Соңғы жаңалықтар
Руханият • 13 Желтоқсан, 2025
Биыл Оңтүстік өңірінің халқы тарихшы, аудармашы, жазушы Дулат Тұрантегінің 90 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті. Мерекелік іс-шара көзі тірісінде негізін қалап, он үш жыл алғашқы директоры болған Сұлтанбек Қожанов атындағы өлкетану мұражайында арнайы мүйістің ашылуымен басталды. Мәдениет үйінде Дулат Тұрантегінің қайраткерлік және шығармашылық еңбегіне арналған кең көлемді мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков, Дулат ағаның көзін көрген, қызметтес болған азаматтар мен шәкірттері ұзақ жыл үйінде жинаған мол кітап қорын аудандық орталықтандырылған кітапханаға алдырып, «Дулат Тұрантегі атындағы оқу залын» ашу, өмірінің соңында жазып кеткен Созақ өңірінің тарихи энциклопедиясын ауданның 100 жылдығы қарсаңында жарыққа шығару мәселесін орынды көтерді.
Білім • 13 Желтоқсан, 2025
Әдеби оқулардың мазмұны өзгерсе...
Соңғы жылдары мектеп оқушыларына арналған түрлі байқау көбейді. Өзі бір жылда 170 күн сабақ болса, соның біразы олимпиада, сайыс, конкурсқа кететінін көріп жүрміз.
Шаруашылық • 13 Желтоқсан, 2025
Мал өнімін дайындауға басымдық берілсе...
Шалғай елді мекендерден қалаға дейін жететін азық-түлік пен мал шикізаттары өнімін дайындау мекемелерін қалыптастыру – ауыл тіршілігін заманға сай қайта құру деген сөз. Үкімет осы міндетті ойдағыдай шешсе, ішкі миграцияны реттеу, шекаралық өңірлердің босап қалуын тоқтату және еліміздің ұлттық ерекшеліктері мен жер ресурстарын пайдалану жайын ескере отырып, агроиндустрияны қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктеріне ие болады.
Экономика • 13 Желтоқсан, 2025
Инвестициялық жобаларды еселеген өңір
Жетісу облысы 2023–2024 жылдары жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі жөнінен өзге өңірлерден үздік шықты. Былтырғы қорытындыда өнім көлемі 2,2 трлн теңгеге жетіп, 14,8%-ға ұлғайды. Биылғы жылдың соңында жалпы өңірлік өнім 2,7 трлн теңгеге жетпекші. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Бейбіт Исабаев аймақтың ахуалын жан-жақты баяндады.
Медицина • 13 Желтоқсан, 2025
Ертіс-Баян өңірінде орфан ауруына шалдыққандар қатары көбейген. Дәрігерлер мұны диагностиканың жақсаруымен, тіркеу жүйесінің кеңеюімен байланыстырады.
Саясат • 13 Желтоқсан, 2025
БҰҰ-ның үш талабы және Қазақстанның интеграциялық бастамалары
Бүгінде Ауған мәселесі әлі де әлем назарында тұр. Қуантарлығы, ақыры билікті қолына алған тәлібтер халқын қан қақсатқан қарулы қақтығыстарымен емес, бейбіт өмірге, тыныш заманға ұмтылған гуманитарлық қадамдарымен жаһанға ұнай бастады. Ашық дипломатиясыз, алыс-беріссіз алға жылжу екіталай екенін түсінген олар алыс-жақын көршілерімен араласуға кірісті. Бұл ретте БҰҰ бастамалары аясында Қазақстан да ауған елінің аяққа тұрып, экономикасының күш алуына барынша үлес қосып отыр.
Білім • 13 Желтоқсан, 2025
Әсел Абдурахимова небәрі жеті жасынан әлемнің барлық астанасын білетін. Ал тоғызға толғанда француз тілін өздігінен үйрене бастаған.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2025
Түркі халықтарының ортақ құқықтық мұрасы
Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Ұлы дала философиясы және құқықтық мәдениет» халықаралық симпозиумы өтті. Түркі әлемінің көне құқықтық дәстүрлері, билер институтының тәжірибесі, дала өркениетінің ар-ождан мен әділетке негізделген құқықтық мәдениеті және Ахмет Ясауи ілімінің қазіргі заң жүйесіне әсерін жан-жақты қарастыру басты мақсаты болған халықаралық симпозиумға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан елдерінің белгілі ғалымдары мен құқық саласының мамандары қатысты.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2025
Шымкент қаласында бүгінде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде ешқандай мәселе жоқ. Барлық емхана, ауруханалар мемлекеттен қажетті дәрілер мен медициналық бұйымдарды алып отыр. Бұл туралы №6 емханада өткен арнайы іс-шара барысында «СҚ-Фармация» ЖШС-нің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің басшысы Ұлжан Нұғманова айтып берді.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2025
Желтоқсан ерлеріне ерекше құрмет
Алматы шаһары үшін Тәуелсіздік мерекесінің орны қашан да ерекше. Елдігімізге бастау болған мереке қарсаңында жыл сайын қала жастары мен қонақтары Желтоқсан қаһармандарына тағзым етіп, еске алу іс-шаралары өтіп жатады.
Білім • 13 Желтоқсан, 2025
Қауіпсіздік сабағы не үйретеді?
Былтырғы оқу жылынан бастап білім беру ұйымдарында жаңа сабақ енгізілген болатын. «Жеке қауіпсіздік» деп аталатын сабақта балабақша тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне не оқытылады? Екінші жыл қатарынан өткізіліп жатыр, нәтиже қандай?
Ғылым • 13 Желтоқсан, 2025
Ғалымдарды қолдау қай деңгейде?
Бір кездері, дәлірек айтсақ, осыдан 6 жыл бұрын «Қазақ ғылымы қашан жасарады?» деп мақала жазған едік. Сол кезде елімізде 35 жасқа дейінгі зерттеу бағытында жүрген жастардың үлесі небәрі 32 пайыз екенін, өйткені кешенді қолдаудың кемшін болып тұрғанын мәселе қылып көтергенбіз. Үкіметтің дерегіне қарағанда, бүгінде бұл көрсеткіш 46 пайызға жетіпті. Нәтижеге қайтіп қол жеткіздік? Жалпы отандық ғылымды қалай қолдап жүрміз? Ғалымдардың, соның ішінде жас ғалымдардың ғылымға келуіне қандай жағдай жасалып жатыр?
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2025
Шаруаларды сарсаңға түсірген лизинг
«Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы алдымен фермерлерді, елдегі ауыл шаруашылығын қолдауға арналғаны белгілі. Бірақ бағдарламаға өтінім қабылдау басталғалы жеткізушілер ауыл техникаларының бағасын бірден қымбаттата бастаған. Ол ол ма, лизинг алушыларға белгілі бір көлік түрін нақты өндірушілерден ғана сатып алуға мәжбүрлеп, құқын шектеген.
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2025
Былтыр еліміз орта держава атанды. Әлемдік саяси ұйымдардың зерттеулерінде Орталық Азиядағы алғашқы ірі, ықпалды, тәуелсіз, экономикалық көрсеткіші жоғары жалғыз мемлекет ретінде танылды. Сарапшылар биыл да Қазақстан осы мәртебесін тиісті дәрежеде атқарып отырғанын айтады. Бұл – әрине, отыз жылдан аса уақыт бұрын құрылған тәуелсіз елдің айтулы жетістігі. Еліміз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында күрделі геосаяси жағдай мен шектеулі экономикалық мүмкіндіктер секілді көптеген сын-қатермен бетпе-бет келді. Жаңа республика өте қиын әлеуметтік-демографиялық жағдайға тап болды. Қазақ мемлекеті осының барлығын еңсеріп, бүгінде орта держава атанып отыр.
Саясат • 13 Желтоқсан, 2025
Ашхабад форумы: Ауызбірлікті нығайтатын ауқымды диалог
Ашхабад сапары аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басқа да мемлекеттер басшыларымен бірге Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды. Бұл кешен Түрікменстанның бейбітшілік пен жасампаздық ұстанымына бейіл екенін көрсетеді. Осы күні Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты.
Саясат • 13 Желтоқсан, 2025
Елдегі реформаларды таныстырды
Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Ватиканға жұмыс сапары аясында Егеменді Мальта Орденінің Ұлы Магистрі Фра Джон Тимоти Данлаппен, сондай-ақ Ұлы Канцлері Риккардо ди Монтекупомен кездесті. Онда ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланып, көпжақты байланыстарды кеңейту келешегі белгіленді. Бұған қоса, бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты пікір алмасты.
Ғылым • 13 Желтоқсан, 2025
Ұлт тарихы – халық рухын, тарихи зердені, қасиетті дәстүрді, отаншыл сезімді қалыптастыратын үлкен күш. Осы ретте тарихи құбылыстарды күрделілігімен, сан қырлы сипат-көріністерімен, қисапсыз қайшылықтарымен, ерекшеліктерімен сабақтастыра саралау, нақты деректерге жүгіне отырып, шынайылығы мен жаңалығын айқындау, логикалық мазмұнын, тарихи алғышарттарын, мәтін мәнісін, мұрағат құпиясын тексеріп-талдау – ғалымның ғылыми шығармашылық еңбегі деуге болады.
Саясат • 13 Желтоқсан, 2025
Өткізу пункттеріндегі заманауи цифрлық өзгерістер
Елімізде қайта жаңғыртылған екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді. Оның бірі – Өзбекстанмен шекарада орналасқан «Қазығұрт» болса, екіншісі – Түрікменстанмен шекарада орналасқан «Темір баба» пункті.
Білім • 13 Желтоқсан, 2025
Геометрия – математикалық білімнің негізі
Біраздан бері орта білім жүйесінде бірқатар пәндерді біріктіріп оқыту туралы айтылып келеді. Алгебра мен геометрияны – «математика», химия, физика, биология – «жаратылыстану ғылымдары», дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін «әлеуметтік ғылымдар» пәніне біріктіру көзделген. Қазіргі таңда мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты апробациядан өтіп жатыр. Жақында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова пәндерді біріктіріп оқытуды қайта қарауды қажет ететінін әрі мақсаты мен тақырыбы бөлек пәндердің әрқайсысын жеке пән ретінде дербес оқыту туралы айтқан-ды.
Медицина • 13 Желтоқсан, 2025
Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі
Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты отандық медицинадағы кезекте межені бағындырып, екі науқасқа соңғы шыққан үш камералы кардиостимуляторлар орнату операциясын сәтті атқарып шықты.
Тұлға • 13 Желтоқсан, 2025
Нұртас Оңдасынұлы Түркістан ауданына қарасты Үшқайық ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Нұрмұхаммед. Қазақ салтымен жеңгелері «Нұртас» деп атаған екен. Кейін төлқұжатқа да солай жазылып кеткен.
Өнер • 13 Желтоқсан, 2025
Кескіндемеші Болат Тұрғынбайдың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығы Ташкенттегі өнер академиясында оқыған жездесінің туындыларын көрген кезде оянған-ды. Небәрі төрт-бес жастағы бала соған еліктеп, қиялынан туған суреттерді қағаз бетіне түсіре бастады. Осылай Болаттың «суретші боламын» деген арманына қанат бітті.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2025
Көп мақтаған көпірдің халі мүшкіл
Өткен жылдың бел ортасында «Аса жұрты аңсаған аспалы көпір салынды» деп жергілікті билік те, тілшілер қауымы да алаулатып, жалаулатып еді. Өңір басшысы Ербол Қарашөкеев арнайы барып көрген аспалы көпірдің жыл өткен соң халі мүшкіл болады деп кім ойлаған? Қомақты қаражат жұмсалған нысанның қазіргі жағдайы жан ауыртып тұр.
Ғалам ғажаптары • 13 Желтоқсан, 2025
Калифорния университетінің ғалымдары әзірлеген «Polaris» атты хирург робот жүйесі алғаш рет 10 науқасқа катарактаны алып тастау операциясын сәтті орындады.
Мирас • 13 Желтоқсан, 2025
Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында қазақы тазыға арналған құм қоян бойынша аңшылық сынақ өтті. Дала жағдайында 15 тазы өздерінің жылдамдығын, төзімділігін, иіс сезгіштігін, аңшылық шеберлігін көрсетті.
Бокс • 13 Желтоқсан, 2025
Әлем чемпионатынан – алты медаль
Дубайда (БАӘ) ерлер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне таяды. Төрткүл дүниеден жиналған былғары қолғап шеберлері бәйгесі қомақты доданың жүлделері үшін тартысқа түсіп жатыр. Бүгін финалдық жекпе-жектер өтеді.
Ғалам ғажаптары • 13 Желтоқсан, 2025
Норвегия елдің батыс жағалауындағы жол қатынасын өзгерту мақсатында әлемдегі ең ұзын әрі ең терең суасты автокөлік туннелін салып жатыр.
Руханият • 13 Желтоқсан, 2025
Қазақ ұлттық өнер университетінде фольклорлық орталықтың ашылғанына да біршама уақыт өтіпті. Базаралы Мүптекеев басшылық жасаған жылдары көп жұмыстың басын қайырып еді. Базекең компьютерде тапжылмай ұзақ отыратын. Сыртынан қарап «балбал тас» деп қалжыңдайтындар да болыпты. Өзінің өмір бойы экспедиция сапарларынан жинаған материалдарын өңдеп, құнды деп тапқандарын ұрпақ игілігіне жаратамын деп жүретін. Сол Базекеңмен әріптес болдық.
Тағзым • 13 Желтоқсан, 2025
Көз ілестірмей перне қуалатып, дауыс тудыратын саусақ деп ойлайсыз ба? Кеудедегі рух пен жүректің қуаты сияқты біздіңше. Күй аңызына айналған «Салтанаттың» авторы Төлеген Момбековті көргендер анандай томпиған саусақтарымен апырай осыншама ғажайып күй төгеді деп ешкім ойлай қоймас деседі. Сол Төлеген Момбековтің алдынан күй үйреніп, тәлімін алған шертпе күйдің шебері, ұстаз Рымхан Әбілханұлын еске алу кешінде оның күйшілігі мен кісілігі туралы көкейге қонарлық әңгіме көп айтылды.
Футбол • 13 Желтоқсан, 2025
Астана қаласында 11 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында футболдан «Astana Cup-2025» халықаралық турнирі өтті. Додада Тбилисидің «Динамо», Бакудің «Қарабах», Ташкенттің «Пахтакор», Душанбенің «Динамо», Бішкектің «Абдыш-Ата», Мәскеудің «Спартак» командалары, еліміздің әр өңірінен келген 16 команда өзара бақ сынады.