Соңғы жаңалықтар
Басылым • 10 Желтоқсан, 2025
Астанадан шалғайдағы ақындардың үні елордадан естіле бастады. Әдебиет пен кітапқа бетбұрыстың бір белгісі шығар, аймақтарда сөз ұстап, жырдың туын құлатпай жүрген ақын-жазушылардың кітаптары мемлекеттік тапсырыспен шығып, таныстырылымы Ұлттық академиялық кітапханада өтіп жатқаны.
Руханият • 10 Желтоқсан, 2025
Төмендегі оңды жаңалықты оқырманға ұсынбас бұрын, осыдан төрт жыл бұрынғы оқиғаға ораламыз. 2001 жылы Жетісу өңіріндегі «Арқарлы асуынан табылған петроглифтер қиратылып жатыр» деген мәселе көтеріліп, бұған қоғам белсенділері де араласып, көне жазбалар қорғау ісі Үкіметтік деңгейде шешімін тапқан болатын. Осылайша, жекеменшіктің қолындағы жерден табылған Арқарлы жазбалары шаруашылық жұмыстары кезінде жойылып кетуден аман қалғаны есімізде.
Руханият • 10 Желтоқсан, 2025
Сыр бойы – ежелден ұлт руханиятының қазыналы шаңырағы. Сонау көне дәуірден бастап бұл өлкені даналыққа құштар жандар мекендеді. Ұлы даланың дана қариясы Қорқыт та, Желмаясымен Жерұйықты іздеген Асан қайғы да, кешегі күллі қазаққа жыр маржанын төккен ақын-жыраулар да осы киелі жерден қанаттанып, өмірде өшпес із қалдырды. Сол ұлы көштің жалғасы ретінде ел еркіндігіне өлшеусіз қызмет еткен ұланның бірі – Досмұхамед Кішібекұлы еді.
Білім • 10 Желтоқсан, 2025
Алматы облысы кейінгі жылдары білім, ғылым, өнер және спорт салаларында ел бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Республикалық және халықаралық олимпиадалардағы жүлделі орындар, үздік университеттерге қабылданған түлектер санының артуы – осы ойымызға дәлел.
Экономика • 10 Желтоқсан, 2025
25 мың орындық стадионның құрылысы басталды
Семей – қазақ футболының отаны. Олай дейтініміз, 1913–1914 жылдары қалада алғашқы клубтар – «Олимп», «Ласточка», «Орлята», семинаристердің «Жарыс» («Ярыш») клубы құрылды. Соның құрамында жас талап Мұхтар Әуезов те өнер көрсеткені белгілі. Енді, міне, бір ғасырдан кейін сол тарихи қалада 25 мың орындық жаңа стадион салынатын болды.
Ғалам ғажаптары • 10 Желтоқсан, 2025
Физиктердің арасында «бір бөлшектің барлық қасиетін бір уақытта бақылауға бола ма?» деген сұрақ көп жылдан бері талқыланып келе жатыр. Эйнштейн бұған «мүмкін» десе, Бор «квант әлемі ондайға рұқсат бермейді» деген тұжырым айтқан.
Өнер • 10 Желтоқсан, 2025
Қазақ музыкасының жаһандық қуаты
Әлем музыкасында Димаш Құдайберген есімі ерекше құрметпен айтылады. Оның дауысы – құбылыс, шығармашылығы – қайталанбас ізденіс, сахнадағы әрбір сәті – тыңдарманға рухани күш сыйлайтын өнер мерекесі. 2025 жыл Димаштың жанкүйерлері үшін тарихи кезең болды. «Stranger World Tour» тек концерттік сапар ғана емес, қазақ өнерінің жаһан сахнасындағы абыройы мен беделіне айналды. Күні кеше ғана Димаш Құдайберген Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM) тарапынан Жаһандық ізгі ниет елшісі мәртебесіне иеленгені және бар.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2025
Еуразиялық логистикалық парк ашылды
Алматы облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізі бойында жаңа Еуразиялық логистикалық парк ашылды. Құлжа тасжолына жақын орналасқан нысан өңірдің «Шығыс қақпасы» инфрақұрылымдық аймағына кіріп, Алматы мен облыстың кеңістіктік дамуындағы маңызды логистикалық хабқа айналады.
Спорт • 10 Желтоқсан, 2025
Таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлем чемпионатында тағы бір саңлағымыз Батырхан Төлеуғали жаһан үздігі атанды. Кенияның Найроби қаласын дүбірге бөлеген әлем чемпионатында жерлесіміз 87 кг салмақта сынға түсті. Соңғы айқаста ирандық Мохаммед Ализаданы айқын жеңді. Бұған дейін Бейбарыс Қабылан (+87 кг) әлем чемпионы атанса, Тамерлан Тілеулес (63 кг) қола медаль еншілеген болатын.
Ғалам ғажаптары • 10 Желтоқсан, 2025
Қарапайым студент Росс Ульбрихт – даркнет тарихындағы ең танымал адамдардың бірі. Себебі ол тауарсыз интернет дүкенін ашқан.
Бокс • 10 Желтоқсан, 2025
Қаржысы қомақты әлем чемпионаты
Дубай қаласында бокстан ерлер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. IBA ұйымы ұйымдастырған әлемдік доданың жүлде қоры – 8 млн доллар. Бұған дейін әуесқой бокстан өткен жаһандық додаға мұндай сомада қаражат бөлінген емес.
Өнер • 10 Желтоқсан, 2025
Ұстазға арналған классикалық ән кеші
Қызылордадағы Өнер орталығында ұлағатты ұстаз, белгілі әнші Перуза Арғынбаеваны еске алуға арналған классикалық ән кеші өтті. Өңір руханиятында өшпес із қалдырған өнер иесінің шығармашылық мұрасы ұлықталған кеште сахнаға талантты әнші Әйгерім Алтынбек бастаған шәкірттері шықты.
Спорт • 10 Желтоқсан, 2025
Жасөспірімдер ел намысын қорғайды
10–13 желтоқсан аралығында Дубай қаласында тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған жасөспірімдер арасында V Азия пара ойындары өтеді.
Мирас • 10 Желтоқсан, 2025
Түз бүркітін қолға түсірудің бір әдісі – жұтпа тұзақ. Бұны құсбегілер «жемтұзақ» деп те айтады.
Театр • 10 Желтоқсан, 2025
Қуыршақтар жансыз дүние деп кім айтты? Олар кейде адам жүрегінің айқайын, жанның ең терең тылсымын, тіпті сөзбен айтып жеткізе алмайтын күйзелісті де әйгілеуге қауқарлы. Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры көрерменге дәл осындай рухани салмағы зор, ой тереңіне жетелейтін ерекше қойылым – «Мен кіммін?» спектаклінің премьерасын ұсынды.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2025
Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы «Өнер додасы» байқауын ұйымдастырды.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Қонаев қаласында халықаралық мүгедектер күніне орай дойбы мен тоғызқұмалақтан облыстық турнир өтті. Жарысқа Алматы облысының 8 өңірінен тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру қабілеті төмен спортшылар қатысты. Турнир екі жас санаты бойынша жастар және ересектер арасында ұйымдастырылды.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Табылды аманаттаған «Сәйгүлік»
Көзден кеткенімен, көңілден өшпейтін, есімі ел есінде жатталған жанның бірі – Табылды Досымов. Таудай тұлғалы талант орындайтын әндерінің сөзін де, музыкасын да өзі жазды. Қазір кіндік кескен, өскен, өркен жайған мекені – Индербор кентінде еңселі ескерткіші тұр (авторы Бақытбек Мұхаметжан).
Форум • 10 Желтоқсан, 2025
Білім жүйесінде жемқорлыққа жол жоқ
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай Maqsut Narikbayev University-де өткен Академиялық адалдық лигасының «Адал білім – адал ұрпақ» білім беру жүйесінде академиялық адалдықты ілгерілету жөніндегі республикалық форумында мектеп, колледж, жоғары оқу орындарындағы ашықтық мәселесі кеңінен қозғалды.
Экономика • 10 Желтоқсан, 2025
Аграрлық салаға серпін берудің үлгісі
Түркістан облысы биылғы 10 айдың қорытындысында 114,8% экономикалық өсімге қол жеткізді. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуда көш бастап, инвестиция тартуда алдыңғы қатарда тұрған өңірдің экономикалық-әлеуметтік ахуалы жақсарып келеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Нұралхан Көшеров атқарылған жұмыстарды жан-жақты баяндады.
Ауа райы • 10 Желтоқсан, 2025
Қазгидромет: 10 желтоқсанда бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады
Қазгидромет 10 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
2026 жылы жол ережесін бұзғаны үшін төленетін айыппұлдар қалай өседі?
Қазақстанда 2026 жылы жол жүрісі ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар өседі. Бұл АЕК мөлшерінің ұлғаюымен тікелей байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 09 Желтоқсан, 2025
Павлодар өңірінде 500 ер адам әскерден жалтарып жүр
Әскерге шақыру комиссиясы оларға іздеу жариялаған. Жалтарған ер азаматтардың жартысына жуығы облыс орталығында тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2025
Түркістан облысының әкімі 100 млн теңгенің бейнеролигіне қатысты пікірін айтты
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстан тарихы туралы 100 млн теңгеге түсірілетін видеороликке қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, «Ұлы Дала елі» орталығында көрсетілетін 3D-форматтағы роликтің өндірісі осындай қаржыландыруды қажет етеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2025
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» елордада «Олимпиакосқа» есе жіберді
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің алтыншы турында алматылық «Қайрат» елордада Грекияның «Олимпиакос» (Пирей) командасымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 09 Желтоқсан, 2025
Петропавлда ұры сауда үйін тонап, өртеп кеткен
Петропавлдағы «Галактика» сауда үйінде таңғы сағат бес кезінде өрт шығып, ол электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған шығар деген болжам жасалған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 09 Желтоқсан, 2025
Елімізде тұңғыш рет solveathon өтті
Shakarim University-де Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, AI-Sana ұлттық бағдарламасы аясында «AI-Sana Shakarim Solveathon: AI&Agriculture-2025» атты ірі технологиялық солватон өтті. Бұл – жасанды интеллект негізіндегі цифрлық және агротехнологиялық шешімдерді әзірлеуге бағытталған ауқымды іс-шаралардың бірі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 09 Желтоқсан, 2025
Үш жүзден астам шетелдік инвестор мен бизнес өкілдері жиналды
Алматы облысында халықаралық Alatau Investment Forum 2025 өтті. Форумға көрші мемлекеттерден 300-ден астам инвестор мен бизнес өкілі қатысып, нәтижесінде жалпы құны 776 млрд теңгеден асатын 16 меморандумға қол қойылды. Бұл өңірдің Қазақстандағы жетекші инвестициялық орталықтардың бірі екенін тағы дәлелдеді, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 09 Желтоқсан, 2025
Түркістандағы 9 млрд теңгеге салынып бітпеген жағажайға тағы 5 млн доллар бөлінбек
Түркістан облысында бұдан бұрын 9 млрд теңге жұмсалған жағажайды абаттандыру жобасын аяқтау үшін тағы 5 млн доллар инвестиция тартылмақ. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 09 Желтоқсан, 2025
Керекуде 15 кітаптың тұсаукесері өтеді
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» жобасы аясында жарық көрген 15 кітаптың тұсауы Павлодар қаласында кесіледі, деп жазады Egemen.kz.