелес болды
Қазақстандық рэпер Jah Khalib атымен танымал Бақтияр Мамедовтің Өзбекстандағы концертінде жаппай тәртіпсіздік болды. Концерт күні Ташкенттегі Humo Arena спорт кешеніне мыңдаған адам жиналып, ішке кіру қиынға соққан, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 27 Қараша, 2023
Қазақ-өзбек теміржол байланысы нығая түспек
Түркістан облысында ұзындығы 152 км болатын Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Қараша, 2023
«Ауруханада қалсам бола ма?». Жеті жасар қыз отбасындағы соққыдан кейін үйіне қайтқысы келмеген
Астанада жеті жасар қызды ата-анасы үнемі ұрып келген, салдарынан жеткіншек ауруханаға түсті. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Қараша, 2023
Белгілі әнші Ақжол Мейірбеков өмірден озды
Белгілі әнші, «Дос-Мұқасан» ансамблінің солисі Ақжол Мейірбеков өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қараша, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев СПЕКА саммитіне қатысты
Мемлекет басшысы, ең алдымен, Саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтып, Орталық Азия елдері басшылары мен жиынға қатысушы құрметті қонақтарға ілтипат білдірді, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Парламент • 24 Қараша, 2023
Сенаторлар аграрлық ғылымды дамыту саласындағы мәселелерді талқылады
Парламент Сенатында «Аграрлық ғылымды дамытудағы және агроөнеркәсіптік кешен үшін мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы Үкімет сағаты өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Қараша, 2023
Қазақстан уақытша бітім жасау келісімін қолдайды
Беларусь астанасы Минск қаласында өтіп жатқан ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан уақытша бітім жасау туралы соңғы келісімді құптайтынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Қараша, 2023
Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамда өткен сессиясына қатысты
Жиынға Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Қараша, 2023
Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталды
Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталды. Атап айтар болсақ, олар Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 23 Қараша, 2023
Футболдан Қазақстан құрамасы 7 жаңа рекорд жасады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде өз тарихымызда болмаған 7 рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Қараша, 2023
«Маған ешқандай боксшының шамасы жетпейді». Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
20 жасында әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста да өз биігіне шығуды көздейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Қараша, 2023
Астана мектептерінде ауа райына байланысты сабақ қысқартылды
Астанада көктайғақ пен қатты желдің салдарынан мектептердегі сабақ қысқартылды, деп хабарлайды Egemen.kz білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Қараша, 2023
Үй алу кезегінде тұрғандардың қатары жыл сайын 50 мың адамға артады – депутат
Елімізде 550 мыңнан астам азамат тұрғын үй алу кезегінде тұр. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Руслан Берденов Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа сауал жолдап, тізімде тұрған тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың мәселесі қалай шешілетінін сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қараша, 2023
Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады
Бұдан былай «Отбасы банкі» базасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Мәжіліс депутаттары тұрғын үй саясатын реформалаудың мәселелері бойынша енгізген түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мереке • 22 Қараша, 2023
Қазақстан халқы желтоқсан айында неше күн демалады?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі желтоқсан айындағы және жаңа жыл мерекесіндегі демалыс күндерін түсіндіріп берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қараша, 2023
232 мың мың адам үй кезегінен сызылады – министр
Бүгін Мәжіліс отырысына баяндама жасауға келген Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың арасынан 232 мың адам тізімнен шығарылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 22 Қараша, 2023
Грекия мен Қазақстан арасындағы матч Афинада өтеді
Грекия мен Қазақстан құрамалары 2024 жылдың 21 наурызында Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалдық кезеңінде ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Экономика • 21 Қараша, 2023
2024 жылы ең төменгі жалақы, зейнетақы, АЕК қанша болады?
Үкімет «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында 2024 жылға арналған жаңа ең төменгі жалақыны, зейнетақыны, айлық есептік көрсеткіштерді және қазақстандықтарға төлемдер мен өсімпұлдарды есептеуге қажетті басқа да көрсеткіштерді белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Қараша, 2023
Газа секторындағы соғыс: ХАМАС Израильмен бітім басталғанын мәлімдеді
Палестиналық Хамас қозғалысы Газа секторындағы қақтығысты тоқтату үшін Израильмен келісім басталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Қараша, 2023
Ресейде 35 өзбекстандық төбелес шығарды
Bugun.uz сайтының мәліметінше, Мәскеудегі Свиблово ауданындағы құрылыс алаңында 35 өзбекстандық асханаға кезекке тұрғанда жанжалдасып қалып, айқай-шу соңы төбелеске ұласқан, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 20 Қараша, 2023
Елорда мектептерінде ыстық тамақ қымбаттайды
Астана мектептеріндегі балаларды тамақтандыру құны 700 теңгеге дейін өседі. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек бизнес өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 20 Қараша, 2023
Қазақстанда екі жаңа кәсіби мереке пайда болды
2023 жылғы 17 қарашадағы бұйрығымен Еңбек министрлігі кәсіби мерекелер тізбесіне тиісті өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2023
Полицейлер екі зейнеткерді өртенген үйден алып шықты
Петропавл қаласының полиция қызметкерлері өрт шыққан үйден екі зейнеткерді құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бокс • 19 Қараша, 2023
Айбек Оралбай Сағындық Тоғамбайдан басым түсті
Елордада бокстан өтіп жатқан жазғы Спартакиада ойындарында 92 кг дәрежеде Айбек Оралбай Сағындық Тоғамбайдан басым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Қараша, 2023
UFC-ге үміткер: Бекзат Алмахан қарсыласын нокаутқа жіберді
Танымал аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан (16-1) Octagon турнирінде бразилиялық қарсыласын нокаутқа жіберді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Қараша, 2023
Алтыннан алты әлем чемпионы да дәмелі
Елордада бокстан өтіп жатқан VI жазғы Спартакиаданың жартылай финалдық айқасы өтті. Төрт жылда бір рет өтетін додаға қатысушылар арасына биыл алты бірдей әлем чемпионы қосылып, барлығы да финалға жетті.
Спорт • 18 Қараша, 2023
Әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов өзінен 15 жас кіші қарсыласын айқын ұтты
Астанада бокстан VІ жазғы Спартакиаданың жартылай финалдық айқасы өтіп жатыр. 48 келі салмақта әлем чемпионы, әскерилер арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы, Азия чемпионатының екі дүркін чемпионы, Қазақстан чемпионатының алты дүркін жеңімпазы Теміртас Жүсіпов финалға шықты.
Қоғам • 18 Қараша, 2023
Полиция қызметкері 84 жастағы зейнеткерді көл ортасынан алып шықты
Қостанай облысында учаскелік полиция инспекторы 84 жастағы зейнеткерді көлден құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 17 Қараша, 2023
Қазақ боксшысының жекпе-жегін Майк Тайсон арнайы тамашалайды
Өзбекстанның Ташкент қаласында бүгін WBC конвенциясының қорытынды кеші өтеді. Салтанатты іс-шараның құрметті қонақтарының арасында америкалық боксшы әйгілі Майк Тайсон да бар, деп хабарлайды Egemen.kz.